Отбасы – алтын діңгек. Қазақ тілі, 9 сынып, таратпа материал. 5 сабақ. 1 нұсқа.


Мәтінмен жұмыс.

Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс-тіршілік әкеледі. «Үйлену оңай-үй болу қиын» дейді халық мақалы. Отбасының іргетасы ер азамат пен әйел адамның ақ неке қиып, отау тігуінен құралады. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі-бала. Баланың тәрбиелі жан-жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасы ата мен баланың, келін мен ененің және де басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым-қатынасынан құрылады. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. Отбасын

құрғанда Адам өмірге ұрпақ әкеліп қана қоймай, сонымен бірге оның бойына жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды, ата-бабасының салт-дәстүрін сіңіреді. Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру-ата-ананың ең маңызды міндеті.

«Отан оттан басталады» дейді халқымыз. Елдің, ұлттың, жалпыадамзаттың болашағы, даму деңгейі осы отбасынан басталады.

Ойталқы.

  • Мәтіннің мақсаты не деп ойлайсыздар?
  • Мәтіннің мақсаты мен негізгі ойдың байланысы неде?
  • Отбасының берекелі болуы кімге байланысты деп ойлайсыздар?

Мұғалім тыңдалым мәтінін дауыстап оқиды.

 "Отан отбасынан басталады" деп жатамыз. Жанұяның береке-бірлігі – әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы. Өйткені, ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің. Отбасы – ол да бір шағын ғана мемлекет.

15 мамыр - халықаралық   отбасы   күні.  Атаулы күн  1993  жылы  БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен бекітілген. Бұл күнді белгілеу түрлі мемлекеттерде қоғамның назарын отбасына аудару қажеттігінен туындаған. Отбасы күні алғаш рет 1994 жылы аталып өтті

 Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі деп білеміз.

Ж. Мәтінді тыңдаған соң, оқушылар тест сұрақтарына жауап береді.

  • Мәтінге сәйкес тақырыпты таңдаңыз
  • Отан-отбасынан басталады
  • Келешектің өлшемі
  • Отбасы күні
  • Қоғамның діңгегі
  • Мәтіннің негізгі ойы қандай?
  • Отбасы шағын мемлекет
  • Отан отбасынан басталады.
  • Қоғам назарын отбасына аудару
  • Тату болу, ынтымақтастықта болу
  • Мәтіндегі тірек сөздерді анықтаңыз
  • Отбасы, Отан, бала, болашақ
  • отбасы күні, елдің дамуы, отбасының аман-саулығы
  • БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы, бекітілді, отбасы мерекесі
  • Сүйіспеншілік, зиялы қоғам,халықаралық
  • Еліміздің келешегінің өлшемі не?
  • Отбасы күні
  • Жанұяның береке-бірлігі
  • Елдің дамуы
  • Отбасының аман саулығы
  • «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің»деген нақыл сөзді қалай түсінесің?

а) Отан отбасынан басталады.

b) Бала отбасынан тәрбие алады.

c) Отбасы - шағын мемлекет.

d) Отбасы - қоғамның ді

Әсерлі сөздер

Неге әсер етті?

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу