Адам құқығы мен бостандығы. Қазақ тілі, 9 сынып, презентация. 11 сабақ.


Сабақтың тақырыбы: Адам құқығы мен сөз бостандығы

Оқу мақсаты:Т/А.9.1.6.1 қоғамдық-саяси, ғылыми, коммуникативтік жағдаятқа сай тиісті сөздер мен фразаларды таңдау, орта көлемді монолог дайындау.

Сабақ мақсаты

Оқушылар: Қоғамдық-саяси, ғылыми, коммуникативтік жағдаятқа сай тиісті сөздер мен фразаларды таңдайды, орта көлемді монолог дайындайды.

Миға шабуыл: «Сезім мүшелері» әдісі

Оқушылар алдымен «Сезім мүшелері» әдісі бойынша шеңберге тұрады. Барлығы бір-бірінің қолдарынан ұстайды. Мұғалім хош иісті балауыз шамын жағады. Сынып бөлмесіндегі балауыз шамнан шыққан хош иіс пен жылы лептің оларға қалай әсер еткенін, бүгінгі сабақтан не күтетінін сұрайды. Оқушылар өз ойларын айтады, бір-біріне жылулық пен жақсы көңіл- күй тілейді. Барлығы бүгінгі сабақ барысында бір сөзбен әрқайсысына сәттілік тілеп орындарына отырады. Оқушылар пікір алмасып болғаннан кейін мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын сынып оқушыларымен бірлесе отырып анықтайды. Сабақ барысында мақсатты нәтижеге жету үшін тапсырмалар бойынша бағалау критерийін жасайды.

Бағалау критерийі

Тыңдалымалды тапсырмасы

1-тапсырма «Теннистік сұрақ» әдісі

Сынып оқушылары алдымен «Адам. Қоғам. Құқық» бейнебаянын тыңдайды. Бейнебаянды тыңдап болғаннан кейін алдын ала таратылған «Сөз бостандығы» тақырыбындағы мәтін нұсқасынан бір қысқа және бір көлемді үзіндіні таңдап алады. Екі қатарға қарама-қарсы қарап отырады. «Мәтіндегі басты тақырып не?, Автор өзінің идеясын нақты жеткізуде тілдік құрылымды қалай қолданған?» сұрақтарын қасында отырған оқушыға қояды, ол жауап бермесе қарама-қарсы отырған оқушыға қояды. Осы ретпен бір-біріне сұрақ қою арқылы жағдаятқа сай тиісті сөздер мен фразаларды анықтап, зерттейді. Бір оқушы ізденіс сұрақтарын үш оқушымен алмастырып, ой бөлісуі керек. Сұрақтардың жауабын екі жақтағы оқушылар да дәптерлеріне жазып отырады. Барлық оқушылар бір-бірімен ой алмасып, сұрақтарды талдап болғаннан кейін барлығының жұмыстарын біріктіріп, бір орта көлемді монолог жазып шығады.

Тыңдалым тапсырмасы

2-тапсырма: «Пирамидалық талқылау» стратегиясы

Сынып оқушылары 4 адамнан тұратын топқа бірігеді. Топ мүшелеріне «Адам құқықтары мен бостандықтары» мәтіні таратылады. Әр топ таратылған флипчарт қағазға тапсырмаға байланысты жеке өз ойларын жазады. Қағазды бұру арқылы бір - бірінің жауабымен танысады. Жауаптарымен танысып, ортақ пікірді қағаз ортасына жазып, ойларын сынып алдында қорғайды.

«Пирамидалық талқылау» стратегиясы

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

.

Бағалау: «Шарлау» белсенді әдіс-тәсілі

Оқушылар кестені толтырып болғаннан кейін жұмыстарын өз орындарында қалдырып, келесі топқа барады. Әр оқушы топтағы бір оқушының жұмысын тексеріп, өз ұсынысын, пікірін айтады. Топта мәтін мен толтырылған кестеге сүйене отырып, өздері тақырып қойып, пікір алмасады.

Топ спикерлері бағалау критерийі арқылы топ жұмысын бағалайды.

Кері байланыс: «Борт журналы»



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу