Адам құқығы мен бостандығы. Қазақ тілі, 9 сынып, сабақ жоспары. 15 сабақ.
Сабақ жоспары №15
Күні: Тақырыбы: Адам құқығы мен бостандығы |
| |||||||
Сынып:9 | Қатысушылар саны: | келмегендер: | ||||||
Оқу мақсаттары | Ж. 9.3.6.1 жазба жұмысын абзацтар мен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық түзетулер енгізу, редакциялау | |||||||
Сабақ мақсаттары | жазба жұмысын абзацтар мен бөліктерге бөліп, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелейді, логикалық түзетулер енгізіп, редакциялайды. | |||||||
Бағалау критерийлері | жазба жұмысын абзацтар мен бөліктерге бөліп, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелей, логикалық түзетулер енгізіп, редакциялай алады. | |||||||
Тілдік мақсаттар | Пәндік лексика мен терминология: бала құқығы, адам құқығы, т.б. Диалог пен жазылымға арналған тілдік қолданыстар: Менің ойымша, бұл пікір... Себебін мен былай түсіндіремін... Оны мына мысалдармен дәлелдей аламын... Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім... | |||||||
Құндылықтарды дарыту | Өз құқығын қорғау | |||||||
Пәнаралық байланыс | Құқық | |||||||
АКТ қолдану | 5 декабря 2018, https://tubov.online/videoplayer_eVM2ZlFpMjZyV3Br/bala_yy_adam_yy | |||||||
Осыдан бұрын алған білім | Алдыңғы сабақта ұсынылған тақырыптың бірін таңдап,өз көзқарастарын дәлелді тұжырымдап аргументативті эссе жазды. | |||||||
Жоспар | ||||||||
Уақыт | Жоспарланған іс-шаралар | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы | Миға шабуыл: «Төрт сөйлем» әдісі Оқушылар «Бала құқығы, адам құқығы» бейнежазылымын көріп, «Адам құқығы мен сөз бостандығы» тақырыбында төрт сөйлем арқылы өз көзқарастарын жеткізеді. Пікір. «Адам құқығы мен сөз бостандығы» Дәлел. ................................................................................................................... Мысал. ................................................................................................................. Қорытынды. ........................................................................................... Талдау аяқталғаннан кейін оқушылар оқу мақсаты мен танысып, бірлесе отырып бағалау критерийін жасайды.
| Мәтін , стикерлер, түрлі-түсті қарындаштар, интерактивті тақта | ||||||
Сабақтың ортасы 25 | Жазылымалды тапсырмасы 1-тапсырма «Өкіл» стратегиясы Сынып топқа бөлінеді, топтарға «Адам құқығы- бала құқығын қорғаудан басталады», «Бала - әрқашан бала» мәтіндері таратылады, оқушылар мәтіндегі ақпаратты топпен талқылайды. Әр топтан бір адам «өкіл» болып басқа топқа барады. Барған тобына пікірлер бойынша туындаған өз тобының көзқарасын жеткізеді, басқалардың сұрақтарына жауап береді, басқа «өкілдерді» тыңдайды, олардан алған ақпараттарын жинақтайды. Өз тобына қайта оралады. Топ ішінде жинақталған ақпараттар бойынша талқылау жүреді, талдау жұмысы аяқталғаннан кейін топ мүшелері Топ ішінде жинақталған ақпараттар бойынша талқылау жүреді, талдау жұмысы аяқталғаннан кейін топ мүшелері мәтіннің бір абзацына логикалық түзетулер енгізіп, редакциялайды. Жазылым тапсырмасы 2 - тапсырма «Тыңдайтын үшбұрыштар» әдісі Оқушылар «Тыңдайтын үшбұрыштар» әдісі арқылы үш адамнан тұратын топқа бірігеді: спикер, интервьюер, хатшы. Әр топқа 1-тапсырмада ұсынылған мәтіндерден алынған сөздер мен мәтін үзінділері жазылған үлестірме қағаздар таратылады. СПИКЕР: 1-тапсырмада ұсынылған мәтінді абзацтар мен бөліктерге бөліп, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп жеткізеді, логикалық түзетулер енгізіп, редакциялайды. ИНТЕРВЬЮЕР: мұқият тыңдайды және егжей-тегжейін анықтау үшін сұрақтар қояды. ХАТШЫ:үдерісті бақылайды және «спикерге» де, «интервьюерге» де кері байланыс береді. Бағалау критерийіне сай қорытынды ойын айтып, жауаптар мен сұрақтарға баға береді. Жазылымнан кейінгі тапсырма«Кезбе тілші» әдісі Оқушылар «Кезбе тілші» әдісі бойынша әр топты аралап жаңалықтар бағдарламасын жасайды. Жаңалық бағдарламасы үшін қойылатын сұрақтың үлгісі төмендегідей болуы мүмкін: •Егер сізге мақаланы қайта жазсаңыз қай бөлігін таңдап алар едіңіз? •Оны таңдауыңыздың себебі не? •Таңдаған бөлігіңіз сізге қандай әсер туғызды? •Таңдаған бөлігіңізді қалай жалғастырар едіңіз? «Кезбе тілші» рөліндегі оқушы сұрақ бойынша жасаған бағдарламасын тақтаға апарып іледі, басқа топ мүшелері смайликтерге өз көзқарастарын білдіріп, кері байланыс беріп, жұмыстың астына жапсырады. | |||||||
Сабақтың соңы | Топтық бағалау. Топтар бағалау критерийі арқылы бірін-бірі бағалайды. Кері байланыс: «Борт журналын» толтыр.
| |||||||
| Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? | |||||||
Қорытынды жасау Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шынайы болды ма? Оқушылар бүгін не меңгерді? Оқу атмосферасы қандай болды? Мен жоспарлаған бөліну дұрыс болды ма? Мен кестеге сәйкес жүрдім бе? Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер жасадым және неге? | Төмендегі торкөзді өз сабағыңызға қорытынды жасау үшін қолданыңыз. Сіздің сабағыңыз туралы сол жақта орналасқан ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?