Адам құқығы мен бостандығы. Қазақ тілі, 9 сынып, дидактикалық материал. 13 сабақ.


Дидактикалық материал

Қазақстанда сөз бостандығы қандай дәрежеде?

(https://www.azattyq.org/a/1179426.html )

«Қазақстандағы сөз бостандығы шектеулі жағдайда» деген тәуелсіз журналистер мен халықаралық ұйымдардың пікірімен ресми үкімет өкілдері келіспейді.

Қазақстан президенті жанындағы адам құқығы жөніндегі комиссияның хатшысы Тастемір Әбішев Қазақстанда «сөз бостандығы бар» деп есептейді. Оның айтуынша, Қазақстанның негізгі заңында, халықаралық талапқа сай, елдің әрбір азаматының ақпарат алуға құқылы екендігі көрсетілген. Сонымен бірге Т.Әбішев азаматтардың өздеріне қажетті кез келген ақпаратқа қол жеткізу құқығы жөнінде жеке заң қабылдануы қажет екенін айтады.

- Қазақстандағы сөз еркіндігі, баспасөз бостандығына қатысты қандай да бір қиындықтар бар деп айту қиын, өйткені билікті ашық сынайтын «Тасжарған», «Свобода слова» секілді тәуелсіз басылымдардың ашық түрде таралып, халық қолына баруы - бұл елдегі сөз бостандығының алғышарттарының негізі болмақшы. Сондықтан Қазақстанда сөз бостандығы бар деп айта аламыз, - дейді Т.Әбішев.

Алайда Қазақсанда шығатын «Тасжарған» газетінің бас редакторы Бақытгүл Мәкімбай бұл пікірмен келіспейді.

- Қазақстанда сөз бостандығы, баспасөз еркіндігі мәселесін жақсы деп айтуға әлі ерте. Өйткені тәуелсіз басылымдар көптеген қиындықтарға ұшырайды, ал осы басылымдардың журналистері үнемі бақылауда, үлкен қысым жағдайында жүреді, - дейді журналист.

ЮНЕСКО ұйымының Қазақстандағы бюросының жетекшісі Тарья Виртанан ханымның айтуынша, өткен жылы БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі жоғары комиссары Қазақстанға арнайы сапармен келіп, осындағы адам құқығы және сөз бостандығы жағдайымен танысып қайтқан соң, өзінің бағалауын жасаған болатын. Бұл бағалау бойынша Қазақстанның қазіргі қолданыстағы бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңы халықаралық норма, талаптарға сай еместігі, заңда ақпарат құралдары үшін көптеген шектеулер мен олқылықтардың бар екендігі айтылыпты.

- ЮНЕСКО ұйымы Қазақстандағы және аймақтағы басқа елдердегі сөз бостандығына қатысты жағдайды жақсарту мақсатында үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп жұмыс істеуге дайын, - деді ЮНЕСКО ұйымының Қазақстандағы өкілі.

БҰҰ-ның Даму Бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілінің орынбасары Стелиана Недера ханымның айтуынша, әлемнің кез-келген мемлекетіндегі азаматтық қоғамның қаншалықты деңгейде дамығандығы сол елдегі баспасөз еркіндігінің толық жағдайын көрсете алмақшы.

- Яғни, бұл екі ұғымды бір-бірінен ажыратып бөлек қарауға әсте болмайды. Сөз еркіндігі, баспасөз бостандығы азаматтық қоғамның бір маңызды бөлшегі болып табылады. Қазақстандағы сөз еркіндігі, баспасөз бостандығы мәслесіне келер болсақ, БҰҰ ның Даму Бағдарламасы бұл мәселе бойынша соңғы жылдары қандай бір зерттеу жұмыстарын жүргізген жоқ, сондықтан бұл жөнінде қандай бір баға айту қиын, - дейді С.Недера.

Өткен жылы халықаралық «Freedom House» ұйымы әлемнің 195 еліндегі сөз бостандығы, баспасөз еркіндігі мәселесіне зерттеу жасап сол зерттеу қортындысы бойынша Қазақстан Тәжікстанмен бірге баспасөз еркіндігі нашар елдердің қатарында 166- орынды иеленген.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
Пікір жазу