Адам құқығы мен бостандығы. Қазақ тілі, 9 сынып, сабақ жоспары. 14 сабақ.


Сабақ жоспары №14

Күні:

Тақырыбы: Адам құқығы мен бостандығы

Мектеп:

Мұғалімнің аты:

Сынып: 9 Т1

Қатысушылар саны:

келмегендер:

Оқу мақсаттары

Ж. 9.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, көтерілген мәселе бойынша екіжақты пікірді немесе жағдаятты талқылау, біреуіне таңдау жасап, өз ойын дәлелдеп жазу (аргументативті эссе)

 Сабақ мақсаттары

эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, көтерілген мәселе бойынша екіжақты пікірді немесе жағдаятты талқылау, біреуіне таңдау жасап, өз ойын дәлелдеп жазады (аргументативті эссе)

 Бағалау критерийлері

эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, көтерілген мәселе бойынша екіжақты пікірді немесе жағдаятты талқылау, біреуіне таңдау жасап, өз ойын дәлелдеп жаза алады. (аргументативті эссе)

 Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика мен терминология: эссе, сөз бостандығы, адам құқығы, адамзат құқығы, ата заң т.б.

Диалог пен жазылымға арналған тілдік қолданыстар:

Менің ойымша, бұл пікір...

Себебін мен былай түсіндіремін...

Оны мына мысалдармен дәлелдей аламын...

Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...

 Құндылықтарды дамыту

Сөз, ой еркіндігіне баулу

Пәнаралық байланыс

Құқық

АКТ қолдану дағдылары

«Бала құқығы - адам құқығы» youtube.com

https://www.youtube.com/watch?v=qoxLla4pNDk

Осыдан бұрын алған білім

Оқушылар алдыңғы сабақта «Адам құқығы мен бостандығы»деген тақырыпта мәтінмен жұмыс жасап,өз көзқарастарын ортаға салып, бір-бірімен ой алмасты.

Жоспар

Уақыт

Жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Басы

Миға шабуыл:

«Әткеншек» әдісі

Тапсырма «Әткеншек» әдісі арқылы жүзеге асады. Бұл тәсіл оқушылардың өз ойын дәлелді жеткізуге үйретеді. Оқушылар «бірінші және екінші» болып екі топқа бөлінеді. Оқушылар бір-біріне қарама-қарсы қарап, сыртқы және ішкі шеңберге тұрады. Барлығына бірдей «Сенің сөз бостандығы мен баспасөз еркіндігі туралы ойың қандай ?» деген сұрақ қойылады. «Бірінші нөмір» «екіншіге», «екінші нөмір» «біріншіге» жауап береді, содан кейін «біріншілер» солға жылжиды, «екіншілер» орындарында қалады. Келесі сұрақ қойылады. Енді «екіншілер» оңға жылжиды, «біріншілер» орындарында қалады. Осылайша сұрақ біткенше жылжып, орын ауыстырып, жауап береді.

Талдау аяқталған соң мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын сынып оқушыларымен бірлесе отырып анықтайды. Сабақ барысында мақсатты нәтижеге жету үшін тапсырмалар бойынша бағалау критерийін жасайды.

Бағалау критерийі

дескриптор

эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, көтерілген мәселе бойынша екіжақты пікірді немесе жағдаятты талқылау, біреуіне таңдау жасап, өз ойын дәлелдеп жаза алады. (аргументативті эссе)

  • Эссе құрылымы сақталған;
  • Көтерілген мәселені талқылай алады;
  • Өз ойын дәлелді жазады .

Ортасы

Жазылымалды тапсырмасы

«Уақыт шеңбері» әдісі

1-тапсырма

Сынып оқушылары алдымен « Бала құқығы - адам құқығы»(youtube.com https://www.youtube.com/watch?v=qoxLla4pNDk ) бейнебаянын көреді де, топқа бөлініп, шеңбер жасап отырады. Уақыт шеңберіндегі ең маңызды ереже оқушылардың барлығы талқылауға түгелдей қатысуы керек. Топ мүшелері негізгі үш ережені талқылау керек:

1. тек бір адам ғана сөйлеу керек – әңгіме тақырыбы ережелердің сақталуына мүмкіндік туғызуы керек.

2. егер сіз тақырып аясында сөйлегіңіз келмесе, «сөзіңізді» басқаға бере аласыз.

3. ешқандай ескерту болмау керек.

Әр топта топ жұмысын ұйымдастырушы делдал болады. Делдал мұғалім дайындап келген сұрақтар бойынша топтағы оқушыларды әңгімелесуге, пікірлесуге шақырады. Бір сұраққа жауап бергісі келмеген оқушы болса, оған жетелеуші сұрақтар қойып, топ жұмысына қатыстыруға тырысу керек.

Жазылым тапсырмасы

2- тапсырма

«Үш қадамды сұхбат» әдісі

Әр топ әңгіме бойынша бойынша 3 түрлі сұрақ құрастырып, пікір алмасады.

Анықтау. «Адам құқығы мен бостандығы» тақырыбының маңызын анықтау.

Салыстыру. Адамзат бойындағы құндылықтарды бағалап,салыстыру.Бағалау. Тақырыпты өзі таңдап, өз көзқарасы тұрғысынан қорытып, аргументативті эссе жазу.

Эссеге ұсынылатын тақырыптар:

  • Құқық- әділет пен парасат жолы
  • Құқықтық сауаттылық – заман талабы
  • Бала құқығы- асыл қазына

Жазылымнан кейінгі тапсырма

Оқушылар белгіленген уақытта эссе жазып болғаннан кейін топ ішінде бірін-бірі тексеріп бағалайды:

  • Эсседе тақырыпты дәлелді талдап көрсете алған ба?
  • Эссе арқылы оқырман өз ой-пікірін, жеке көзқарасын шығармашылықпен жеткізе алды ма?

Мәтін,стикерлер, түрлі-түсті қарындаштар

Соңы

Топтық бағалау. Топ спикерлері бағалау критерийі арқылы топ жұмысын бағалайды.

Кері байланыс: «Бағалау бәйтерегі»

Топ бойынша «Бағалау бәйтерегіне» өз деңгейлерін стикер арқылы жапсырып көрсетеді.

стикер, «Бағалау бәйтерегі»

Дифференциалау – сіз қалай қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?Қабілеттері жоғары оқушыларды қалай ынталандыруды жоспарлайсыз?

Шығармашылық тапсырма: «Әңгіме картасы- Зерттеу»

«Адам құқығы мен бостандығы» тақырыбында шағын жоба жұмысын жазу.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Қорытынды жасау

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шынайы

болды ма?

Оқушылар бүгін не меңгерді?

Оқу атмосферасы қандай болды?

Мен жоспарлаған бөліну дұрыс болды ма?

Мен кестеге сәйкес жүрдім бе?

Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер жасадым және неге?

Төмендегі торкөзді өз сабағыңызға қорытынды жасау үшін қолданыңыз. Сіздің сабағыңыз туралы сол жақта орналасқан ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу