Адам құқығы мен бостандығы. Қазақ тілі, 9 сынып, презентация. 10 сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Адам құқығы мен сөз бостандығы
Оқу мақсаты: Т/А. 9.1.5.1 мәтіндегі айтылған ойға өз көзқарасын білдіреді, сыни тұрғыдан баға беріп айту.
ӘТН. 9.4.4.2 салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіру.
Сабақ мақсаты
Оқушылар:Мәтіндегі айтылған ойға өз көзқарасын білдіреді, сыни тұрғыдан баға беріп айтады.
Салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажыратып, түрлендіреді.
Миға шабуыл:«Оқу атысы» жаттығуы
Сынып оқушылары алдымен «Адам құқықтары - ең басты құндылық» тақырыбындағы бейнебаянды көреді. Бейнебаяндағы басты тақырып жайлы пікір алмасады. Интерактивті тақтадан немесе тақтаға екі шеңбер сызылады.
Бірінші шеңберге сабақтың тақырыбы жазылады.
Екінші шеңберге оқушылар «миға шабуыл» өткізу арқылы тақырыптың не туралы болуы мүмкіндігін, үшінші шеңберге қандай жағдайларға байланысты болуын болжайды.
Бағалау критерийі
Тыңдалымалды тапсырмасы
1-тапсырма: Анықтау
Оқушылар жұппен өздерінің алдарындағы конвертке салынған мәтінді оқып, кестені толтырады. Қарама-қарсы отырған екінші жұп таратылған мәтін бойынша екінші жұптың жұмысын тексеріп бағалайды.
Тыңдалым тапсырмасы
2-тапсырма: Топтық жұмыс «БҚО 2» кестесі: «Топтастыру - Талдау»
Жұптық жұмыс орындалғаннан кейін оқушылар қарсы отырған екі жұппен топқа бірігіп, ұсынылған мәтіндегі құрмалас сөйлемді табады, оларды салалас құрмалас сөйлем түрлеріне айналдырып, тіл ерекшелігіне талдайды.
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма
.Бағалау
Топтық бағалау
Топтар бағалау критерийі арқылы бірін-бірі бағалайды.
Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір тілек» парағы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?