Қазақстанның демографиялық саясаты. Қазақ тілі, 9 сынып, таратпа материал.
1.Қазақстан демографиясы туралы ойыңмен бөліс және «Қазақстан демографиясы» тақырыбындағы мәтінді тыңда.
https://bilimland.kz/kk/courses/geografiya-kk/qazaqstan-xalqy/lesson/qazaqstan-xalqy
2. Қазақтың белгілі демограф-ғалымы Мақаш Тәтімовтың ой-тұжырымдарымен танысып талқыла.
•«Ұлтжанды болмасаң да, балажан болуға тиістісің» дегенді елдің есіне салғым келеді.
•Сан сапа туғызады. Ұлттың санын көтермей сапаны қайдан аларсың?! Қазақтың саны өз елінде 70 пайызға жетпей, тілін өз тұғырына қондыра алмайды.
•Қазіргі кезде халықтың мені білмесе де, демография сөзін біліп, түсінетіні мені қуантады.
3. «Қазақстанның демографиялық саясаты» тақырыбында берілген мәтінді оқып, тілдік құралдарына назар аудар.
Бүгінгі Қазақстан үшін ең маңызды қос мәселе – көші-қон мен демографиялық өсім. Халық санының өсімі еліміздің болашақта өркениетті елдердің қатарынан қалмай нық және мығым тұруы үшін қажет. Жалпы, еліміздегі демографиялық саясатты белсенді және мақсатты түрде жүргізу керектігі көп жылдан бері айтылып келеді. Бала тууды ынталандыру, мектепке дейінгі және жалпы білім беретін мекемелерде орын тапшылығын жою, өлім-жітімді, әсіресе ана мен бала өлімін азайту, отбасы мен неке институтын нығайту, қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын арттыру, көші-қон саясатын тиімді жүргізу – осы саладағы басым бағыттар.
Қазақтар қалай азайды?
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Ұлтымызға адам айтқысыз демографиялық соққы жасалды. Оның жарасы бір ғасырдан бері әлі жазылмай келеді», – деді. Расында, Кеңес Одағы орнаған тұста қазақ халқының демографиялық потенциалы өте жоғары болғаны тарих беттерінен мәлім. Сол кезеңде қазақтар Орталық Азияда басқа этностардың арасында саны жағынан ең көбі еді. Белгілі демограф, марқұм Мақаш Тәтімов зерттеген деректер бойынша, аштық әсерінен қазақтар халық санының жартысына жуығынан айырылған.
Тәуелсіз елдің өсімі қандай?
Ол күндер артта қалып, еліміз тәуелсіздік алғалы Қазақстан бірінші кезекте халық демографиясын арттыруға басымдық берді. Алыс-жақын шетелдердегі бауырлардың туған Отанына келуіне барлық жағдайды жасай бастады. Ана мен бала денсаулығына ден қойып, ел болашағы – сау, білімді, білікті әрі қабілетті ұрпақтың қолында деді. Әлемге шашырап кеткен қазақтардың басын қосып, алқалы жиналыс өткізген Бірінші Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы 1992 жылғы 28 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Алматы қаласында өтті. Құрылтайдың басты мақсаты – бүкіл әлемдегі қазақ қауымының болашағы жөнінде ойлау, ұлтымыздың тарихындағы осынау ерекше белестің тұсында ендігі тағдыр-талайымыздың қалай өрілетінін талқылау. Құрылтай барысында әлем қазақтарының ұйытқысы болатын қауымдастық құрылды. Ең бастысы – тұңғыш Құрылтай алыстағы ағайынның елге оралатын ұлы көшіне қозғау салып берді. (261 сөз)
https://turkystan.kz/article/69745-demografiya-k-p-lt-alyp-ta-zhy-ady-shalyp-ta-zhy-ady
4-тапсырма. «Дәлелдеу моделіне» сай төмендегі сұрақтардың жауабын жеке, жұппен, топпен бірлесіп анықта.
Мақала авторының мақсаты не?
Мұны қандай тілдік құралдар арқылы дәлелдеуге болады?
Бұл мәліметтерден қандай қорытынды шығаруға болады?
5-тапсырма. Мәтін мазмұнындағы жай сөйлемдерді салалас құрмалас сөйлемдерге айналдырып, жасалу жолдарын түсіндір.
...................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?