Отбасы және демографиялық өзгеріс. Қазақ тілі, 9 сынып, таратпа материал. 5 сабақ.


Синтаксис. Түсіндірмелі салалас. Талғаулы салалас. Кезектес салалас.

Ережесі

Жасалу жолдары

Мысал

Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем

құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысына нұсқап, ал соңғысы алдыңғы сөйлемнің мазмұнын ашатындай, талдап түсіндіріп тұратын құрмаласты түсіндірмелі салалас деп атаймыз.

Бірінші жай сөйлемде көбінесе сілтеу есімдіктері мен сілтеу мәнді сөздер болады. Олар: мынау, мынаны, сол, сонша, соншалық, сондай т. б.

Түсіндірмелі салаластың ара жігіне қойылатын тыныс белгілері:қос нүкте, сызықшасол, ол, сонша, соншалық, сондай

1. Оның өлеңінің балаларға әсер еткендігі сонша – олар әлгі парыздан шалды көз алдында шын көріп тұрғандай болды.

2. Байжанның дағдылана алмай жүрген бір ғана нәрсесі бар еді: ол – Сырдария бойының маса - сонасы мен құрт - құмырсқа, бақа - шаяны деген сияқты шақпалы жәндіктері. (С. М.)3. Адам баласы керуен сияқты – тоқтады, көшті де кетті. (Қорқыт)

Ережесі

Жасалу жолдары

Мысалдар

Талғаулықты салалас құрмалас сөйлем - құрамындағы жай сөйлемдер бір-біріне тәуелсіз, дербес әрекеттерді баяндайды да, солардың тек біреуі ғана жүзеге асатынын білдіреді.

Жай сөйлемдер салаласа және тек жалғаулықты шылаулар арқылы байланысады, араларына үтір қойылады. Сөйлемге талғаулық мағына беретін және жай сөйлемдерді бір-бірімен құрмаластыратын жалғаулықтар: не, немесе, я, яки, болмаса, әйтпесе, әлде. Екі жай сөйлемнің арасында немесе шылауы бір рет келсе, онда сөйлемдер арасына үтір қойылмайды.

Мен не бұл адамдардың ортасынан кетуім керек, не болмаса барша жанға тынышсыз болатын зұлымдықты қоюым керек екен ғой (Шәкәрім).

Өзі кетіп құтылды,әйтпесе өзіміз-ақ тастатқалы жүр едік. Сөз бен қылық суық көңілді жылытады немесе жылы көңілді суытады (Ғ.Мұстафин).

Ережесі

Жасалу жолдары

Мысалдар

Кезектес салалас сөйлем —синтаксистік компоненттерінде баяндалатын іс-әрекеттің бірінен соң бірі кезектесіп іске асатындығын білдіретін кұрмалас сөйлем.

Кезектес салалас сөйлемнің бір ерекшелігі тек жалғаулықтар арқылы байланысатынында. Кезектес салалас сөйлемді жасауға қатысатын жалғаулықтар: біресе, бірде, кейде.

1.Кейде қабағы түксие қалады, кейде бет әлпеті күлім қағады (Б. Майлин).

2.Қазан тұрып біресе атын мақтады, біресе өзін мақтады, бірақ айналып келгенде, бәрі де Бегілдің өнерін сөз етісті (Қорқыт).



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу