Адам және оның құқықтары. Қазақ тілі, 9 сынып, дидактикалық материал. 16 сабақ.


Дидактикалық материал

Қанатты сөздер:

«Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» Б. Момышұлы.

«Ата заң әркімнің бойтұмары болып, оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз» Н.Назарбаев.

Құрмалас сөйлем

Құрмалас сөйлем

Екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіреді

түрі

  • Салалас құрмалас сөйлем
  • Сабақтас құрмалас сөйлем
  • Аралас құрмалас сөйлем

ереже

  • Құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысады.
  • Құрамындағы жай сөйлемдердің алғашқысының баяндауышы тиянақсыз болып, екінші сөйлемге бағына байланысады.
  • Бағыныңқы, басыңқы
  • Кемінде үш сөйлемнен құралып, бір-бірімен салаласа да, сабақтаса да байланысады.

Жасалу жолдары

Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер өзара екі жолмен байланысады:

1. Мағыналарының жақындығына қарай іргелес тұрып, интонация арқылы байланысады.

Бағыныңқысының баяндауышының негізгі жасалу жолдары:

Шартты рай

-са, -се

Көсемше

-а, -е, -й,-ып, -іп, -п

-ғалы, -гелі, -қалы, -келі

Есімше

-ған, -ген, -қан, -кен, -дықтан, -діктен, -мен, -ша, -ше, -да, -де

Болымсыз етістік

-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе

-й, -йынша, -йінше, -стан, -стен

Құрамындағы үш жай сөйлемнің біреуінің баяндауышы тиянақсыз болады да, қалған екеуінің баяндауыштары тиянақты болып келеді.

Мысал

Биыл қыс суық болды, бірақ қар аз жауды. Ол кітаптарын жоғалтып алған еді, сондықтан оның бүгін мазасы болмады.

Биыл қыс суық болғанмен, қар аз жауды.

Кітаптарын жоғалтып алғандықтан, оның бүгін мазасы болмады.

Ол үйге келсе, Омар жоқ екен, сондықтан кері қайтуға тура келді.

Салалас құрмалас сөйлем

түрі

  • Ыңғайластық
  • Қарсылықты
  • Себеп -салдар
  • Кезектес
  • талғаулы
  • түсіндірмелі

Ереже

Жай сөйлемдері бір- біріне іргелес болған уақиғаны, істі білдіретін салалас түрі.

Жай сөйлемдерінің мағыналары бір –біріне қарама қарсы болып келетін салалас түрі.

Жай сөйлемдерінің бірі екіншісінің себебін білдіретін салалас түрі.

Жай сөйлемдеріндегі іс –қимылдың кезектесіп келетінін білдіретін салалас түрі.

Жай сөйлемдерінде айтылған іс-әрекеттің біреуі ғана орындалатынын білдіретін салалс түрі.

Екінші жай сөйлемі бірінші сөйлемінің мағынасын түсіндіріп тұратын салалас түрі.

жалғаулық

  • және, әрі, да, де, та, те
  • бірақ, дегенмен, сонда да, сөйтсе де, сөйткенмен, әйтсе де, әйткенмен, алайда
  • өйткені, сондықтан, себебі, сол үшін, неге десеңіз, сол себепті
  • бірде, біресе, кейде
  • не, немесе, я, яки, не болмаса, әлде, әйтпесе
  • Жалғаулығы жоқ
  • мысал

Биыл жайлауда болдым және ауылдағы ағаларымнын үйіне бардым. Далада жел соғып тұр, әрі сіркіреп жаңбыр жауып тұр. Ол бөлмесіне кірді де, тарс бүркеніп жатып қалды.

Оның даусы жақсы, бірақ ән айтуды жақтырмайды. Менің театрға барғым келмеді, әйткенмен оның көңілін қалдырғым келмеді. Есікті жауып қойған, сонда да ол ішке кіруден үмітін үзген жоқ.

Биыл шөп қалың шықты, өйткені жаңбыр көп жауды. Қорадан мал ұрланыпты, сол үшін Базарбайды қатты соққыға жықты.

Олар біресе тоқтап демалады, біресе күн ұзақ жүріп алады. Балалар бірде футбол ойнайды, бірде өзенге барып шомылады.

Ертерек үйге дәрігер шақыру керек немесе ауруханаға бару керек.

Я болар жеріңді айт, я бізге килікпей тыныш жүр.

Қорыққаны сонша-орнынан тұра алмай қалды.

Оның келмеген себебі мынау: кеше жұмыстан кеш қайтты.

Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлем

түрі

  • Ыңғайластық
  • Қарсылықты
  • Себеп-салдар
  • Кезектес
  • Талғаулы
  • Түсіндірмелі

мысал

Олар төмен түсіп еді, жол екіге бөлінді. Маған ойыншық берді, ағама доп берді.

Күн жауып кетті, -оны елеген ешкім болмады. Көз- қорқақ, қол –батыр.

Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас: қар суы сықылды тез суалар.

Жалғаулықсызы жоқ, себебі жалғаулығын алып тастаса, бұл сөйлемнің мағынасы ыңғайлас салаласқа ауысады.

Ауырып отырды ма, кешегі оқиға есіне түсті ме, бүгін ол ешкіммен сөйлеспеді.

Қорыққаны сонша- орнынан тұра алмай қалды. Оның келмеген себебі мынау: кеше жұмыстан кеш қалды.

АДАМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген аталы сөзді атамыз бекер айтпаған. Әр адам мемлекеттік заңдарды кұрметтеп, ата- бабамыздың

тәжірибесін үнемі назарда ұстап отыруы тиіс. Халқымыз 13 жастағы баланы «отау иесі» деп атады. Ал қазіргі Қазақстан Республикасының Ата заңы бойынша, қылмыс жасаған баланы 14 жастан жауапқа тартады. 16 жастан бастап толық әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік басталады, азамат жеке куәлік алады.

Заңды білу - заман талабы. Бүгінде Қазақстан Республикасында демократияға бағытталған құқықтық мемлекет кұру идеясын жүзеге асырып, ондағы әрбір азаматтың өз құқықтарын жете біліп, соған сай сана- сезімдерін қалыптастыру. Азаматтың міндеті - заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан, өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз - өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы- атында емес, адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаттарының бірі- қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Енді осы кезге дейін жүріп өткен құқықтық жолымызға көз салып көрелік:

-1787 жылы Дүниежүзіндегі тұңғыш Конституция қабылданды.

-1789 жылы 26 тамызда Адам және азаматтардың кұқықтары декларациясы қабылданды.

-1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ да Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы қабылданды.

-1959 жылы 20 қарашада БҰҰ ның Бас Ассамблеясында Балалар құқығы декларациясы қабылданды.

-1989 жылы Бала кұқығы туралы конвенциясы қабылданды.

-1993 жылы 28 қаңтарда егеменді еліміздің алғашқы Конституция қабылданды.

-1995 жылы 30 тамызда референдум арқылы бекіткен екінші Конституциямыз қабылданды.

- 2002 жылы 8 тамызда Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтары

туралы заңы қабылданды.

- 2004 жылы 7 шілдеде Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты

Заңы қабылданды. Адамзат баласының емір сүруі белгілі бір заңдылықтарға бағынатын сияқты, ғаламшарды мекен еткен әр мемлекеттің де негізгі заңы болуы шарт. Ол заңның барлық тілдердегі мойындалған атауы - Конституция.

Еліміз 1995 жылы өзінің талғам - талқысынан өткен басты құжаты Конституциясын жүрек қалауымен қабылдады. Жасампаздықтың жаңылмас жарғысы болған Конституция біздің барша жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды.

Қастерлі кұндылығымыздың қағидаттарын бұлжытпай орындаудың нәтижесінде біз қысқа мерзімде мызғымас мемлекетімізді орнатып, тәуелсіздігімізді тұғырлы еттік. Ата Заң тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың кепілі ретінде біздің бірлігімізді бекемдеп, елдегі тұрақтылық пен татулықтың берік тұтқасы болды.

Конституция - мемлекеттік биліктің қайнар көзі халықтың өзі екенін

айқындайды. Жаңа Конституция қабылдау арқылы Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты.

Ата Заңым бабалардың лебізі,

Ата Заңым барлық заңның негізі.

Арқа сүйер Ата Заңда адамды

Артық санау, кемсітудің жоқ ізі.

Еркін елдің Ата Заңы ардақты,

Әрбір сөзі, әрбір бабы салмақты.

Адам кұқы бостандығы, теңдігі - Барлығын да қарастырған жан-жақты.

Ата Заңмен арайланған айналам,

Басшы орынға сайлаймын да, сайланам.

Білім алам, еңбек етем, дем алам,

Қартайғанда зейнеткер боп жайланам.

Ата Заңым - мемлекет айбыны,

Ата Заңым - ақыл ойдың айдыны.

Туған жердің - Қазақстан елінің,

Ата Заңмен қорғалады байлығы.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
Пікір жазу