Адам құқығы мен бостандығы. Қазақ тілі, 9 сынып, сабақ жоспары. 12 сабақ.


Сабақ жоспары №12

Күні:

Тақырыбы: Адам құқығы мен бостандығы

Мектеп:

Мұғалімнің аты:

Сынып:9

Қатысушылар саны:

келмегендер:

Оқу мақсаттары

О. 9.2.4.1 әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау.

 Сабақ мақсаттары

мәтіндердің тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау жасау.

 Бағалау критерийлері

мәтіндердің тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау жасайды.

 Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: сөз бостандығы, адам құқығы, демократия, халықтық билік.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: менің ойымша..., өз көзқарасымда ... , менің байқауымша...

Құндылықтарды дарыту

өз құқығын қорғау

Пәнаралық байланыс

Құқық, тарих

АКТ қолдану

http://www.youtube.com/watch?v=HQ1wQ1R1oYA «қазақстанда адам құқығы сақталған ба?»

Осыдан бұрын алған білім

Алдыңғы сабақта «Адам. Қоғам. Құқық»деген тақырыпта оқушылар түрлі тапсырмаларды орындады, әртүрлі мәтіндермен жұмыс жасап,өз көзқарастарын ортаға салды, бір-бірімен ой алмасты.

Жоспар

Уақыт

Жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Сабақтыңбасы

Миға шабуыл : «Өрмекші торы»

Сынып оқушылары «Қазақстанда адам құқығы сақталған ба?» деген тақырыптағы бейнежазылымды көреді.Көріп болғаннан кейін оқушылар үлкен шеңберге тұрып біріне-бірі жіп орамын лақтыру арқылы бейнебаян жайлы өз ойларын айтып, өрмекші торын құрады. Ең соңғы оқушы бұл белсенді оқу тәсілінің мақсатын айқындап, сабақтың тақырыбына болжам жасайды. Жасалған болжам бойынша оқушылар сабақтың тақырыбын анықтайды. Мұғалім оқушыларды сабақтың оқу мақсатымен таныстырады, бағалау критерийін жасайды.

Бағалау критерийі

Дескриптор

мәтіндердің тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау жасайды.

  • мәтіннің негізгі бөліктеріндегі (тірек сөздер, сөз тіркестері, сөйлем, абзац т.б.) ойды жүйелейді.
  • мәтінді абзацтар мен бөліктерге бөледі.
  • мәтіннің тілдік ерекшелігін салыстырып талдайды.

Мәтін , стикерлер, түрлі-түсті қарындаштар, интерактивті тақта

Сабақтың ортасы

Оқылымалды тапсырмасы

«Мәтінді талдау» әдісі

1-тапсырма

1. Әр оқушыға мәтіндер таратылады. Оқушылар мәтіндерді оқып болғаннан кейін, тақырыбын, қызметін, құрылымын салыстырып талдайды.

2.Жанындағы жұбымен тапсырманың дұрыстығын салыстырып, тексереді.

Адам құқығы білім саласы ретінде

Адам құқығы саласындағы алғашқы маңызды ұғымдардың бірі — XX ғасырдан белгілі демократия ұғымы. Қазіргі кезде кез келген саяси қозғалыстар бағдарламаларына өз елдерінде демократияны орнатуды басты мақсат ретінде енгізеді. Әлем бойынша демократияның алуан түрлі анықтамасы кездеседі, қазіргі тілде «демократия» сөзінің бірнеше мағынасы бар. Грек тілінен аударғанда бұл сөз «халық билігі» деген мағынаны береді, ал ежелгі гректер бұл ұғымды «халықтық билік» деп қабылдаған. Американдық мемлекет қайраткері А. Линкольн демократияны «халықпен сайланған және халық үшін халықтың басқаруы» деп санайды.

«Демократиялық мемлекет» дегеніміз -жалпы танылған адам және азаматтың құқығы, бостандығының құрылымы мен әрекеті, халықтың еркін білдіретін мемлекет. Халық биліктің қайнар көзі болып табылады.

Қазіргі кездегі мемлекеттерде, соның ішінде өкілеттік демократия өмір сүреді, яғни халық өз өкілдерін мемлекетті басқару үшін (мысалы, Президент, Парламент, жергілікті өкілетті орган депутаттары), халықтың әділетті өкілеттілігін қамтамасыз ету үшін ерікті, ашық және әділ сайлауды қажет деп есептейді. Барлық азаматтардың сайлауға қатысу құқығы демократияның маңызды принципі болып табылады. Сонымен бірге көпшілік тұрғындардың нақты еркін білдіретін депутаттар сайланады.

«Демократия» ұғымы, көбінесе «көпшіліктің билігі» деп те түсіндіріледі. Көпшіліктің билігі азшылық және жеке адамдарға қатысты алғанда қатал болуы мүмкін. Демократия көпшілікке ғана қатысты емес, сонымен бірге азшылықтың ұлттық, діни, т.б. құқықтарын сақтайды.

«Адам құқығы», «тұлға құқығы», «жеке тұлға құқығы» ұғымдары бірсарынды болғанымен, мағыналары әр түрлі. Адам, бір жағынан алғанда, табиғаттың бөлігі, екінші жағынан алып қарасақ, әлеуметтік тұлға. С.И. Ожегов анықтамасы бойынша, «жеке тұлға» - жеке, тірі ағза». «Тұлға» ұғымы адамның әлеуметтік маңызын білдіреді. Адам табиғи «биологиялық» және қоғамдық «әлеуметтік» бірлік, яғни «адам құқығы» ұғымы «жеке тұлға құқығы» (табиғат бөлігі ретінде) және «тұлға құқығы» (қоғамның бөлігі ретінде) ұғымдарын қамтиды. «Тұлға» ұғымының «азамат» ұғымына қарағанда мәні кең, себебі кез келген тұлға азамат болып табылмайды. Сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясы осы екі ұғымды қабылдай отыра, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын белгілейді.

Азамат құқығы мен адам құқығының айырмашылығы адамның тек қана мемлекетпен өзара қарым-қатынасын бір жақты қарастырудағы «азаматтық қоғам» және «мемлекет» ұғымдарының айырмашылығынан туындайды.

Адам құқығы мен бостандығы туралы қазіргі кездегі көзқарастар мемлекет пен бостандықтың өзара байланысы ғана емес, сонымен бірге бостандық пен демократияның өзара байланысының маңыздылығын айтады. «Бостандық нақты демократияның басты алғышарттарының бірі болып, халық бостандықтың мәнін ұғынып, оны қажет етуі, оны бағалай алуы керек және оны орынды іске асыра отырып, ол үшін күресе алуы қажет», - дейді орыс философы И. Ильин. Осының барлығы бостандық өнері ретінде бейнеленуі қажет: егер аталғандардың ешқайсысы да болмаса - демократияның да болмағаны.

Б. Чичерин: «Егер халық бостандықтың ұзақ дәстүріне ие болмаған болса, онда бостандықты біртіндеп енгізу қажет, себебі оны дұрыс қолданбау маңызды қоғамдық қайшылықтарға әкеліп соғады», - деген пікірді айтады. Кеңестік кезеңдегі тарих (мысалы, 1917-1922 жж. оқиғалар) бостандықты дұрыс іске асырмаудың көрінісін анық бейнелеп берді.

Адамның қадір-қасиетін тану дегеніміз - адамды саяси субъект ретінде оның белсенділігін, қайта құру әрекеттеріне деген құқықтарын тану болып табылады.

Ғылыми және оқу әдебиеттерінде «адамның негізгі, түпкі, сан қырлы құқықтары мен бостандықтары» деген ұғым жиі кездеседі, кейде олар конституциялық құқықтар мен бостандықтар деп те аталады, себебі олар конституция және адам құқығы туралы маңызды халықаралық актілерде бекітілген. Конституциядан басқа әр түрлі заңдар мен заңдылық актілерде адам және азаматтың басқа да көптеген құқықтары көрсетілген. Мысалы, білім алу үшін жоғары оқу орнын таңдау құқығы - әрбір талапкердің құқығы, бұл құқық адам құқығының түпкілікті құқықтарына жатпайды.

Конституциялық құқық

Конституциялық құқық — құқық жүйесінің басты саласы (кейбір елдерде ол "мемлекеттік құқық" деп аталады). Конституциялық құқық, құқықтың басқа салаларының жасалуы, әрекет ету мен қалыптасуының негізі болып табылады. Мұндай салалар бүгінгі күні жиырмадан астам: мысалы, әкімшілік құқықазаматтық құқыққылмыстық құқыққаржы құқығы және т.б.

Конституциялық құкық маңызды мынадай мәселелерді:

  • қоғам мен мемлекет құрылысының негіздерін;
  • мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару ісін жүзеге асырудың тәртібін;
  • адам және азамат құқығын, бостандығы мен міндеттерін реттейді.

Конституциялық құқық - адам, мемлекет пен қоғамның өз тіршілік әрекетін құруына өте кажетті оған лайықты басты ережелерді белгілейді. Мемлекеттік билікті жүзеге асырумен байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастар конституциялық құқықтың пәнін құрайды. Қазақстан Республикасында азаматтарға мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік берілген. Азаматтардың бұл құқығын кім камтамасыз етеді? Әрине осыны жүзеге асыруға құқылы мемлекеттік органдар (мысалы, Білім және ғылым министрлігі). Біздің елімізде әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамаларын сақтауға, басқа тұлғалардын құқықтары мен еркіндіктерін, ар-ожданы мен абыройын қастерлеуге міндетті. Аталған талаптар сақталмаған жағдайда оны бұзушыларға мемлекеттік органдардың алдында (полицияпрокуратурасот) жауап беруге тура келеді. Конституциялық құқық қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуге багытталған әдістер мен тәсілдер арқылы реттейді. Оларға мыналар жатады:

  • міндеттеу әдісі;
  • тыйым салу әдісі;
  • ерік беру әдісі;
  • мойындау әдісі.

Қазақстанда әркім  мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге міндетті (аталған жағдайда міндеттеу әдісі қолданылады). Республика азаматын Қазақстаннан тысқары жерлерге қуғындауға жол берілмейді (мұнда тыйым салу әдісі колданылады). Біздің елімізде әркім өзінін ана тілін, мәдениетін пайдалануға, колдануға құқығы бар екендігі белгілі (бұл жағдайда ерік беру әдісі колданылады). Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адамдардың құқықтары мен еркіндіктері танылады және оған кепілдік беріледі .

Оқылым тапсырмасы

2-тапсырма

«БҚО 2» кестесі: «Топтастыру - Талдау»

Жұптық жұмыс орындалғаннан кейін оқушылар қарсы отырған екі жұппен топқа бірігіп, ұсынылған 2 мәтінді құрылымына, мазмұнына, тіл ерекшелігіне талдайды.

Құрылымы

Мазмұны

Мысалдар бойынша тіл ерекшеліктері

Кіріспе абзац

Мәтіннің тақырыбы

Стиль

Сөз тіркестері

Терминдер

Негізгі бөлім, қорытынды - абзац

Мәтіннің

маңызы

Етістіктер

Оқылымнан кейінгі тапсырма

3-тапсырма«Алты қалпақ» әдісі

Оқушыларға 6 түс ұсынылады, түстерді өз қалаулары бойынша таңдап алады. Таңдап алған түстері бойынша мәтіндегі ойды,көтерілген мәселені өмірмен байланыстырып, өз көзқарастарымен тұжырымдайды.

Ақ қалпақ : мәтіндегі құнды ақпаратқа назар аударады.

Сары қалпақ: мәтіндегі көтерілген мәселенің жағымды жақтары туралы сөз қозғайды.

Қара қалпақ: мәтіндегі ойдың жағымсыз жақтарына мән береді.

Қызыл қалпақ: мәтінді өз болжамымен байланыстырады.

Жасыл қалпақ: мәтіндегі тақырыбын болашақпен байланыстырып, креативті ой айтады.

Көк қалпақ: барлық ойды қорытындылап, тұжырым жасап,шешім шығарады.

Топтық бағалау. Топтар бағалау критерийі арқылы бірін-бірі бағалайды.

Сабақтың соңы

Кері байланыс:

«ББТЗО» кестесін толтыр.

Б

Адам құқығы мен бостандығы туралы мен не білемін?

Б

Нені білгім келеді?

Т

Көбірек ақпаратты мен қайдан таба аламын?

З

Нені зерделеу керек?

О

Одан әрі не істеу керек?

Дифференциалау – сіз қалай қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?Қабілеттері жоғары оқушыларды қалай ынталандыруды жоспарлайсыз?

«Адам құқығы мен бостандығы» - берілген тақырып негізінде ақпараттық мақала жазу.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Қорытынды жасау

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шынайы болды ма?

Оқушылар бүгін не меңгерді?

Оқу атмосферасы қандай болды?

Мен жоспарлаған бөліну дұрыс болды ма?

Мен кестеге сәйкес жүрдім бе?

Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер жасадым және неге?

Төмендегі торкөзді өз сабағыңызға қорытынды жасау үшін қолданыңыз. Сіздің сабағыңыз туралы сол жақта орналасқан ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу