Репродуктивті технология. Жасанды ұрықтандыру. Қазақ тілі, 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6. Биотехнология және гендік инженерия келешегі. Синтаксис.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9 Т1

Қатысқан оқушылар

саны:

 Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Репродуктивті технология. Жасанды ұрықтандыру.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.1.2.1 қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми тақырыптарға байланысты әртүрлі жанрдағы кең көлемді мәтіндердегі (пікірталас, дәріс) мақсатты аудитория мен көркемдегіш құралдардың рөлін талдау

 Сабақтың мақсаттары

Қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми тақырыптарға байланысты әртүрлі жанрдағы кең көлемді мәтіндердегі (пікірталас, дәріс) мақсатты аудитория мен көркемдегіш құралдардың рөлін талдау

 Бағалау критерийі

  • ғылыми тақырыптарға байланысты мәтіндердегі мақсатты аудиторияны анықтап, талдайды;
  • көркемдегіш құралдардың рөлін талдайды.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Биотехнология, гендік инженерия.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Менің ойымша/пікірімше…, Менің көзқарасым тұрғысынан…., Менің көзқарасым бойымша…, Мен сенімдімін…, Мені таңқалдыратыны...

Құндылықтарды игерту

Отбасылық құндылықтарды дарыту, репродуктивті денсаулықты сақтау туралы мәліметтерді білу.

Пәнаралық байланыс

Биология пәні

Бастапқы білім

8 сыныпта алған білімдері мен білік, дағдыларын қолданады.

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

0-5

Қызығушылықты ояту.

«Менің көңіл күйім неге ұқсайды?»

Оқушылар бүгінгі көңіл-күйлерін табиғат құбылыстарына ұқсатады.

Мысалы: 1-оқушы. Менің көңіл –күйім таңертеңгі жарқырап шыққан күнге ұқсайды.

2-оқушы. Менің көңіл-күйім . . .

Сабақтың тақырыбы мен бағалау критерийлерімен таныстырылады.

слайд

Сабақтың ортасы

5-15

15-25

25-35

Мағынаны тану кезеңі

Тыңдалымалды тапсырма

1.Сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын ашыңыз.

«Сөздік гол»

Сөздер

Менің түсінігім

Дұрыс нұсқасы

жатыр

құрсақ көтеру

жүктілік

бедеулік

белсіздік

жарық дүниеге есігін ашу

Өзін-өзі бағалау.

«Алма ағашы»

Қабырғаға сурет ілінеді: «Алма ағашы», «Себет», «Қырықбуын-гусеница». Әр оқушыға қызыл, сары, жасыл түсті алма суреті бар парақтар таратылады. Алма суретіне өз ойын білдіру керек:

  • қызыл – «себетке салып өзіммен алып кетемін»;
  • жасыл – «мен үшін түсініксіз, ағашта қала береді»
  • сары – «маған қызық емес қырықбуынға беріп кетемін»

Тыңдалым тапсырмасы

Оқушылар «Жасанды ұрықтандыру» тақырыбында үш бейнебаяннан үзінді тыңдайды.

 1 тыңдалым мәтіні – 1 мин 23 сек (ұзақтығы)

 2 тыңдалым мәтіні – 1 мин 5 сек (ұзақтығы)

 3 тыңдалым мәтіні – 1 мин 15 сек (ұзақтығы)

Жұпта мақсатты аудиториясы мен көркемдегіш құралдарының рөлін талдайды.

Мәтін

Мақсатты аудиториясы

Көркемдегіш құралдар

1

Жасанды жолмен ұрықтандыру

2

Жасанды ұрықтандыру-ғасыр жаңалығы

3

Бедеулік себептері

Өзін –өзі бағалау

Өзін-өзі бағалау – біздің қалай оқитынымыз туралы білім, өзін-өзі бағалау біздің нені оқуымыз. Өзін-өзі бағалауды жаттықтыру үшін мынадай сұрақтарды қолданыңыз:

  • Оқу басталғанда не болғанын ойлаңыз.
  • Сені не ойландырды?
  • Саған не қиын болды?
  • Қай жерде көмек керек болды?
  • Саған не ұнады?

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

Сұрақтарға өз көзқарастарын білдіре отырып, тәжірибелерімен

байланыстыра отырып жауап берулері тиіс. Сонымен қатар сұрақтарға жауап беру барысында шартты, қарсылықты, мезгіл бағыныңқы сабақтас сөйлемдерді қолданады.

  • Бейнематериалдарда ұсынылған ақпарат кімдерге арналған?
  • Соңғы уақытта қандай мәселелер өзекті болуда?
  • Неліктен жасанды ұрықтандыру кеңінен таралып жатыр деп ойлайсыз?
  • Репродуктивті денсаулықтың төмендеуі, бедеуліктің пайда болуының себептері қандай?
  • Жастарға – болашақ ата-аналарға репродуктолог-дәрігерлер қандай кеңес беруде?

Дескрипторлар

  • Термин сөздердің мағынасын біледі.
  • Мәтіндердің мақсатты аудиториясын анықтайды.
  • Мәтіннен көркемдегіш құралдарды ажыратады.
  • Көркемдегіш құралдардың рөлін анықтайды.
  • Өзіндік тұжырым жасайды.
  • Құрмалас сөйлемдердің түрлерін қолданады.

https://www.youtube.com/watch?v=LQeveLm_TtI

Жасанды жолмен ұрықтандыру

1:23 мин

https://www.youtube.com/watch?v=8Uk0zSrvNYQ

Жасанды ұрықтандыру-ғасыр жаңалығы

2:43 -3:48 мин

(үзінді)

https://www.youtube.com/watch?v=Ul-dd039KE4

Бедеулік себептері.

13:38-14:53 мин (үзінді)

Сабақтың соңы

35-40

Рефлексия

«3 маңызды» әдісі бойынша бүгінгі сабаққа рефлексия жасайды.

Репродуктивті денсаулық..., репродуктивті медицина

Мен үшін маңызды, себебі.........

Жастар үшін маңызды, себебі.........

Қоғам үшін маңызды, себебі.........

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу