Адам және оның құқықтары. Қазақ тілі, 9 сынып, презентация. 16 сабақ.


Сабақтың тақырыбы: Адам құқығы мен сөз бостандығы

Оқу мақсаты:ӘТН 9.4.4.2 салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіру

Сабақ мақсаты

Оқушылар:Салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажыратып, түрлендіреді.

Миға шабуыл:«Менің пікірім...» әдісі

Сынып оқушыларына қанатты сөздер таратылып, «Адам болу құқығы» бейнежазылымын көреді.

Қанатты сөздер

1.«Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» Б. Момышұлы.

2.«Ата заң әркімнің бойтұмары болып, оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз» Н.Назарбаев.

Оқушылар бейнежазылым мен қанатты сөздерді жұбымен талқылап, өз ойларын айтады. Талқылау кезеңі аяқталғаннан кейін мұғалім оқушылармен бірлесе отырып оқу мақсаты мен бағалау критерийін ұсынады.

Бағалау критерийі

Жазылымалды тапсырмасы«Сөздік турнир»

1-тапсырма : Берілген мәліметтің нақты атауын жаз.

1.Заң бойынша Қазақстан мемлекетінің бір мүшесі. (Азамат)

2.Барлық мемлекетте өз азаматтарының азаматтығын мемлекет тарапынан мойындап, қамқорлық жасау. (Декларация)

3.Жалпы тәртіптік шара. (Заң)

4.Бала құқығы жөнінде халықаралық шарт. (Конвенция)

5.Мемлекеттердің арасындағы өзара көмек туралы шарт, келісім. (Пакт)

6.Бүкіл заң шығару ісінің қайнар көзі. (Конститутция)

7.Жер бетіндегі халықтардың мүддесін қарайтын халықаралық ұйым. (БҰҰ)

8.Әрбір адам басқа адамдармен тең және еркін. Адамдарға өмірдегі ең қымбат нәрсе не? (Бостандық)

Жазылым тапсырмасы«Мәтіндік талдау» әдісі

2 - тапсырма

Берілген мәтіннің 1-2- 5-6-абзацындағы сөйлемдерді түрлендіріп салалас құрмалас сөйлемге айналдыр және мағыналық түріне қарай ажырат.

АДАМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген аталы сөзді атамыз бекер айтпаған. Әр адам мемлекеттік заңдарды кұрметтеп, ата- бабамыздың тәжірибесін үнемі назарда ұстап отыруы тиіс. Халқымыз 13 жастағы баланы «отау иесі» деп атады. Ал қазіргі Қазақстан Республикасының Ата заңы бойынша, қылмыс жасаған баланы 14 жастан жауапқа тартады. 16 жастан бастап толық әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік басталады, азамат жеке куәлік алады.

АДАМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ

Заңды білу - заман талабы. Бүгінде Қазақстан Республикасында демократияға бағытталған құқықтық мемлекет кұру идеясын жүзеге асырып, ондағы әрбір азаматтың өз құқықтарын жете біліп, соған сай сана- сезімдерін қалыптастыру. Азаматтың міндеті - заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан, өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз - өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы- атында емес, адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаттарының бірі- қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Еліміз 1995 жылы өзінің талғам - талқысынан өткен басты құжаты Конституциясын жүрек қалауымен қабылдады. Жасампаздықтың жаңылмас жарғысы болған Конституция біздің барша жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды.

Қастерлі кұндылығымыздың қағидаттарын бұлжытпай орындаудың нәтижесінде біз қысқа мерзімде мызғымас мемлекетімізді орнатып, тәуелсіздігімізді тұғырлы еттік. Ата Заң тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың кепілі ретінде біздің бірлігімізді бекемдеп, елдегі тұрақтылық пен татулықтың берік тұтқасы болды.

Жазылымнан кейінгі тапсырма «Баламалы тест»

.

Бағалау

Оқушылар«Баламалы тест» тапсырмасына «иә», «жоқ» кестесін толтыру арқылы жауап береді. Тапсырманы орындап болғаннан кейін интерактивті тақтадан немесе флипчарттан дұрыс жауап көрсетіледі, оқушылар өз жауаптарын тексереді.

Топтар бағалау критерийі арқылы бірін-бірі бағалайды.

Кері байланыс: «Стикер»



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
Пікір жазу