Демографиялық контрастар елі. Қазақ тілі, 9 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Отбасы және демографиялық өзгеріс Мектеп: Уақыты: Мұғалімнің аты-жөні: Сыныбы: 9 қатысқаны: қатыспағаны: | |
Сабақтың тақырыбы: | Демографиялық контрастар елі |
Грамматикалық материал | Синтаксис Түсіндірмелі салалас. Талғаулы салалас. Кезектес салалас. |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты (оқу бағдарламасына сілтеме) | 9.2.2.1 қазақ тілі стильдері мен шешендік сөздің түрлерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану |
Сабақ мақсаты | әдеби тіл стильдері мен шешендік сөз түрлерін тілдік құралдары арқылы ажырату. |
Бағалау критерийлері |
|
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: әдеби тіл стильдері мен шешендік сөз түрлерін біледі. Пән ерекшелігіне сай лексика мен терминология: отбасы, демография, халық, ұлт, даму, ұрпақ, ұдайы өзгеріс, халықтың табиғи өсімі т.б. Диалог пен жазылым үшін қажетті тіркестер: менің ойымша, мен ... ойлаймын... т.б. |
Құндылықтарды дарыту | Сабақ мазмұны арқылы академиялық адалдық, жеке/жұпта/топта жұмыс жасау, өзінің және өзгенің оқуына жауапкершілікпен қарау, көшбасшылық сияқты құндылықтар сіңіріледі. Жаһандық азаматтық ұғымы «демография» мәселесіне қатысты көрініс табады. |
Пәнаралық байланыс | География, этнография |
Алдыңғы білім | Оқушылардың төменгі сыныптан әдеби тілдің стильдері туралы түсінігі бар.. |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер | Ресурс тар | |||||||
Сабақтың басы 0-2 3-8 9-10 | Жаттығу-тренинг. Оқушыларды шағын жұмыс топтарына бөлу. Жаңа сабаққа оқушы назарын аудару. Кестеде берілген сұрақтарға жауап бер.
2. Сабақ тақырыбы, мақсаты таныстырылады. Бағалау критерийін оқушылар өздері құрастырады. | МД слайд кесте | |||||||
Сабақтың ортасы 11-14
15-19 20-30
31-35
36-37 | 3. Жаңа тақырыпты меңгерту. Т. Оқылым алдындағы тапсырма Демография туралы қысқаша түсінік беріледі, оқушылар басты ұғымдар мен терминдерді жазып алады. Демография (грекше демос-халық) – белгілі бір халықтың, ұлттың, ұлыстың, этностық топтың санын, құрамы мен құрылымын, аумаққа бөлінуін, өсу не кему динамикасын қоғамдық-тарихи жағдайлармен байланыстырып зерттейтін әлеуметтік ғылым саласы. Қазақстандағы демографиялық ахуалды үш кезеңмен қарастырады. Бірінші кезең - демографиялық дағдарыс кезеңі (1993-1997жж). Дәл осы кезеңде республикадан 2 миллион адам басқа мемлекеттерге қоныс аударған; екінші кезең - 1997-2000 жылдары аралығы, демографиялық ахуалдың біршама тұрақтанған кезі; үшінші кезең - 2000 жылдан бүгінге дейін демографияның алға жылжыған кезі. Әрбір халықтың өндірістік тәжірибесі, тұрмыстық және мәдени ерекшеліктері, шығу тегі, қоныстануы және мәдени-тарихи өзара айырмашылықтары болады. Аталған процестерді зерттеумен этнография, яғни, халықтар географиясы айналысады. Ж. Оқылым тапсырмасы «Демографиялық контрастар елі» тақырыбындағы мәтінді оқиды. Оқып отырғанда мен... -мәтін түрін анықтай аламын; -мәтінді жылдам оқып, негізгі идеясын түсіне аламын; -мәтін кім үшін жазылғанын түсіне аламын (аудитория); -автордың мақсатын анықтай аламын (сендіру, хабардар ету, суреттеу); -жалқы есімдерге көңіл бөлемін; -мағынасы айқын емес сөздерді ажырата аламын; -грамматикалық құрылымдардың байланысын (шақ, сөздердің байланысы) анықтай аламын. ЖЖ. Оқылымнан кейінгі тапсырма 1. Нәтижені талдау: не сәтті шықты? - сөйлегенде, жазуда пайдалану үшін қажетті сөздер мен сөз тіркестерін теріп жаза аламын; - пайдаланылған стратегияларды талдай аламын. 2. Салалас құрмалас сөйлемдерді жалғаулықтардың айырым мәніне, компоненттерінің атқаратын қызметі мен мағыналық қатынасына қарай ажыратып, теріп жазыңдар. - түсіндірмелі салаластар: - талғаулы салаластар: - кезектес салаластар: Қабілеті жоғары оқушылар тілдік құралдары арқылы оқылым мәтінін толық талдай алады, ал қабілеті төмендеу оқушылар оқылым стратегияларына сүйенеді. 4. Дескриптор - демография туралы ақпараттарды жазып алады; - мәтінді оқиды; - тілдік құралдарын анықтайды; -нәтижені талдайды; -салалас құрмалас сөйлемдерді талдайды. 5.Топтар бір-бірінің жауабын критерийге сай дескриптор арқылы бағалайды. Мұғалім кері байланыс береді. | https://bilimland.kz/kk/courses/geografiya-kk/qazaqstan-xalqy/lesson/qazaqstan-xalqy | |||||||
Сабақтың аяғы 38-40 | 6. Рефлексия «Менің пирамидам» Оқушылар өз әрекеттері мен ұстанымдарын жан-жақты қарастырады. Мен ... білдім; Мен үшін ... қызықты болды; Менің ... білгім келеді. | стикерлер | |||||||
Дифференциация Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Денсаулық және техникалық қауіпсіздікті сақтау | |||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?