Демографиялық контрастар елі. Қазақ тілі, 9 сынып, таратпа материал.


1.Кестеде берілген сұрақтарға жауап бер.

Халықтың табиғи өсімі деген не?

Халықтың көші-қон өсімі туралы не білесіз?

Қазақстандағы халық саны қанша?

2. Демография туралы қысқаша мәтіннен басты ұғымдар мен терминдерді жазып ал.

Демография (грекше демос-халық) – белгілі бір халықтың, ұлттың, ұлыстың, этностық топтың санын, құрамы мен құрылымын, аумаққа бөлінуін, өсу не кему динамикасын қоғамдық-тарихи жағдайлармен байланыстырып зерттейтін әлеуметтік ғылым саласы. Қазақстандағы демографиялық ахуалды үш кезеңмен қарастырады. Бірінші кезең - демографиялық дағдарыс кезеңі (1993-1997жж). Дәл осы кезеңде республикадан 2 миллион адам басқа мемлекеттерге қоныс аударған; екінші кезең - 1997-2000 жылдары аралығы, демографиялық ахуалдың біршама тұрақтанған кезі; үшінші кезең - 2000 жылдан бүгінге дейін демографияның алға жылжыған кезі.

Әрбір халықтың өндірістік тәжірибесі, тұрмыстық және мәдени ерекшеліктері, шығу тегі, қоныстануы және мәдени-тарихи өзара айырмашылықтары болады. Аталған процестерді зерттеумен этнография, яғни, халықтар географиясы айналысады.

3. Мәтінді оқы.

Мақсат Имандосов - еліміздегі демография бойынша өзінің қызықты ойларын «Facebook» әлеуметтік желісіне салып жүрген танымал сарапшылардың бірі.

Демографиялық контрастар елі

- Не таптыңыз? Қандай қызықты фактілер, цифрлар?

 Бәрі де қызықты: еліміздегі демографияның жалпы жағдайы, ол қалай дамуда, тәуелсіздік алғаннан бастап осы күнге дейін Қазақстанның демографиясы қалай өзгерді, орташа мерзімді және ұзақ мерзімді келешекке көз салып көру. Біздің өңірлердегі демографиялық ахуалға да көз жүгірту  қызықты. Айталық, біздің батыс өңірлер бір бағытта, солтүстік, шығыс, орталық өңірлер мүлдем басқа бағытта, ал оңтүстік өңірлер үшінші бағытта дамуда. Яғни, бізде демографиялық контраст. Біздегі әр өңір бірегей, екінші өңірге ұқсамайды. Сонымен қатар, Ресей Федерациясында, Қырғызстанда, Өзбекстанда және басқа да республикаларда демографияның қалай дамып жатқаны қызықты. Жалпы ақпарат та (халық санының өзгеруі), халық санының табиғи өсуіндегі өзгеріс те қызығушылық туғызады. Халықтың көші-қон картинасының ахуалы да қызықты. Қайталап айтайын, бұның бәрі де біздің статистика ведомоствосының есептерінде бар. Мен бар болғаны оларды алып, бір-бірімен салыстырамын, ал қорытындысын «Facebook-та» мені оқитындардың бәрі көре алады.  

Көші-қон туралы атап өттіңіз. Осы жағынан келгенде, қай өңірлер республикадан көшуге бейім, ал қай өңірлер бұл жағынан тұрақты?

 - Сіз ішкі және сыртқы көші-қонды айтып тұрсыз ба? Ішкі көші-қонға келер болса, еліміздің оңтүстік өңірлерінен адамдар көптеп көшуде. Бұл – Түркістан облысы, Шымкент. Әсіресе, Жамбыл облысы, Тараз және Алматы облысынан, бірақ, соңғысынан Алматыға көшеді. Оңтүстік өңірлер – біздің екі астанамыздың басты донорлары. Ал, эмиграцияға келер болсақ, көбіне орыс халқы немесе орыстілді халықтар тұратын өңірлер мен облыстардан шетелдерге қоныс аударып жатқаны белгілі, бұның еш құпиясы жоқ. Оларға украиндықтар, немістер және басқа да еуропалық халықтар жатады. Бұл еліміздің солтүстігі, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Ақмола облыстары. Статагенттіктің есептеріне қарасақ, соңғы уақытта еліміздің осы өңірлерінен шетелге ең көп көшкен. Ішкі миграция барлық елде де болады. Бұл да сыртқы миграция сияқты қалыпты жай. Қазақстан бұл жағынан алғанда бірегей ел емес. Бұндай үдеріс бүкіл әлемде болады. Ең бастысы, бұл, әсіресе эмиграция, қауіпті қарқынға айналмаса болды. Өйткені елден кету – бұл «ақыл-ойдың» кетуі. Мемлекет болашақта осы адамдар мемлекетке пайдасын тигізеді деп оларға, олардың білім алуына қаражат жұмсайды. Бірақ, сонымен қатар бұл - әр адамның жеке таңдауы. Әркім шешім қабылдауға құқылы. Егер өзіне қажет деп тапса, ол елден кетеді.

 Демография – бұл кез-келген елдің тарихында болып жатқан қоғамдық үдерістердің тікелей көрсеткіші. (334 сөз).

https://e-history.kz/kz/publications/view/4376

4. Оқып отырғанда:

-мәтін түрін анықта;

-мәтінді жылдам оқып, негізгі идеясын түсініп ал;

-мәтін кім үшін жазылғанын анықта (аудитория);

-автордың мақсатын анықта (сендіру, хабардар ету, суреттеу);

-жалқы есімдерге көңіл бөл;

-мағынасы айқын емес сөздерді ажырат;

-грамматикалық құрылымдардың байланысын (шақ, сөздердің байланысы) анықта.

5. Нәтижені талда: не сәтті шықты?

- сөйлегенде, жазуда пайдалану үшін қажетті сөздер мен сөз тіркестерін теріп жаза алдың ба?

- пайдаланылған стратегияларды талдай аласың ба?

Салалас құрмалас сөйлемдерді жалғаулықтардың айырым мәніне, компоненттерінің атқаратын қызметі мен мағыналық қатынасына қарай ажыратып, теріп жаз.

- түсіндірмелі салаластар: ......................................................................................................................

- талғаулы салаластар: ...........................................................................................................................

- кезектес салаластар: .............................................................................................................................



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу