Репродуктивті технология. Жасанды ұрықтандыру. Қазақ тілі, 9 сынып, презентация.


ОТБАСЫН ЖОСПАРЛАУ. КОНТРАЦЕПЦИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІ.

.

Отбасын жоспарлау.

ДДҰ сарапшы – мамандарының анықтамасы бойынша, «Отбасын жоспарлау» термині арқылы «жеке тұлғалар не ерлі–зайыпты жұптарға белгілі бір нәтижелерге жетуге көмек беруді мақсат ететін іс–әрекеттер түрлері аталады:

 

● қаланылмаған (қажетсіз) екіқабаттықты болдырмау;

● дүниеге өзі ұнатқан балаларды әкелу;

● екіқабаттықтар арасындағы уақыт аралығын реттеу;

● ата – аналар өмір жасына тәуелді түрде бала туу уақытын таңдауды өз бақылауында ұстау және отбасындағы бала санын белгілеу. »

Контрацепцияның әдістері.

Қазіргі күні контрацепцияның келесі тәсілдері қолданылады:

дәстүрлі (кедергі қоятын, химиялық, биологиялық, үзілген жыныстық қатынас);

заманауи (гормоналдық контрацепция, жатыр ішілік контрацепция);

қайтымсыз контрацепция – хирургиялық стерилдеу не ұрықсыздандыру (жатыр түтіктерін байлап тастау).

Контрацепция тәсілін таңдау

Контрацепция тәсілін таңдау келесідей басты факторларды есепке ала отырып жүргізілуі керек:

1) тиімділік,

2) қолайлылық,

3) қауіпсіздік,

4) емдік нәтиже беруі мүмкін әдістің бейконтрацептивтік қасиеттері ,

5) жанама (қосалқы) реакциялар дамуының мүмкіндігі,

6) қажетсіз (қалаулы емес) екіқабаттық болға қалған жайттағы қатердің дәрежесі,

7) бала көтеру қабілетін қалпына келтіру,

8) болашақ екіқабаттықтарды жоспарлау.

Контрацепцияның биологиялық тәсілдері

ДДҰ анықтамасы бойынша, фертильділікті (ұрпақты болу қабілеттілігін) бақылауда ұстау тәсілі – ондай кезеңдерде әйел мерзімді абстиненция (тартыну) не екіқабаттықтың алдын алудың басқа әдістеріне арқа сүйейтін – етеккір циклінің қауіпті күндерін анықтау көмегі арқылы екіқабаттықты жоспарлау не оның алдын алу тәсілі болып табылады.

 

Бүгінгі күні фертильділікті (ұрпақты болу қабілеттілігін) бақылауда ұстаудың төрт тәсілі қолданылады: күнтізбелік не ырғақты, температуралық, симптотермалдық әдіс пен цервикалдық шырыш әдісі.

Контрацепцияның биологиялық тәсілдері

Күнтізбелік (ырғақтық) тәсіл

мұның мәнісі овуляцияның болжаулы күндерін есептеп табу әрі қатерлі күндері жыныстық қатынастар жасаудан бой тежеп, тартынуға келіп саяды.

Қолдану жөніндегі нұсқаулық :

Етеккір күнтізбесі жүргізіледі

ең қысқа әрі ең ұзақ циклдер анықталады

фертильділік (ұрпақты болу қабілеттілігі) интервалы есептеп табылады (Фертильділік кезеңінің басы ең қысқа циклден 18 – ді алып тастау арқылы, ал соңы – ең ұзақ циклден 11 – ді алып тастау арқылы анықталады).

Мысал:

Қысқа цикл – 28 күн, ұзақ цикл – 30 күн.

Фертильділік кезеңінің басы – циклдің 28-18=10-ы күні.

Соңы – циклдің 30-11=19-ы күні.

Яғни, 10 –ы күн мен 19 –ы күн аралығында ұрықтану орын алуы мүмкін және осыбір күндері контрацепцияның кедергілік тәсілдерін қолдану не жыныстық қатынастар жасаудан бой тежеп, тартыну қажет.

Ретсіз түрде келетін етеккір циклі жайтында контрацепцияның күнтізбелік тәсілі тиімсіз болып табылады.

Контрацепцияның биологиялық тәсілдері

Температуралық әдіс

Күнделікті оны өлшеу арқылы дененің негіздік ((базальдық) температурасының көтерілуі уақытын анықтауға негізделген.

Етеккір циклінің басынан бастап одан кейін іле – шала қатарынан келетін үш күн ішінде оның негіздік температурасы артқанға дейінгі кезең қауіпті деп есептеледі.

Цервикалдық тәсіл

– бұл мойынша шырышының сипатының өзгерістері бойынша қауіпті күндерді анықтау тәсілі:

«Құрғақ» күндер. Шырыш мүлде жоқ не өте аз, ал қынап – құрғақ.

Бірер уақыт өткен соң желім консистенциясы бар шырыш пайда болады. Егер бұл овуляцияның басталуына дейін аз мерзім қалғанда байқалса онда қауіп артады.

«Қауіпті» күндер. Шырыш мөлдірленеді, жұмыртқа ақуызына ұқсап өте қоюланады.

Қынап – өте ылғалды, іш киімде кірлі дақтар пайда болады. Бұл күндерде контрацепцияның кедергілік тәсілін қолдану не жыныстық қатынастардан мүлде бас тарту міндетті түрде қажет.

Кедергілік контрацепция

бұл баланы көтеруден қорғанудың аталық ұрықтың аналық клеткамен кездесуіне мүмкіндік бермейтін механикалық кедергі қоюға негізделген бір тәсілі. Кедергілік контрацепция, оның үстіне, қажетсіз екіқабаттықты ғана емес, ЖЖБИ – ды жұқтырудың да алдын алады.

Кедергілік контрацепция түрлері

Шәуеттің қынап іші не жатыр қуысына енуіне кедергі:

 

механикалық жолмен (презервативтер, қынап диафрагмалары және қалпақшалар)

химиялық жолмен (спермицидтерді қолдану)

құрамдастырылған жолмен – бұл екі тәсілді үйлестіру арқылы, мәселен, спермицидтерді диафрагмалармен, презервативтермен, қалпақшалармен және т.б. қабаттастыру.

Ерлерге арналған механикалық кедергілік құралдар

▪ Оларға презервативтер (кондомдар) жатады. Олар өлшемі, сырт пішіні, қалыңдығы, сыртқы беті, түсі бойынша бір – бірінен ерекшеленеді әрі латекстен не басқа материалдан даярлануы мүмкін; арнайы майлайтын материалмен (любрикант) бірге не онсыз өндіріледі.

Екіқабаттықтың алдын алудың тиімділігі

▪ Презервативтердің бала көтеруден қорғау тиімділігі 87 мен 98% арасында болады. Егер презерватив дұрыс жолмен және әр жыныстық қатынас үшін қолданылса, онда бір жыл ішінде жасалған 100 жыныстық қатынас себебінен тек екі әйел ғана екіқабат болады.

▪ Егер пайдалану қателері жіберілсе (мысалы, дұрыстап кимеу), онда оның тиімділігі төменгі шекарада болады – 87%.

▪ Презервативті кәдімгі тұрмыстық ахуалда қолдану барысында бір жыл ішінде жасалған жыныстық қатынас барысында 100 әйелдің ішінен екіқабат болатындар саны 4– тен бастап 15 әйел арасында болады.

Әйелдерге арналған контрацепцияның кедергілік тәсіодері

Контрацепцияның әйелдерге арналған әдістері ерлерге арналғанмен салыстырғанда айтарлықтай көбірек, оларға келесілер жатады:

▪ әйел презервативтері (кондомдар);

▪ қынап диафрагмалары;

▪ мойынша қалпақшалары;

вагинальдық (қынаптық) сорғыштар.

Әйел мүшеқабы (презервативі)

Әйел презервативі екі жақ басында жұмсақ сақиналары бар полиуретаннан жасалған жұқа қап болып табылады. Полиуретанмен жабылған бір сақина жатыр мойыншасына кигізіледі әрі тіреуіш ретінде қызмет етеді. Екінші, ашық, өлшемі үлкен сақина қынаптың сыртына орналастырылады да жыныстық қатынас барысында бұт (адамның көтен саңылауы мен жыныстық мүшесі арасындағы жер) пен жыныстық еріндерді жауып тұрады.

Бүгінгі күні әйел презервативі АИТВ – ны қоса алғанда ЖЖБИ – дің алдын алудың ең озат тәсілі деп саналады.

Қынаптық диафрагмалар

Диафрагма жұмсақ, резинадан істелген, жалпақ тостағанша болып табылады, ол қынап ішіне ендіріліп, жатыр мойыншасын жауып тұрады.

Қынаптық диафрагмалар

Спермицидтер мойынша бағытына қарата тостағанша ішіне салынады да сперматозоидтарды өлтіруі не қимылсыз қалдыруы арқылы екіқабаттықтың алдын алады. Дұрыс орналастырылған диафрагма екіқабаттықтың алдын алады әрі, соз бен хламидиозды қоса алғанда, кей ЖЖБИ жайттарында, сонымен қатар, кіші жамбастағы қабыну процестері мен жатыр мойыншасының дисплазиясы жайтында қорғаушы ретінде әрекет етеді.

Тиімділігі - 80%.

Мойын қалпақшасы

Мойыншаның қалпақшасы резинадан істелген қалпақша не кремнийорганикалық қалпақша болып табылады, ол спермицидтік крем не гельмен бірге жатыр мойыншасына кигізіледі. .

Тиімділігі – 70% - 80%

 

Олар АИТВ – ні қоса алғанда, ЖЖБИ – ден қорғамайды.

Контрацептивтік тығын

(сорғыш, анжы)

Контрацептивтік тығын – бұл қынапқа енгізілген сорғыш болып табылады әрі ол сперматозоидтардың жатыр қуысына енуінің алдын алады, 24 сағат әрекет етеді.

Жанама әсері – тітіркену, инфекциялар.

 

Тиімділігі 85%.

Контрацептивтік тығын

(сорғыш, анжы)

Артықшылықтары – диафрагма тәрізді, кедергілік әрі химиялық қорғаныстарды үйлестіреді, себебі спермицидтермен қанықтырылған, алайда оларды пайдалану қалпақша не диафрагманы пайдаланудан жеңілірек.

 

Теріс тұстары - жыныстық қатынастан кейін қынап ішінде 2–3 сағаттан артық уақыт қалмауы тиіс.

Химиялық контрацепция.

Спермицидтер

Заманауи спермицидтер екі компоненттен құралады : сперматозоидты өлтіретін химиялық заттан әрі негіз деп аталатын нәрседен. Бір де бір аталық ұрықтың (сперматозоид) спермицидті ингредиентпен кездесуден құтыла алмауы үшін тасымалдаушы химиялық заттың қынап ішінде еруіне және оны орнында ұстап тұруға жауапты болады .

Сонымен қатар, көпіріп кететін құралдар үшін негіз, ұрық пен жатыр мойыншасының арасындағы жанасуды азайта отырып, заттай кедергі жасайды.

Спермицидтер

Спермицидтерді презервативтермен, диафрагмамен, мойынша қалпақшаларымен әрі дербес түрде пайдалануға болады. Спермицидтерді қынап ішіне жыныстық актіге дейін 10–15 минут бұрын ендіреді . Бір жыныстық қатынас үшін бұл дәрі–дәрмекті бір рет ендіру жеткілікті.

Әрбір келесі жыныстық қатынас үшін спермицидті қосымша ендіреді.

Спермицидтерді презервативтермен бірге пайдаланғанда контрацептивтік әсер әлдеқайда артады.

Спермицидтерді крем, гельдер, көпіршіктер, майшамдар (шырағдандар), тоңбалар (желе), паста, дәрі түрінде өндіреді.

Гормоналдық контрацепция

Гормоналдық контрацептивтер құрамы мен қолдану әдістемесіне қарай келесі түрлерге бөлінеді:

1. құрамдастырылған бала көтертпейтін дәрілер;

2. тазапрогестиндік дәрілер (мини – домалақ дәрілер)

3. ұзартылған инъекциялық дәрі–дәрмектер;

4. посткоитальдық (жыныстық қатынастан кейін қолданылар) дәрі–дәрмектер

5. тері асты имплантанттары

6. гестагендерді бөлетін вагинальдық ные сақиналар,

7. бала көтертпейтін жабыстырғыштар.

Құрамдастырылған бала көтертпейтін дәрілер

Бұлар жоғары сенімділігі, іс–әрекетінің қайтымдылығы, қабылдауға жеңілдігі себебінен ең көп таралған болып табылады.

Бала көтертпейтін дәрілер үш басты түрге бөлінеді:

 

1. құрамында эстроген мен гестагеннің тұрақты дозасы бар монофазалық (Диане 35, Жанин, Логест)

2. екіфазалық, бұлардағы әуелгі 10 дәріде эстроген болады, ал қалған 11 дәрі құрамдастырылған болып табылады, яғни, құрамында эстроген де, гестаген де болады (Антеовин, Би Новум, Дивина).

3. үшфазалық дәрілерде сатылы түрде артатын гормондар дозасы болады (Логинон, Синфазе, Триаден, Тризистон, Триквилар, ТриЛеулен)

Ауызбен ішілетін құрамдастырылған контрацептивтердің әрекет механизмі

- овуляцияны (аналық клетканың пісіп – жетілуі мен бөлінуі) жаныштайды

– жатыр мойыншасындағы шырыштың қоюлануына жәрдем береді, осы арқылы оның өн – бойымен аталық ұрықтардың өтуін мүмкін емес етеді

жатырдың шырышты қабықшасын өзгертіп, ұрықтандырылған аналық клеткасының оған жабысуын мүмкін емес етеді

– жатыр түтіктеріндегі аталық ұрықтардың қозғалу қабілетін азайтады

Бұл факторлардың барлығының үйлесуі ауыз арқылы қабылданатын құрамдастырылған контрацептивтерді қажетсіз екіқабаттықтың алдын алудың ең тиімді тәсілі етеді.

Мини- домалақ дәрілер

«Мини- домалақ дәрілерде» (МД) прогестагендердің тек микродозалары ғана болады.

МД –ың контрацептивтік әсерінің механизмі бірнеше факторлардан құралады:

 

«мойынша факторы» – МД –ың әсерінен мойыншадағы шырыштың көлемі азаяды, оның тұтқырлығы артады, бұл аталық ұрықтардың қозғалу белсенділігін төмендетуді қамтамасыз етеді;

 

«жатыр факторы» – МД –ың қолданылуы эндометриядағы өзгерістерге әкеледі, бұл имплантация процесіне кедергі жасайды;

«түтік факторы» – МД жатыр түтігі бойынша аналық клетканың жылжуын баяулатады;

 

«орталық фактор» – пациент әйелдердің 50% – нда МД овуляцияны жаныштайды.

Инъекциялық дәрі -дәрмектер

Көрсетімдер (әдісті қолдану қажет болатын жайттар):

 – ауызбен ішілетін контрацептивтерді күнделікті қабылдаудың мүмкін болмауы;

– кеш өсімпаздық жасы (35 жастан үлкен),

лактациялық кезең (бала туғаннан кейін 6 апта),

эстрогендерді тағайындауға болмайтынын дәлелдейтін белгілердің бар болуы (сыртқы жыныстық мүшелердің кей аурулары не анамнезде эстрогенге тәуелді асқынулардың болуы),

– аборттан кейін жеткілікті уақыт өтпеген кезеңдегі контрацепция.

Тәсілдің артықшылықтары:

▪ бала көтертпейтін әсері жоғары

▪ қолдануға оңай әрі құпияда ұстауға болады

▪ Кей гинекологиялық ауруларды емдеуі (мысалы, эндометриоз, қан көп бөлінетін етеккірлер, адамды қиналтатын етеккірлер, жатыр миомасы және т.б.).

Жедел әсер ететін контрацепция

Мұның әсері мұндай дәрмектің жатыр бетінің құрылымының өзін өзгертетініне және ұрықтандырылған аналық клетканың енуіне кедергі келтіретініне негізделген. Егер бала біту дегенмен де орын ала қалған жайтта, жедел әсер ететін контрацепция «аборт» типі бойынша әрекет етеді. Тиімділігі – шамамен 95%.

Бүгінгі күні фармацевтикалық нарықта гинекологтар оларды қолдануға кеңес беретін екі дәрі бар – «Постинор» мен «Эскапел». Алайда, бұларды ТЕК ең төтенше жайттарда ғана пайдалану дұрыс, себебі олар етеккір циклін бұзады, зат алмасу процесіне ықпал етеді.

Тері асты контрацептивтік имплантанттары

Тері асты имплантанттары бойында бір гормоны бар, ұзындығы шамамен 4 см болатын шағын капсулалар не пластинкашалар болып табылады. Капсулалар бірте–бірте гормонды әйел организміне бөледі, оның тұрақты әсерінен жатыр мойыншасындағы шырыш қоюланады да аталық ұрықтардың жатыр қуысы мен одан әрмен жатыр түтіктеріне енуіне бөгет болады, ал бұл екіқабат болуды мүмкін емес етеді.

Гормоналдық контрацепцияның бұл түрі мұның алдында айтылғандардан организмде белгілі бір мерзімге бала көтертпейтін дәрінің депосы жасалуымен ерекшеленеді.

Трансдермалдық контрацептивтік жабыстырғыштар

Гормоналдық контрацепцияның жаңа түрі контрацептивтік жабыстырғыш болып табылады, ол бала көтертпейтін дәрінің тиімділігі мен жабыстырғыштың қолайлылығын өз бойына жинақтаған.

Контрацептивтік жабыстырғыш гормоналдық контрацепцияның ұзаққа созылатын түріне жатады әрі гормондар берілуінің тең қалыптылығын қамтамасыз етеді. Гормондар әрекеті овуляцияның алдын алуға және фолликулдың дамуын жаныштауға келіп саяды.

Жатыр ішілік контрацепция

Бүгінгі күнгі жатыр ішілік құралдар көмегімен (ЖІҚ) екіқабаттықтан дүние жүзі бойынша 70 млн. – нан астам әйел алдын ала сақтанады.

Контрацепцияның хирургиялық тәсілдері

Әйелді стерилдеу

не ұрықсыздандыру.

Тәсілдің оң тұстары: бұл контрацепцияның тұрақты әдісі, сондықтан басқа әдістерді қатарластыра қолдану қажетсіз.

Тәсілдің теріс тұстары:

– Қайтымсыз,

– Ұрықсыздандыру жыныстық жолмен берілетін инфекциялардан қорғамайды, сондықтан ондай қатер болса, онда презервативті қолдану керек.

Бұл мұның барысында жатыр түтіктерінің өткізгіштігіне бөгет жасалып тасталатын әйелдерге арналған жалғыз тұрақты контрацепция тәсілі. Ұрықсыздандыру операциядан кейін дереу басталады. Етеккір циклі әдетте бұзылмайды, дегенмен кейде бөлінетін қан мөлшерінің артуы байқалады.

Контрацепцияның хирургиялық тәсілдері

Ерлерді стерилдеу не ұрықсыздандыру.

Ерлерді ұрықсыздандыру – бұл хирургиялық процедура болып табылады, оны жүргізу барысында ұрықты шығару арнасы бітеліп, бекітіледі және осының салдарынан аталық ұрықтардың эякулятқа түсуі болдырылмайды. Екіқабат болу жайттары: 400– ден 1..

Қара пунктирмен ұрықты шығару арналарын байлап тастайтын жер белгіленген.

ЖАСӨСПІРІМДІК КОНТРАЦЕПЦИЯ ПРИНЦИПТЕРІ :

1. Жоғары тиімділік (сенімділігі).

2. Контрацептивтердің қолжетімділігі (дәріханаларда болуы, бағасының қолжетімділігі, пайдалануының қарапайымдығы мен қолайлылығы).

3. Қауіпсіздік (денсаулыққа зиянды болмауымен анықталады).

4. Қайтымдылық (тәсілдің күші жойылған соң екіқабат болу қабілеті қалпына келеді).

5. Әр адам үшін дербес пайдалану жолы (қолдануға жарамайтын ахуалдар мен аурулардың болуы – болмауын, әлеуметтік факторларды, өмірлік жоспарларды, жасөспірімнің контрацепия дегенге қарым – қатынасын, жүріс–тұрысты, жаман әдеттерді есепке алуды алдын ала қарастырады).

- кеңес берілмейді

+ қолдануға болады

++ кеңес беріледі

ҚАК - құрамдастырылған ауызбен ішілетін контрацептивтер

ТПК - таза прогестинді контрацептивтер

ӘСД - әсері ұзаққа созылатын дәрілер

ЖІҚ - жатыр ішілік құралдар

КК - кедергілік контрацептивтер

ОЖТТ - отбасын жоспарлаудың табиғи тәсілдері

ХС – хирургиялық стерилдеу не ұрықсыздандыру.

Қорытынды

Қажетсіз екіқабаттықтың алдын алудың әр түрлі тәсілдері бар. Алайда, барлық әйелдерге бірдей кемел түрде толықтай лайықты деп атауға тұрарлық әдіс деген өмірде болмайды. Әр тәсілдің өз артықшылықтары мен осал тұстары, жанама әсері мен бұл тәсілді қолдануға болмайтын ерекше жайттары болады. Сондықтан, контрацепция тәсілін адамның жеке басының қажеттіліктері, жыныстық белсенділігі мен денсаулығының ахуалына орай таңдаған дұрыс. Ең лайықты контрацепция тәсілін таңдауға дәрігер – гинеколог көмектесе алады. Әр түрлі тәсілдердің бар екеніне қарамастан, олардың бір де бірі қажетсіз екіқабаттықтан 100% – ық қорғануды қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан, олардың алдын алудың жалғыз жолы – жыныстық өмірден толықтай бой тарту (тартыну).



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу