Репродуктивті технология. Жасанды ұрықтандыру. Қазақ тілі, 9 сынып, презентация.
Жоспарланбаған екіқабаттылық.. Жасанды түсік салдары.
Әр адам бақытты, отбасылы және балалы болуды қалайды. Әр әйел ана болуға ұмтылады. Екіқабаттық жоспарланған болуы, ал туған бала қалаулы және сүйікті болуы керек.
Бұл күмәнсіз шындық болып табылады. Алайда мәселенің қарапайымдығы мен түсініктілігіне, сонымен қатар, медицинаның контрацепция саласындағы заманауи жетістіктеріне қарамастан, жоспарланбаған екіқабаттық айтарлықтай жиі болып қалып отыр. Себептер көп, дегенмен, көбінесе мұндай себептерге келесі жатады: ● контрацепция жөніндегі шаралардың болмауы; ● бейлайықты, бейтиісті контрацепция (биологиялық әдіс, үзілген жыныстық акт т.б.);● контрацепциялық сәтсіздіктер (тіпті заманауи құралдар қолданылса да);● контрацепцияны қолданудың мүмкін болмауы.Екіқабаттықтың белгілері
етеккір келуінің себепсіз бөгелуі не бөлінетін нәрсенің төтенше түрде азаюы;
сүт бездерінің ауруы және өсуі;
жүрек айнуы, құсу әрі, өткір иістерді жаратпау;
кіші дәретке жиі бару;
ас ішуде тәбеттің өзгеруі, тәбеттің күшеюі не әлсіреуі;
көңіл – күйдің құбылуы, жылауға бейім тұру, ашуланшақтық;
салмақ қосу, іштің ұлғаюы;
жамбастың кеңеюі;
ұйқышылдық, енжарлық, ылғи шаршап жүру;
беттегі қоңыр дақтар;
беттегі,буындардағы және табандардағы ісінулер.
ЕКІҚАБАТТЫҚ ТУРАЛЫ
ЖАЛҒАН ӘҢГІМЕЛЕРбірінші жыныстық қатынастан соң не сирек жасалатын жыныстық қатынастардан соң іле – шала екіқабат болуы мүмкін емес;
он сегіз жасқа дейін екіқабат болуы мүмкін емес;
тұрып тұрған күйі жыныстық қатынас жасау барысында екіқабат болуы мүмкін емес;
етеккір келіп болған соң іле – шала екіқабат болуы мүмкін емес;
жыныстық қатынастан соң іле – шала жыныстық жолдарды шайып тастау арқылы екіқабаттықтың алдын алуға болады.
Түсік тастаудың (аборт) асқынулары: ○ Жатырдың тесілуі – жатыр қуысына енгізілетін хирургиялық аспаптардың жатыр қабырғаларын жарақаттауы. Толық емес тесілу жайтында консервативті емдеу мүмкін болады. Егер жатыр қабырғаларына бойлай енген жарақаттау орын алса, онда хирургиялық ем қажет болады. ○ Қан кету – жатыр қуысының қабырғашалары мен тамырларының жарақаты салдары ретінде орын алуы, не жатыр қуысында ұрықтық жұмыртқаның қалдықтары қалуынан, не қанның ұю жүйесінің бұзылуы салдарынан болуы мүмкін. ○ Жатыр қуысындағы ұрықтық жұмыртқаның қалдықтары. Жатыр қуысында ұрықтық жұмыртқаның бөліктерінің қалдықтарының болуы жатыр қуысының қабырғашаларын қайтадан қырнауды әрі бактерияларға қарсы бағытталған терапияны жүргізуді қажет етеді, себебі ұрықтық жұмыртқаның қалдықтарының болуы инфекциялық процестердің дамуына апаруы мүмкін. ○ Гематометра. Жатыр қуысында қан ұйындыларының жиналуын гематометра дейді. Мұндай асқыну – не жатыр мойыншасының құрысуынан не жатырдың бүгілуінің себебінен болуы мүмкін – жатырды босату (ішіндегісін сыртқа аулақтандыру) қиындағанда пайда болады, ○ Хирургиялық абортты іс жүзіне асырғанда, наркозбен байланысты асқынулар орын алуы мүмкін. Кез келген хирургиялық араласу нәтижесінде гепатиттер, АИТВ инфекциясы т.б. – ны жұқтыру қатері туындайды. ○ Инфекцияланған аборт. Оның барысында әйелдің организміне инфекция жұқтырылған және осының салдарынан жергілікті не жалпы қабыну туындаған аборт инфекцияланған аборт деп аталады. Инфекция, әдетте, екіқабаттықты ауруханадан тыс жерде (қылмысты) үзу барысында орын алады. Инфекцияланған аборт нышандары келесілер: температура көтерілуі, дірілдеп тоңу, жыныстық жолдардан қанды – іріңді бөліністердің ағуы, іштің төменгі бөлігінің ауырып тұруы. Инфекцияланған аборт барысында қабыну процесі тек жатырмен шектелуі мүмкін не оның сыртына таралуы мүмкін. Инфекцияланған аборттың асқынуларына келесілер жатады: жатырдың шырышты қабықшасының қабынуы (эндометрит); жатыр маңындағы жасұнықтың (өзек) қабынуы (параметрит); жатырдың үстеме өсінділерінің қабынуы (сальпингоофорит); кіші жамбастың құрсақшасының қабынуы (пельвиоперитонит); сепсис, сепсистік талықсытпа. Мұндай пациент әйелдерді дереу ауруханаға жатқызып, интенсивті терапия арқылы емдеу қажет.
Хирургиялық түсік тастаудың ұзақ
мерзімді болашақтағы асқынулары: ○ ішкі жыныстық органдардың созылмалы қабыну процестері ○ етеккір циклінің бұзылуымен қабаттас жүретін аналық жыныс безінің қызметінің бұзылуы○ бедеулік○ жатырдан тыс болған екіқабаттық○ жатыр мойыншасының дәрменсіздігікелесі реткі екіқабаттық барысында өз – өзінен болатын түсік тастауға апаруы мүмкін. ○ келесі босанулар барысында босану іс–әрекетінің аномалиялары○ келесі реткі екіқабаттық барысында босанудан соңғы және ерте босанудан соңғы кезеңдердегі қан кетулер.Болашақбалаларыңызға денсаулық тілейміз !
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?