Адам құқығы мен бостандығы. Қазақ тілі, 9 сынып, презентация. 15 сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Адам құқығы мен сөз бостандығы
Оқу мақсаты:Ж. 9.3.6.1 жазба жұмысын абзацтар мен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық түзетулер енгізу, редакциялау.
Сабақ мақсаты
Оқушылар:жазба жұмысын абзацтар мен бөліктерге бөліп, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелейді, логикалық түзетулер енгізіп, редакциялайды.
Миға шабуыл:«Төрт сөйлем әдісі» әдісі
Оқушылар «Бала құқығы, адам құқығы» бейнежазылымын көріп, «Адам құқығы мен сөз бостандығы» тақырыбында төрт сөйлем арқылы өз көзқарастарын жеткізеді.
Пікір. «Адам құқығы мен сөз бостандығы»
Дәлел. ...................................................................................................................
Мысал. .................................................................................................................
Қорытынды. ...........................................................................................
Талдау аяқталғаннан кейін оқушылар оқу мақсаты мен танысып, бірлесе отырып бағалау критерийін жасайды.
Бағалау критерийі
Жазылымалды тапсырмасы«Өкіл» стратегиясы
1-тапсырма
Сынып топқа бөлінеді, топтарға «Адам құқығы- бала құқығын қорғаудан басталады», «Бала - әрқашан бала» мәтіндері таратылады, оқушылар мәтіндегі ақпаратты топпен талқылайды.
Әр топтан бір адам «өкіл» болып басқа топқа барады. Барған тобына пікірлер бойынша туындаған өз тобының көзқарасын жеткізеді, басқалардың сұрақтарына жауап береді, басқа «өкілдерді» тыңдайды, олардан алған ақпараттарын жинақтайды. Өз тобына қайта оралады. Топ ішінде жинақталған ақпараттар бойынша талқылау жүреді, талдау жұмысы аяқталғаннан кейін топ мүшелері мәтіннің бір абзацына логикалық түзетулер енгізіп, редакциялайды.
Жазылым тапсырмасы«Тыңдайтын үшбұрыштар» әдісі
2 - тапсырма
Оқушылар «Тыңдайтын үшбұрыштар» әдісі арқылы үш адамнан тұратын топқа бірігеді: спикер, интервьюер, хатшы. Әр топқа 1-тапсырмада ұсынылған мәтіндерден алынған сөздер мен мәтін үзінділері жазылған үлестірме қағаздар таратылады.
СПИКЕР: 1-тапсырмада ұсынылған мәтінді абзацтар мен бөліктерге бөліп, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп жеткізеді, логикалық түзетулер енгізіп, редакциялайды.
ИНТЕРВЬЮЕР: мұқият тыңдайды және егжей-тегжейін анықтау үшін сұрақтар қояды.
ХАТШЫ:үдерісті бақылайды және «спикерге» де, «интервьюерге» де кері байланыс береді. Бағалау критерийіне сай қорытынды ойын айтып, жауаптар мен сұрақтарға баға береді.
Жазылымнан кейінгі тапсырма
.Бағалау
Топтық бағалау
Топтар бағалау критерийі арқылы бірін-бірі бағалайды.
Кері байланыс: «Борт журналы»
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?