Адам құқығы мен бостандығы. Қазақ тілі, 9 сынып, презентация. 12 сабақ.


Сабақтың тақырыбы: Адам құқығы мен сөз бостандығы

Оқу мақсаты: 9.2.4.1 әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау.

Сабақ мақсаты

Оқушылар:мәтіндердің тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау жасайды.

Миға шабуылӨрмекші торы» әдісі

Сынып оқушылары «Қазақстанда адам құқығы сақталған ба?» деген тақырыптағы бейнежазылымды көреді.

Көріп болғаннан кейін оқушылар үлкен шеңберге тұрып біріне-бірі жіп орамын лақтыру арқылы бейнебаян жайлы өз ойларын айтып, өрмекші торын құрады.

Ең соңғы оқушы бұл белсенді оқу тәсілінің мақсатын айқындап, сабақтың тақырыбына болжам жасайды. Жасалған болжам бойынша оқушылар сабақтың тақырыбын анықтайды.

Мұғалім оқушыларды сабақтың оқу мақсатымен таныстырады, бірлесе отырып бағалау критерийін жасайды.

Бағалау критерийі

Оқылымалды тапсырмасы«Мәтінді талдау» әдісі

1-тапсырма

Әр оқушыға мәтіндер таратылады. Оқушылар мәтіндерді оқып болғаннан кейін, тақырыбын, қызметін, құрылымын салыстырып талдайды.

Жанындағы жұбымен тапсырманың дұрыстығын салыстырып, тексереді.

Оқылым тапсырмасы

2-тапсырма

«БҚО 2» кестесі: «Топтастыру - Талдау»

Жұптық жұмыс орындалғаннан кейін оқушылар қарсы отырған екі жұппен топқа бірігіп, ұсынылған 2 мәтінді құрылымына, мазмұнына, тіл ерекшелігіне талдайды.

«БҚО 2» кестесі: «Топтастыру - Талдау»

Оқылымнан кейінгі тапсырма «Алты қалпақ» әдісі

.

«Алты қалпақ» әдісі

Ақ қалпақ : мәтіндегі құнды ақпаратқа назар аударады.

Сары қалпақ: мәтіндегі көтерілген мәселенің жағымды жақтары туралы сөз қозғайды.

Қара қалпақ: мәтіндегі ойдың жағымсыз жақтарына мән береді.

Қызыл қалпақ: мәтінді өз болжамымен байланыстырады.

Жасыл қалпақ: мәтіндегі тақырыбын болашақпен байланыстырып, креативті ой айтады.

Көк қалпақ: барлық ойды қорытындылап, тұжырым жасап,шешім шығарады.

Бағалау

Топтық бағалау

Топтар бағалау критерийі арқылы бірін-бірі бағалайды.

Кері байланыс: «ББТЗО» кестесі



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу