Адам құқығы мен бостандығы. Қазақ тілі, 9 сынып, сабақ жоспары. 10 сабақ.


Сабақ жоспары №10

Күні:

Тақырыбы: Адам және құқық

Мектеп:

Мұғалімнің аты:

Сынып:

Қатысушылар саны:

келмегендер:

Оқу мақсаттары

9.1.5.1 мәтіндегі айтылған ойға өз көзқарасын білдіреді, сыни тұрғыдан баға беріп айту.

9.4.4.2 салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіру.

 Сабақ мақсаттары

Мәтіндегі айтылған ойға өз көзқарасын білдіреді, сыни тұрғыдан баға беріп айтады.

Салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажыратып, түрлендіреді.

 Бағалау критерийі

Мәтіндегі айтылған ойға өз көзқарасын білдіреді, сыни тұрғыдан баға бере алады.

Салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажыратып, түрлендіре алады.

 Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: сөз бостандығы, адам құқығы, заңдылықтар, негізгі заңдар.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: менің ойымша..., өз көзқарасымда ... , менің байқауымша...

Құндылықтарды дарыту

Адам құқығын, сөз бостандығын қорғай білуге тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

Құқық

АКТ қолдану дағдылары

«Адам құқықтары- ең басты құндылық» https://www.youtube.com/watch?v=hZGzvec8c4g

Осыдан бұрын алған білім

Алдыңғы сабақта « Адам құқығы мен сөз бостандығы» деген тақырыпта мәтін талдап, адам құқығаы мен мен сөз бостандығы туралы өз көзқарастарын ортаға салып, бір-бірімен ой алмасты.

Жоспар

Уақыт

Жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Басы

Миға шабуыл: «Оқу атысы» жаттығуы

Сынып оқушылары алдымен « Адам құқықтары - ең басты құндылық» тақырыбындағы бейнебаянды көреді. Бейнебаяндағы басты тақырып жайлы пікір алмасады. Интерактивті тақтадан немесе тақтаға екі шеңбер сызылады.Бірінші шеңберге сабақтың тақырыбы жазылады. Екінші шеңберге оқушылар «миға шабуыл» өткізу арқылы тақырыптың не туралы болуы мүмкіндігін, үшінші шеңберге қандай жағдайларға байланысты болуын болжайды.

Оқушылар тақырыпты болжай отырып, бағалау критерийін жасайды.

Мәтін , стикерлер, түрлі-түсті қарындаштар.

Ортасы

Тыңдалымалды тапсырмасы

1-тапсырма: Анықтау

Оқушылар жұппен өздерінің алдарындағы конвертке салынған мәтінді оқып, кестені толтырады. Қарама-қарсы отырған екінші жұп таратылған мәтін бойынша екінші жұптың жұмысын тексеріп бағалайды.

Адам құқығы

Азамат құқығы

1

2.

3.

4.

5.

1.

2.

3.

4.

5.

1-мәтін

Адам құқығы туралы ұғым

Адам құқығы дегенiмiз- жеке тұлғалардың қоғамдық қатынастардағы әртүрлi мәселеге байланысты құқықтық қатынастарды реттейтiн iс-әрекеттерiн айтады. Адам құқығы көптеген қатынастарында қорғалатын болуы тиiстi. Барлық адамдар негiзгi нақты құқықтар мен бостандыққа ие болады. Адам құқығы жалпыға тән және әмбебаптық сипаттан тұрады. Оның себебi адам құқығы әр алуан мәселелерге кез болады, атап айтқанда: еңбек ету, бiлiм алу, жанұя құру, баланы тәрбиелеу,ғылым салсыман айналысуға, мемлекеттiк қызметке кiру, өзiнiң және мемлекеттiң мүддесiн қорғау, отан алдында азаматтық боршын өтеу т.б.

Адамның барлық құқығы мен бостандығы мазмұнына қарай әмбебапты яғни жан-жақты қамтитын болады.

Мемлекеттегi саяси режимге, оның орналасу, басқару нысанына қарамастан адамның күнделiктi пайдаланатын барлық адамдардың құқығы мен бостандығына мыналар жатады: өмiр сүру құқығы; заң алдында теңдiгi; еркiн түрде жүру-қозғалуы құқығы; азаматтыққа деген құқығы; өзiнiң еркiн көнуi құқығы. Адам қайда болса да және басқа жерде жүрсе де өзiнiң мына табиғи құқығынан және бостандығынан айрылмайды. Адам құқығынынң мәселесi-ол жалпыға тән адам құқығы болып табылады.

Адамның негiзгi құқығы мен бостандығын тану және оны сақтай бiлу- әр мемлекетте және бүкiл әлемдiк шеңберде қаупсiздiк пен бiрқалыпша тұрақтылығын қамтамасыз етедi. Конституцияда мемлекеттiң негiзгi заңдарында және халықаралық нормаларда адамның негiзгi iргелi құқықтары және бостандықтары бекiтiлген. ҚР Конституциясының II-Бөлiмiнде: “Адам және азамат” 10-баптан бастап 39-бапқа дейiн адамның және ҚР заматтарының құқықтары туралы толық айтылған. “ҚР Азаматтығы туралы” ҚР Заңы.,20.12.1991ж., I-тараудың, 1-бабында “Азамат және мемлекет” адам құқығын сақтау туралы айтылған. Онда мемлекет органдары және оның лауазымды тұлғалары азаматтардың алдында жауапты екенi және республика азаматтарының ҚР алдында жауапты екенi айтылған. Адам мiндеттi түрде белгiлi бiр мемлекеттiң азаматы болуы керек. Бiрақ дүниежүзiлiк шеңберде азаматтығы жоқ тұлғалар да кездеседi. Ондай жағдайда азаматтығы жоқ тұлғалар “аппатрид” деп аталады.Азаматтығы жоқ тұлғалардың жалпы және негiзгi құқықтары толық сақталады. Республика азаматының басқа мемлекеттiң азаматтығында болуы танылмайды. Мемлекеттiк қызметке кiруге және сайлауға, сайлануға тек ҚР Азаматтары өз ерiктерiмен қатысуға құқылы болады. Ал шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар ҚР аумағында мемлекеттiк қызметке кiруге және сайлауға, сайлануға құқығы жоқ. Бұл туралы ҚР конституциясында және басқа да заңнамаларда көрсетiлген. ҚР Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бастандықтары танылады және оларға кепiлдiк берiледi. Республиканың азаматы өзiнiң азаматтығына орай құқықтарға ие болып, мiндеттер атқарады.

2-мәтін

Адам құқығы мен азамат құқығының арасында ерекшеліктер

Адам құқығы мен азамат құқығының арасында ерекшеліктер бар. Біріншіден, адам құқығы мемлекеттік мойындаудан және заңдық бекітулерден оның қандай да бір мемлекетке қатынасына қарамай тәуелсіз өмір сүреді. Азаматтың құқығы өмір сүріп жаткан мемлекеттің қорғалуында болады. Екіншіден — әлемде көптеген адамдардың азаматтық мәртебесі (азаматтығы жоқ тұлғалар) жоқ, яғни олар формалді түрде адам құқығының иегері болып табылады, бірақ азаматтық құқығы жок.

Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың конституциялық-құқықтық мәртебесі

Конституциялық-құқықтық мәртебе - Конституциямен өзге де конституциялық-құқықтық нормаларда бекітілген, мемлекет таныған және кепілдікке алған, адам және азаматтың негізгі құқықтары, бостандықтары, зандық мүдделері мен міндеттерінің жиынтығы. Конституциялық мәртебе құрылымына мынадай бөліктер кіреді:

  • негізгі құқық, бостандықтар, заңды мүдделер мен міндеттер;
  • азаматтық;
  • құкық мәртебесінің кепілдіктері.

«Мәртебе» (статус) деген сөз латын тілінен аударғанда «ахуал, жағдай» деген мағынаны білдіреді.

Құқықтық мәртебенін түрлері

Құқықтық мәртебенін түрлері: а) азаматтардың жалпы немесе конституциялық мәртебесі; ә) азаматтардын кейбір санаттарына арнайы және туғанынан берілетін мәртебесі; б) жеке адам мәртебесі; в) жеке және заңды тұлғалардың мәртебесі; г) шетелдіктердің, азаматтығы жоктардың, босқындардың мәртебесі; ғ) шет елдерде жүрген Қазақстан азаматтарының мәртебесі; д) салалық мәртебелер: азаматтық-құқықтық, әкімшілік-құқыктық және т.б. е) кәсіби және лауазымдық мәртебе (депутат,министрсудьяпрокурор мәртебесі); ж) әр түрлі шүғыл жағдайларда және еліміздің арнайы аймактарында жұмыс істейтін тұлғалардың мәртебесі.

Тыңдалым тапсырмасы

2-тапсырма: Топтық жұмыс «БҚО 2» кестесі: «Топтастыру - Талдау»

Жұптық жұмыс орындалғаннан кейін оқушылар қарсы отырған екі жұппен топқа бірігіп, ұсынылған мәтіндегі құрмалас сөйлемді табады, оларды салалас құрмалас сөйлем түрлеріне айналдырып, тіл ерекшелігіне талдайды.

Құрмалас сөйлем

Ыңғайлас салалас.

Себеп-салдар салалас.

Қарсылықты салалас

Мысалдар бойынша тіл ерекшеліктері

 

Тыңдалымнана кейінгі тапсырма

3-тапсырма : «Әңгіме картасы-Ұқсастыру»

Әр топ өздеріне ұнаған бір мәтіндегі негізгі ойды анықтап, өз көзқарасын білдіреді, сыни баға беріп айтады.

Соңы

Топтық бағалау. Топтар бағалау критерийі арқылы бірін-бірі бағалайды.

Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір тілек»

Менің бүгінгі алған әсерім.......

Менің ойымша, өте сәтті меңгердім....

Менің ұсынысым.....

Дифференциалау – сіз қалай қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?Қабілеттері жоғары оқушыларды қалай ынталандыруды жоспарлайсыз?

Танымдық тапсырма: «Әңгіме картасы 2-Құрастыру»

Мәтін негізіне сүйене отырып ғылыми стильде шағын мақала құрастыру.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Қорытынды жасау

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шынайы болды ма?

Оқушылар бүгін не меңгерді?

Оқу атмосферасы қандай болды?

Мен жоспарлаған бөліну дұрыс болды ма?

Мен кестеге сәйкес жүрдім бе?

Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер жасадым және неге?

Төмендегі торкөзді өз сабағыңызға қорытынды жасау үшін қолданыңыз. Сіздің сабағыңыз туралы сол жақта орналасқан ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу