Адам құқығы мен бостандығы. Қазақ тілі, 9 сынып, сабақ жоспары. 11 сабақ.


Сабақ жоспары №11

Күні:

Тақырыбы: Адам құқығы мен бостандығы

Мектеп:

Мұғалімнің аты:

Сынып: 9 Т1

Қатысушылар саны:

келмегендер:

Оқу мақсаттары

Т/А. 9.1.6.1 қоғамдық-саяси, ғылыми, коммуникативтік жағдаятқа сай тиісті сөздер мен фразаларды таңдау, орта көлемді монолог дайындау

 Сабақ мақсаттары

Қоғамдық-саяси, ғылыми, коммуникативтік жағдаятқа сай тиісті сөздер мен фразаларды таңдайды, орта көлемді монолог дайындайды.

 Бағалау критерийлері

Қоғамдық-саяси, ғылыми, коммуникативтік жағдаятқа сай тиісті сөздер мен фразаларды таңдап, орта көлемді монолог дайындай алады.

 Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: фраза, коммуникативтік жағдаят, монолог, сөз бостандағы, адам, қоғам, құқық.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: менің ойымша..., өз көзқарасымда ... , менің байқауымша..., қорыта айтқанда...

Пәнаралық байланыс

Құқық, тарих

АКТ қолдану дағдылары

«Адам. Қоғам. Құқық»

youtube.com

6 марта 2017, http://video.mivzakon.co.il/-Nq-nLe-ZGI/Адам_Қоғам_Құқық.html

Осыдан бұрын алған білім

Алдыңғы сабақта «Адам құқығы мен сөз бостандығы» деген тақырыпта мәтін талдап, адам құқығы мен мен сөз бостандығы туралы өз көзқарастарын ортаға салып, бір-бірімен ой алмасты.

Жоспар

Уақыт

Жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Сабақтың басы

Миға шабуыл:

«Сезім мүшелері» әдісі

Оқушылар алдымен «Сезім мүшелері» әдісі бойынша шеңберге тұрады. Барлығы бір-бірінің қолдарынан ұстайды. Мұғалім хош иісті балауыз шамын жағады. Сынып бөлмесіндегі балауыз шамнан шыққан хош иіс пен жылы лептің оларға қалай әсер еткенін, бүгінгі сабақтан не күтетінін сұрайды. Оқушылар өз ойларын айтады, бір-біріне жылулық пен жақсы көңіл- күй тілейді. Барлығы бүгінгі сабақ барысында бір сөзбен әрқайсысына сәттілік тілеп орындарына отырады. Оқушылар пікір алмасып болғаннан кейін мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын сынып оқушыларымен бірлесе отырып анықтайды. Сабақ барысында мақсатты нәтижеге жету үшін тапсырмалар бойынша бағалау критерийін жасайды.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Қоғамдық-саяси, ғылыми, коммуникативтік жағдаятқа сай тиісті сөздер мен фразаларды таңдап, орта көлемді монолог дайындай алады.

  • Тақырыпқа сай сөздер мен фразаларды таңдайды.
  • Негізгі ойды сақтай отырып монолог жазады.

http://video.mivzakon.co.il/-Nq-nLe-ZGI/Адам_Қоғам_Құқық.html

Сабақтың ортасы

Тыңдалымалды тапсырмасы

1-тапсырма «Теннистік сұрақ» әдісі

Сынып оқушылары алдымен Адам. Қоғам. Құқық» бейнебаянын тыңдайды. Бейнебаянды тыңдап болғаннан кейін алдын ала таратылған «Сөз бостандығы» тақырыбындағы мәтін нұсқасынан бір қысқа және бір көлемді үзіндіні таңдап алады. Екі қатарға қарама-қарсы қарап отырады. Бірінші «Мәтіндегі басты тақырып не?, Автор өзінің идеясын нақты жеткізуде тілдік құрылымды қалай қолданған?» сұрақтарын қасында отырған оқушыға қояды, ол жауап бермесе қарама-қарсы отырған оқушыға қояды. Осы ретпен бір-біріне сұрақ қою арқылы жағдаятқа сай тиісті сөздер мен фразаларды анықтап, зерттейді. Бір оқушы ізденіс сұрақтарын үш оқушымен алмастырып, ой бөлісуі керек. Сұрақтардың жауабын екі жақтағы оқушылар да дәптерлеріне жазып отырады. Барлық оқушылар бір-бірімен ой алмасып, сұрақтарды талдап болғаннан кейін барлығының жұмыстарын біріктіріп, бір орта көлемді монолог жазып шығады. Жұмысты мұғалімге тапсырады.

Сөз бостандығы

«Қазақстандағы сөз еркіндігі, баспасөз бостандығына қатысты қандай да бір қиындықтар бар деп айту қиын, өйткені билікті ашық сынайтын «Тасжарған», «Свобода слова» секілді тәуелсіз басылымдардың ашық түрде таралып, халық қолына баруы - бұл елдегі сөз бостандығының алғышартының негізі болмақшы. Сондықтан Қазақстанда сөз бостандығы бар деп айта аламыз»,-деп айтқан болатын Т.Әбішев.

Сөз бостандығы - мемлекеттің ажырамас бөлігі. Сөз бостандығынсыз азаматтық қоғамды, демократиялық басқаруды, құқықты мемлекетті көз алдымызға елестету мүмкін емес. Азаматтардың Конституция арқылы кепіл болған саяси құқығының бірі - сөз бостандығы. Сөз бостандығын «демократиялық құндылықтарды іске асырушы» деуге де болады.

Прогрессивті зиялы қауым сөз бен сөз бостандығын ерекше қастер тұта білген. Сөз бостандығының негізгі қозғаушы күштерінің бірі-интеллектуалдық элита, зиялы қауым болып саналады.

Зиялы қауымның бостандық пен әділеттілікке жаны құмар ержүрек болған сайын сөз бостандығы да жоғары деңгейде болмақ. Ал,егерде зиялы қауым жағымпаз, жасық болса, ондай қоғамда сөз бостандығы күрт төмендеп кетуі мүмкін. Сөз бостандығы ақпараттық қауіпсіздікпен бір жүруі шарт. Бостандық пен теңдікке қол жеткізген халық өзін-өзі басқаруы үшін сөз бостандығы болуы аса маңызды. Сөз бостандығының экономикалық әсері зор. Заң ауқымы бойынша жүзеге асырылатын бостандықтың ерекше түрі - сөз бостандығы. Сөз бен бостандық ажырамайтын бірлікте бола отырып, сөз иесіне зор жауапкершілік жүктеледі. Бұған тоқталар болсақ, «Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді», «Отыз тістен шыққан сөз, отыз руға тарайды», «Адамның өзі жетпеген жерге сөзі жетеді» деген мақалдарынан дана халқымыз сөздің жауапкершілігі ауыр екендігін айтып өтсе керек.

Сөз бостандығы - «Ақпарат бостандығы» атты атауға ие болған фактор. Адам баласы өз пікірін білдіруге, баспасөзде болсын ашық жариялауға немесе пікір білдіруден бас тартуына да сөз бостандығы мүмкіндік беретіндігімен ерекшеленіп тұрады. Сондай-ақ сөз бостандығы халықаралық стандарт пен нормаларға негіз бола алады және де журналистің шығармашылық негізін қамтамасыз етуші негізгі күш болып табылады.

Батырбек Гүлайым Ермекқызы

Тыңдалым тапсырмасы

2-тапсырма: «Пирамидалық талқылау» стратегиясы Сынып оқушылары 4 адамнан тұратын топқа бірігеді. Топ мүшелеріне «Адам құқықтары мен бостандықтары» мәтіні таратылады. Әр топ таратылған флипчарт қағазға тапсырмаға байланысты жеке өз ойларын жазады. Қағазды бұру арқылы бір - бірінің жауабымен танысады. Жауаптарымен танысып, ортақ пікірлерін қағаз ортасына жазады, ойларын сынып алдында қорғайды.

Адам құқықтары мен бостандықтары

Адам құқықтары мен бостандықтары (АҚБ) - жеке тұлғаның әлем қауымдастығы мойындап, халықаралық-құқықтық құжаттарда бекітілген, әлеуметтік және құқықтық тұрғыдан қамтамасыз етілген, ешкім шек қоймайтын немесе тыйым сала алмайтын құқықтары мен бостандықтары. Адамның қандай да бір игіліктерді иеленуін қамтамасыз ететін, өз еркімен іс- әрекет жасауына мүмкіндік беретін мемлекет пен бұқара арақатынасының негізгі принциптері АҚБ-на жатады. Адамзат қоғамында бұл мәселеге ежелден баса назар аударылған. Мысалы, Аристотель адам құқықтарын "табиғи" және "шартты" деп екіге бөледі. Адамның табиғи құқықтарын мемлекет орнатқан шартты құқықтардан жоғары қояды. Орта ғасырда АҚБ жасаған қайырымдылықтар, рақымшылықтар ретінде түсіндірілді. Өндірістік қарым-қатынастардың қарқынды даму сатысында өмір сүрген либерализм өкілдері - Т.Гоббс, Дж.Локк, Ш.Монтескье, Ж.Руссо, И.Кант, Т.Джефферсон, Т.Пейн және т.б. ойшылдар АҚБ-на баса назар аударды. Қағидалардың ең маңыздылары ретінде олар адамдардың еркін, қауіпсіз өмір сүруге, жеке меншік иеленуге тең құқықтарының болуын, халық биліктің негізгі иесі екендігін, биліктің тармақталуын, биліктің халық мүддесіне қызмет етуі керектігін атап көрсетті. Жүзеге асырылу ортасына қарай АҚБ азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени болып жіктеледі. Саяси және азаматтық құқықтардың қазіргі тұжырымдары БҰҰ Бас Ассамблеясының Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында (1948 ж., 10 желтоқсан) баяндалған. Қазақстан Республикасының Ата Заңы бойынша:

"1. Қазақстан Республикасында Конституңияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі; 2. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олар дан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік-құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады" (12-бап)

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

3-тапсырма: Оқушылар топпен жұмыстарын сынып алдында қорғағаннан кейін, жеке «БҚО 1» кестесін толтырады.

Мен мәтіндегі тақырып туралы не білемін?

Мен ол туралы тағы не оқып білуім қажет?

Мен нені білдім?

«Шарлау» белсенді әдіс-тәсілі:Оқушылар кестені толтырып болғаннан кейін жұмыстарын өз орындарында қалдырып, келесі топқа барады. Әр оқушы топтағы бір оқушының жұмысын тексеріп, өз ұсынысын, пікірін айтады. Қайтадан өз орындарына барып отырады. Топта мәтін мен толтырылған кестеге сүйене отырып, өздері тақырып қойып, пікір алмасады.

Маған қатты әсер етті

себебі ..............................................................................................................................................

Мені таңғалдырды

себебі ..............................................................................................................................................

Топ мүшелері кестені екінші топтың спикеріне тапсырады. Әр топтың спикерлері жеке үстелдерге отырып, сабақ барысындағы тапсырмаларға бағалау критерийі бойынша сараптама жасап, нәтижесін шығарады.

Мәтін , стикерлер, түрлі-түсті қарындаштар

Сабақтың соңы

Кері байланыс: «Борт журналын» толтырыңыз.

Тақырып бойынша бұрыннан не білемін?

Тақырып бойынша бүгін не білдім?

-мәтіннен;

-сабақтан;

-сыныптасымнан;

-мұғалімнен.

Дифференциациялау – сіз қалай қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?Қабілеттері жоғары оқушыларды қалай ынталандыруды жоспарлайсыз?

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Қорытынды жасау

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шынайы болды ма?

Оқушылар бүгін не меңгерді?

Оқу атмосферасы қандай болды?

Мен жоспарлаған бөліну дұрыс болды ма?

Мен кестеге сәйкес жүрдім бе?

Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер жасадым және неге?

Төмендегі торкөзді өз сабағыңызға қорытынды жасау үшін қолданыңыз. Сіздің сабағыңыз туралы сол жақта орналасқан ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу