Отбасы – алтын діңгек. Қазақ тілі, 9 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ. 2 нұсқа.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Отбасы және демографиялық өзгеріс.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9 Т1

Қатысқан оқушылар

саны:

 Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Отбасы – алтын діңгек.

Синтаксис. Түсіндірмелі салалас. Талғаулы салалас. Кезектес салалас.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.1.4.1 мәтіннің мақсаты арқылы негізгі ойды анықтау

 Сабақтың

 мақсаттары

Мәтіннің мақсаты арқылы негізгі ойды анықтауға үйрету.

 Бағалау критерийі

Мәтіннің мақсаты арқылы негізгі ойды анықтай алады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

отбасы, құндылық, іргетас, діңгек, міндет, бақыт т.б.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Менің ойымша/пікірімше…, Менің көзқарасым тұрғысынан…., Менің көзқарасым бойымша…

Құндылықтарды игерту

Ұлттық құндылықтарды білудің маңызы, оны дәріптеуге тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану, тарих

Бастапқы білім

Оқушылар 8-сыныпта алған білім, білік, дағдыларына сүйенеді.

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут

Қызығушылығын ояту. Оқушылар санау арқылы топқа бөлінеді.

 Оқушыларға түсіндірмелі салалас, талғаулы салалас, кезектес салалас туралы түсінік берілді. Олар өз мысалдарын ортаға салады.

 Мұғалім сабақтың тақырыбын хабарлайды. Сабақ мақсатымен таныстырады. Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып, сабақтың бағалау критерийлерін әзірлейді.

Слайд, суреттер

Сабақтың ортасы

6 минут

14 минут

10 минут

Тыңдалымалды тапсырмасы. Оқушылар видеоны тамашалап, «Түртіп алу» стратегиясы арқылы әсер еткен сөздерді теріп жазады. Сұраққа жауап беру арқылы ойларын салалас құрмалас сөйлем түрлерін қолдана отырып ауызша жеткізеді.

Тыңдалым мәтінімен жұмыс. Мұғалім тыңдалым мәтінін дауыстап оқиды.

 "Отан отбасынан басталады" деп жатамыз. Жанұяның береке-бірлігі – әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы. Өйткені ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің. Отбасы – ол да бір шағын ғана мемлекет.

15 мамыр - халықаралық   отбасы   күні.  Атаулы күн  1993  жылы  БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен бекітілген. Бұл күнді белгілеу түрлі мемлекеттерде қоғамның назарын отбасына аудару қажеттігінен туындаған. Отбасы күні алғаш рет 1994 жылы аталып өтті

 Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі деп білеміз.

Тыңдалым/айтылым тапсырмасы

Мәтін негізінде мәселені анықтауға бағытталған сұрақтар қойылады.

Тапсырма:

- мәтін бойынша негізгі ойды анықтауға бағытталған сұрақтар қою;

- тыңдалым барысында мәтінде қандай мәселе барын айқындау.

Төмендегі тұжырымды үлгіге алуға болады.

Тұжырым

Проблема

Дескриптор:

  • Мәтінді мұқият тыңдайды;
  • Сұрақтар қоя алады;
  • Негізгі мәселені анықтайды.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

«Бұрыш» стратегиясы

Сынып қабырғасына тыңдалым барысында айқындалған мәселеге қатысты 3 түрлі тұжырым ұсынады. Онда салалас құрмалас сөйлем түрлерін қолданады. Оқушылар тұжырымдармен танысып, қай тұжырыммен келіссе, сол тұжырымның қасына барып тұрады.

Пайда болған жаңа топ бұл тұжырымды неліктен таңдағанын талқылап, өз ойларын білдіреді. Әр топтан бір оқушы спикер ретінде топ пікірін қорғайды, қарсы топтың пікірін тыңдайды. Өз көзқарасын дәлелдейді.

https://www.youtube.com/watch?v=Bl_kl2nNCGk

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

- Нені үйрендім?

- Не нәрсе түсініксіз болып қалды?

- Немен қайта жұмыс жасау керек?

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу