Адам құқығы мен бостандығы. Қазақ тілі, 9 сынып, презентация. 14 сабақ.


Сабақтың тақырыбы: Адам құқығы мен сөз бостандығы

Оқу мақсаты: Ж. 9.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, көтерілген мәселе бойынша екіжақты пікірді немесе жағдаятты талқылау, біреуіне таңдау жасап, өз ойын дәлелдеп жазу (аргументативті эссе)

Сабақ мақсаты

Оқушылар:эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, көтерілген мәселе бойынша екіжақты пікірді немесе жағдаятты талқылайды, біреуіне таңдау жасап, өз ойын дәлелдеп жазады (аргументативті эссе)

Миға шабуыл:«Әткеншек» әдісі

Оқушылар «бірінші және екінші» болып екі топқа бөлінеді. Оқушылар бір-біріне қарама-қарсы қарап, сыртқы және ішкі шеңберге тұрады.

Барлығына бірдей «Сенің сөз бостандығы мен баспасөз еркіндігі туралы ойың қандай?» деген сұрақ қойылады. «Бірінші нөмір» «екіншіге», «екінші нөмір» «біріншіге» жауап береді, содан кейін «біріншілер» солға жылжиды, «екіншілер» орындарында қалады. Келесі сұрақ қойылады. Енді «екіншілер» оңға жылжиды, «біріншілер» орындарында қалады. Осылайша сұрақ біткенше жылжып, орын ауыстырып, жауап береді.

Талдау аяқталған соң мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын сынып оқушыларымен бірлесе отырып анықтайды. Сабақ барысында мақсатты нәтижеге жету үшін тапсырмалар бойынша бағалау критерийін жасайды.

Бағалау критерийі

Жазылымалды тапсырмасы«Уақыт шеңбері» әдісі

1-тапсырма

Сынып оқушылары алдымен «Бала құқығы - адам құқығы»(youtube.com https://www.youtube.com/watch?v=qoxLla4pNDk ) бейнебаянын көреді де, топқа бөлініп, шеңбер жасап отырады. Уақыт шеңберіндегі ең маңызды ереже оқушылардың барлығы талқылауға түгелдей қатысуы керек. Топ мүшелері негізгі үш ережені талқылау керек:

1. тек бір адам ғана сөйлеу керек – әңгіме тақырыбы ережелердің сақталуына мүмкіндік туғызуы керек.

2. егер сіз тақырып аясында сөйлегіңіз келмесе, «сөзіңізді» басқаға бере аласыз.

3. ешқандай ескерту болмау керек.

Әр топта топ жұмысын ұйымдастырушы делдал болады. Делдал мұғалім дайындап келген сұрақтар бойынша топтағы оқушыларды әңгімелесуге, пікірлесуге шақырады. Бір сұраққа жауап бергісі келмеген оқушы болса, оған жетелеуші сұрақтар қойып, топ жұмысына қатыстыруға тырысу керек.

Жазылым тапсырмасы

2- тапсырма«Үш қадамды сұхбат» әдісі

Әр топ әңгіме бойынша бойынша 3 түрлі сұрақ құрастырып, пікір алмасады.

Анықтау. «Адам құқығы мен бостандығы» тақырыбының маңызын анықтау.

Салыстыру. Адамзат бойындағы құндылықтарды бағалап,салыстыру.

Бағалау. Тақырыпты өзі таңдап, өз көзқарасы тұрғысынан қорытып, аргументативті эссе жазу.

Эссеге ұсынылатын тақырыптар:

Құқық- әділет пен парасат жолы

Құқықтық сауаттылық – заман талабы

Бала құқығы- асыл қазына

Жазылымнан кейінгі тапсырма

.

Бағалау

Топтық бағалау

Топ спикерлері бағалау критерийі арқылы топ жұмысын бағалайды.

Кері байланыс: «Бағалау бәйтерегі»



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу