Адам құқығы мен бостандығы. Қазақ тілі, 9 сынып, презентация. 13 сабақ.


Сабақтың тақырыбы: Адам құқығы мен сөз бостандығы

Оқу мақсаты: О. 9.2.5.1 мәтінде көтерілген мәселеге оқырманның қарым-қатынасын анықтауға арналған талқылау сұрақтарын құрастыру.

Сабақ мақсаты

Оқушылар:мәтінде көтерілген мәселеге оқырманның қарым-қатынасын анықтауға арналған талқылау сұрақтарын құрастырып, жауап береді.

Миға шабуыл:«Сөз бұлты» әдісі

Оқушылар алдымен ««Ата заңымызда адам құқығы мен бостандығы басты құндылық екені жазылған» бейнебаянын көреді.

Бейнебаянды көргеннен кейін «Адам құқығы мен бостандығы» тақырыбына байланысты сөздер мен сөз тіркестерін «Сөз бұлтына» жазады. Екі топқа бөлініп «Сөз бұлтында» берілген идеяларды топтастырады.

Топ мүшелері жазғандарын тақтаға іледі. Әр топтың лидері шығып тақырып бойынша ойларын толық айтып шығады.

Оқылымалды тапсырмасы

«Айналмалы бекеттер» әдісі

1. Оқушылар берілген сұрақтарға сүйеніп, мәселені, тақырыпты толығымен қамтиды, сондай-ақ олардың белсенділігі артып, жылдам қозғалады.

2. Бөлмеге адам құқығы мен бостандығы жайлы тақырыптар ілінген қағаз және түрлі-түсті қаламдар бар бірқатар бекеттер қойылады (оқушыларды қалам түстеріне қарай топқа бөлу қажет, әр топқа әр түсті қалам беріледі, осылайша топтар қандай үлес қосқанын көруге болады).

3. Әр топ өз бекетінің жанына орналасады. Берілген тақырып пен сұрақтарды талқылап, өз идеяларын газетке немесе тақтаға жазу үшін топтарға 5 минут уақыт беріледі. Уақыт аяқталғаннан кейін топтар кабинеттегі жаңа бекеттерге көшеді, ол бекетте бұған дейін болған топтардың идеяларын негізге ала отырып, талқылауды жалғастырады. Барлық топтар бекеттердің барлығын өтіп, өзге топтардың түсініктемелерін қарастырып болғанша әр 5 минут сайын топтар бекеттерін ауыстырып отырады.

Талқылау сұрақтары

1-тапсырма: мәтінді оқып, талқылау сұрақтарын құрастырыңдар.

Мақалада айтылған ойлар жайлы сенің пікірің қандай?

Бүгінгі таңдағы Қазақстандағы «сөз бостандығы» , баспасөз еркіндігі» туралы не айтар едің?

Оқылым тапсырмасы «Пайымдау сұрақтары» әдісі

2-тапсырма

Қазақстандағы сөз бостандығы қандай дәрежеде?

«Сөз бостандығы» дегенді қалай түсінесің?

Оқылымнан кейінгі тапсырма

.

Бағалау

Шығармашылық топ бағалау критерийі арқылы топ жұмысын бағалап, қорытындысын айтады.

Кері байланыс: «БББ» парағы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу