Қазақстанның демографиялық саясаты. Қазақ тілі, 9 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Отбасы және демографиялық өзгеріс Мектеп:

Уақыты: Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 9 қатысқаны: қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы:

Қазақстанның демографиялық саясаты

Грамматикалық материал

Синтаксис

Түсіндірмелі салалас. Талғаулы салалас. Кезектес салалас.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.2.1 қазақ тілі стильдері мен шешендік сөздің түрлерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану

Сабақ мақсаты

әдеби тіл стильдері мен шешендік сөз түрлерін тілдік құралдары арқылы ажырату.

Бағалау критерийлері

  • қазақ тілі стильдері мен шешендік сөздің түрлерін ажырата алады;
  • олардың тілдік ерекшеліктерін тауып, талдай алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: әдеби тіл стильдері мен шешендік сөз түрлерін біледі.

Пән ерекшелігіне сай лексика мен терминология: отбасы, демография, халық, ұлт, даму, ұрпақ, ұдайы өзгеріс, халықтың табиғи өсімі т.б.

Диалог пен жазылым үшін қажетті тіркестер: менің ойымша, мен ... ойлаймын... т.б.

Құндылықтарды дарыту

Сабақ мазмұны арқылы академиялық адалдық, жеке/жұпта/топта жұмыс жасау, өзінің және өзгенің оқуына жауапкершілікпен қарау, көшбасшылық сияқты құндылықтар сіңіріледі. Жаһандық азаматтық ұғымы «демография» мәселесіне қатысты көрініс табады.

Пәнаралық байланыс

География, этнография

Алдыңғы білім

Оқушылардың төменгі сыныптан әдеби тілдің стильдері, демография туралы түсінігі бар.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурс

тар

Сабақтың басы

0-2

3-8

9-10

Жаттығу-тренинг. Оқушыларды шағын жұмыс топтарына бөлу.

1. Жаңа сабаққа оқушы назарын аудару.

Қазақстан демографиясы туралы оқушылардың ойлары сұралады және «Қазақстан демографиясы» тақырыбындағы мәтін тыңдатылады.

2. Сабақ тақырыбы, мақсаты таныстырылады. Бағалау критерийін оқушылар өздері құрастырады.

МД слайд

https://bilimland.kz/kk/courses/geografiya-kk/qazaqstan-xalqy/lesson/qazaqstan-xalqy

Сабақтың ортасы

11-15

16-20

21-30

31-35

3. Жаңа тақырыпты меңгерту.

ЖЖ. Оқылым алдындағы тапсырма

Қазақтың белгілі демограф-ғалымы Мақаш Тәтімовтың ой-тұжырымдарымен танысып талқылаңдар.

  • «Ұлтжанды болмасаң да, балажан болуға тиістісің» дегенді елдің есіне салғым келеді.
  • Сан сапа туғызады. Ұлттың санын көтермей сапаны қайдан аларсың?! Қазақтың саны өз елінде 70 пайызға жетпей, тілін өз тұғырына қондыра алмайды.
  • Қазіргі кезде халықтың мені білмесе де, демография сөзін біліп, түсінетіні мені қуантады.

Ж. Оқылым тапсырмасы

«Қазақстанның демографиялық саясаты» тақырыбында берілген мәтінді оқиды, тілдік құралдарына назар аударады.

Оқылымнан кейінгі тапсырма

1-тапсырма. «Дәлелдеу моделіне» сай төмендегі сұрақтардың жауабын жеке, жұппен, топпен бірлесіп анықта.

Мақала авторының мақсаты не?

Мұны қандай тілдік құралдар арқылы дәлелдеуге болады?

Бұл мәліметтерден қандай қорытынды шығаруға болады?

2-тапсырма. Мәтін мазмұнындағы жай сөйлемдерді салалас құрмалас сөйлемдерге айналдырып, жасалу жолдарын түсіндір.

Қабілеті жоғары оқушылар мәтін тіліне толық талдау жасай алады, қабілеті төмендеу оқушылар кейбір тілдік ерекшеліктерін анықтай алады.

4. Дескриптор

  • ой-тұжырымдарды талқылайды;
  • мәтінді оқиды;
  • тілдік ерекшеліктерін анықтайды;
  • салалас құрмаласқа айналдырады.

5. Топтар бір-бірінің жауабын критерийге сай дескриптор арқылы бағалайды. Мұғалім кері байланыс береді.

Сабақтың аяғы

36-40

6. Рефлексия «Менің пирамидам» Оқушылар өз әрекеттері мен ұстанымдарын жан-жақты қарастырады.

Сабақта не қызықтырды?

Не қиындық келтірді?

Не оңай болды?

стикерлер

Дифференциация

Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау

Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және техникалық қауіпсіздікті сақтау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу