Адам және оның құқықтары. Қазақ тілі, 9 сынып, қосымша материал. 16 сабақ.


Бейнежазылым: «Адам болу құқығы»

youtube.com

https://www.youtube.com/watch?v=ObQZSyEGMas

Ата Заңымыздың артықшылықтары мен ерекшеліктері

12 - бап

1.Қазақстан Республикасында Конституцияга сәйкес адам құқықтары мен

бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріліді.

2.Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар

«абсолютті» деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де

нормативтік құқықтық актілердің мазмұны қолданылуы осыған қарай анықталады.

З.Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады.

5.Адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы

басқа адамдардың кұқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық

құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұсқан келтірмеуге тиіс.

13 - бап

І.Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің кұқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы.

14 - бап

І.Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.

2.Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, діңге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.

17-бап

1. Адамның қадір - қасиетіне қол сұғылмайды.

2. Ешкімді азаптауға, оған зорлық - зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір - қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге, не жазалауға болмайды.

18-бап

1. Әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының кұпиясының болуына, ар - намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар.

2. Әркімнің өзінің жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, почта , телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялығы сақталуына құқығы бар. Бұл құқықты шектеуге заңда тікелей белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі.

19 - бап

І.Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету - көрсетпеуге хақылы.

2. Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым - қатынас, тәрбие,оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар.

27 - бап

1. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.

2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата - ананың етене құқығы әрі міндеті.

29 - бап

І.Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.

30 - бап

1. Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарына тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.

36 - бап

1. Қазақстан Республикасын қорғау - оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті.

2. Республика азаматтары заңда белгіленген тәртіп пен түрлер бойынша әскери қызмет ақарады.

Бүгінгі бар деректерге сүйенсек Қазақ хандығы құрылған кезде XV ғасырда барша жұрт ертеден келе жатқан ауызша заңдар жүйесі «Әдеп» (Адат) Заңына бағынып келген. Қазіргі күнге дейін сөйлеген сөзімізде, жазған мақаламызда халық арасында әбден қалыптасқан, бұлжытпас қағидаға айналған істерді баяндағанда «Әдеттегідей», «әдетте» деп жататынымыз бар. Әдет Заңы бүкіл қазақ қауымы үшін Ата Заңы болатын.Мемлекеттегі барлық істер осымен өлшеніп, осымен бағамдалды, «Әдетке»бүгінге дейін ұлттық болмысымызға тән болып келген барлық әдет - ғұрыптар тән болды.

XVI ғасырда әдет - ғұрыптарды Қасым хан тұңғыш жүйелеп, жинақтауға және жетілдіруге тырысып бес Жарғыны тұжырымдап берді. Олар:

1 .Мүлік заңы

2.Қылмыс заңы

3.Әскери заңы

4.Елшілік жоралары

5.Жұртшылық заңы

Есім хан «Қасым салған қасқа жолды» заман рухына сай тәптіштеп,

жаңадан төрт тұғырды дүниеге келтірді:

1-сі: Хан болсын, ханға лайық Заң болсын

2-сі: Батыр болсын, жорық жолы мақұл болсын

З-сі: Абыз болсын, абыз сайлау парыз болсын.

4-сі: Би болсын, би түсетін үй болсын



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
Пікір жазу