Адам құқығы мен бостандығы. Қазақ тілі, 9 сынып, сабақ жоспары. 9 сабақ.


Сабақ жоспары №9

Күні:

Тақырыбы: Адам құқығы мен сөз бостандығы

Мектеп:

Мұғалімнің аты:

Сынып: 9

Қатысушылар саны:

келмегендер:

Оқу мақсаттары

Т/А 9.1.1.1 мәтін мазмұны бойынша дайындалған сұрақтарға болжаммен жауап беру, түпнұсқамен салыстыру.

 Сабақ мақсаттары

Мәтін мазмұны бойынша дайындалған сұрақтарға болжаммен жауап береді, түпнұсқамен салыстырады.

 Бағалау критерийі

Мәтін мазмұны бойынша дайындалған сұрақтарға болжаммен жауап бере, түпнұсқамен салыстыра алады.

 Дескриптор

  • Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар дайындайды;
  • сұрақтарға болжаммен жауап береді.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: сөз бостандығы, адам құқығы, заңдылықтар, негізгі заңдар.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: менің ойымша..., өз көзқарасымда ... , менің байқауымша...

Құндылықтарды дарыту

адам құқығын қорғау , сөз бостандығын дәріптеу

АКТ қолдану дағдылары

«Адам құқығы- жоғары құндылық» https://yandex.kz/video/search?filmId=4805216651687315490&text=адам%20құқығы%20мен%20азамат%20құқығының%20арасында%20ерекшеліктер&family=y

Пәнаралық байланыс

Тарих, әдебиет

Осыдан бұрын алған білім

Алдыңғы сабақта «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. ЭКСПО-2017»деген тақырыпта пікірталас ұйымдастырылып, оқушылар танымал өз көзқарастарын ортаға салып, бір-бірімен ой алмасты. Сонымен қатар оқушылар жайлы тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің қол жеткізген жетістіктері ,жаһандық мәселелер туралы зерттеулер жүргізді.

Жоспар

Уақыт

Жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Басы

Миға шабуыл

«Сыртқы және ішкі шеңбер» әдісі

Сынып оқушылары «Адам құқықтары- жоғары құндылық» тақырыбындағы бейнебаянды көреді.

Бейнебаянды көріп болғаннан кейін сыртқы және ішкі шеңбер құрып «Адам құқығы мен сөз бостандығын қалай түсінесің?» тақырыбында сұрақ –жауап арқылы сұхбат жүргізеді. Сыртқы шеңбер сұрақ қояды, ішкі шеңбер жауап береді.Мұғалім оқушылардың ойларын қорытындылай келе, сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтады.

https://yandex.kz/video/search?filmId=4805216651687315490&text=адам%20құқығы%20мен%20азамат%20құқығының%20арасында%20ерекшеліктер&family=y

Ортасы

Тыңдалымалды тапсырмасы

  • Әр оқушыға екі мәтін беріледі.

Оқушылар мәтіндегі көтерілген мәселені SWOT арқылы талдайды.

  • S- мәтіндегі көтерілген мәселенің мықты жақтары
  • W- мәтіндегі көтерілген мәселенің әлсіз жақтары
  • О- мәтіндегі көтерілген мәселенің мүмкіндіктері
  • T- мәтіндегі көтерілген мәселенің қауіпті жағы
  • Жанындағы жұбымен тапсырманың дұрыстығын салыстырып, тексереді.

Тыңдалым тапсырмасы

Сынып оқушылары берілген мәтіндер бойынша жұппен талқылау сұрақтарын дайындап, жауап береді.

Талқылау сұрағы:

  • Сіздің пікіріңізше, адам нені түсінгеннен кейін мемлекеттік құқықтарды жақсы орындайды?
  • «Әр елдің негізгі заңдары, басшы, адам мен азаматтардың өмір сүруін қамтамасыз ету үшін заңдылықтар болу керек» дегенге көзқарасыңыз қандай?

1-мәтін

Адам құқығы-менің құқығым!

Адам құқығы туралы айтқан кезде,бүгін біз адам мен мемлекеттің арасындағы өзара қатынасын айтамыз.

М.Новицкий.

Біздің елімізде тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап- ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына қатты көңіл бөлінуде. Соның айқын бір көрінісі – Конституциямыздың бірінші бабында адам құқықтары: «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп бекітілді.

Қазіргі замандағы адам құқықтары – жалпы адамзаттық мәдениеттің қуатты бөлігі. Ол – аса қымбат, баға жетпес, асыл мұра, оны құрметтеу,сақтау және қорғау-мемлекеттің,жоқ, әрбір азаматтың міндеті деп ойлаймын. Адам құқығын, оны қалай қорғап қалуды білуі керек, әйтпесе құқықтың тиімділігі туралы айтудың мән-мағынасы болмайды. Еліміздегі адам құқығын қорғау өте үлкен жауапкершілікті талап етеді. Соның ішінде, әсіресе, жоғары деңгейде қарастырылатын құқықтың ең маңызды бір түрі – бала құқығы. Ал Елбасынша айтсақ, бала – тәуелсіз Қазақстанның болашағы. Өскелең ұрпақтың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау Қазақстан Республикасының ұлттық саясатының басты бағыттарының бірі болып табылады.

«Адам құқығы» және «Азамат құқығы» деген ұғым бар. Бірақ, ол екеуінің арасында айырмашылықтар бар. Біріншіден, адам құқығы мемлекеттік бекітулерден, қандай да бір мемлекеттік қатынасына қарамай тәуелсіз өмір сүруі. Екіншіден, мәртебесі жоқ, яғни олар адам құқығының иегері болады. Міне, осылар жаңағы екі ұғымның ерекшеліктері болып табылады.

Адам өмір сүруге құқылы, ал ол өз өмірін қиюға қақысы жоқ. Азат өмір сүруге құқылы. Ал заңның ала жібін аттағандар соттың үкімімен қамауға не тағы басқа жазамен жауапқа тартылады. Олай болған күнде де, тұтқындалушының сотқа шағымдануына құқығы бар. Осындай құқықтық заңдар кез келген адамның, қандай болса да, құқығы бар екенін дәлелдейді. Заң алдында барлығымыз тең дәрежеліміз.

2-мәтін

Менің құқығым

«Адам құқығы бала құқығын қорғаудан басталады» дейді. Иә, шынында, бала дүниге келген сәтінен-ақ өзінің құқығына ие болады. Қазақстан Республикасының Конституциясының бірінші бабында «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы - адам, оның өмірі, құқығы мен бостандығы» деп айтылған.

Мемлекеттік биліктің бастауы - халық. Яғни адам өзінің ойын, пікірін еркін айтуға да құқылы. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың балалардың өмірін жақсартуға бағытталған «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауын балалардың құқықтарының қорғалуына дәлел ретінде айтуға болады.

Әр елде негізгі заңдары, басшы, адам мен азаматтардың өмір сүруін қамтамасыз ету үшін заңдылықтар болуы керек. Қазақ елін ерте заманнан бері хандар басқарып, Тәуке ханның «Жеті жарғысы», Есім ханның «Ескі жолы», Қасым ханның «Қасқа жолы» сияқты заңдар шығарған. Ал қазіргі таңда елімізде талай өзгерістер болып жатыр. Адам құқығына байланысты Конституция бір мың тоғыз жүз тоқсан бесінші жылы отызыншы тамызда референдумда бекітілген болатын. Белгілі заңгер ғалым А.К.Котов былай деп айтқан: «Жалпы социологиялық категория «адам құқығы» мен мемлекеттік құқықтық ұғым «азамат құқығының» байланыста болуы – табиғи жағдай. Олардың арасындағы айырмашылық – адам құқығы мемлекеттік құқықтың мойындауынан тыс бола береді. Олар дүниежүзілік қауымдастықпен гуманистік құндылық ретінде мойындалған. Негізінде, адам құқығын сыйлайтын мемлекет олардың негізгілерін өз Конституцияларында бекітеді, сонымен қатар күнделікті заңнамаларда тәптіштейді». Осы сөзден әрбір « елдің адамы, азаматы өзінің құқығы мен міндетін білу қажет» деген қорытынды шығаруға болады. Кез келген азамат өз елінің құқығын білу қажет. Себебі заңдарды, құқықтарды, міндеттерді білген азамат, мемлекеттік құқықтардың не екенін түсініп, заңдарды орындайды. Бірақ оның барлығын толық білу үшін, тек қана бойында жауапкершілік болғаны абзал. Ата заңның баптарын жүректен өткізетін болса, сол адам өз құқығын дұрыс біліп, қорғай алмақ, қорғана алмақ!

3.Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

Мұғалім белгіленген уақыттан бұрын жұмыстарын аяқтаған оқушылардан шығармашылық топ құрады. Шығармашылық топ мәтін талдау тапсырмасы бойынша көзқарастары, ойлары ұқсас оқушыларды анықтап, шағын топқа біріктіреді.

Әр топта 4 оқушы болуы керек.

Топтық тапсырма: «Әңгіме картасы 2-Ұқсастыру»

Берілген мәтінге сүйеніп, 1-2-топ адам құқығы және сөз бостандығына ақпараттық мақала, 3-4-топ ақпараттық хат жазады.

Жұмыстарын шығармашылық топқа ұсынады.

Мәтін , стикерлер, түрлі-түсті қарындаштар

Соңы

Бағалау. Шығармашылық топ бағалау критерийі арқылы топ жұмысын бағалап, қорытындысын айтады.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Мәтін мазмұны бойынша дайындалған сұрақтарға болжаммен жауап бере, түпнұсқамен салыстыра алады.

  • Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар дайындайды;
  • сұрақтарға болжаммен жауап береді.

 

Кері байланыс: БББ

Бі

Білдім

Білгім келеді

Дифференциалау – сіз қалай қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?Қабілеттері жоғары оқушыларды қалай ынталандыруды жоспарлайсыз?

«Адам құқығы мен сөз бостандығы» туралы сенің ойың қандай?

(қабілеті жоғары оқушы берілген сұраққа жауап негізінде мақала жазады.)

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Қорытынды жасау

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шынайы болды ма?

Оқушылар бүгін не меңгерді?

Оқу атмосферасы қандай болды?

Мен жоспарлаған бөліну дұрыс болды ма?

Мен кестеге сәйкес жүрдім бе?

Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер жасадым және неге?

Төмендегі торкөзді өз сабағыңызға қорытынды жасау үшін қолданыңыз. Сіздің сабағыңыз туралы сол жақта орналасқан ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу