Адам және оның құқықтары. Қазақ тілі, 9 сынып, сабақ жоспары. 16 сабақ.


Сабақ жоспары №15

Күні:

Тақырыбы: Адам және оның құқықтары

Мектеп:

Мұғалімнің аты:

Сынып:9

Қатысушылар саны:

келмегендер:

Оқу мақсаттары

ӘТН 9.4.4.2 салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіру

 Сабақ мақсаттары

Салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажыратып, түрлендіреді.

 Бағалау критерийлері

Салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажыратып, түрлендіре алады.

 Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика мен терминология: бала құқығы, адам құқығы, т.б.

Диалог пен жазылымға арналған тілдік қолданыстар:

Менің ойымша, бұл пікір...

Себебін мен былай түсіндіремін...

Оны мына мысалдармен дәлелдей аламын...

Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...

Құндылықтарды дарыту

өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету.

Пәнаралық байланыс

Құқық

АКТ қолдану

«Адам болу құқығы»

youtube.com

https://www.youtube.com/watch?v=ObQZSyEGMas

Осыдан бұрын алған білім

Алдыңғы сабақта ұсынылған мәітндерді абзацтарға бөліп, логикалық жүйелеп, редакциялады. Бұл сабақта алдыңғы сабақта қалыптасқан дағдыларды әртүрлі тапсырмаларды орындау арқылы жетілдіреді.

Жоспар

Уақыт

Жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Сабақтың басы

Миға шабуыл: «Менің пікірім..»

Сынып оқушыларына қанатты сөздер таратылып, «Адам болу құқығы» бейнежазылымын көреді.

Қанатты сөздер

1.«Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» Б. Момышұлы.

2.«Ата заң әркімнің бойтұмары болып, оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз» Н.Назарбаев.

Оқушылар бейнежазылым мен қанатты сөздерді жұбымен талқылап, өз ойларын айтады. Талқылау кезеңі аяқталғаннан кейін мұғалім оқушылармен бірлесе отырып оқу мақсаты мен бағалау критерийін ұсынады.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажыратып, түрлендіре алады.

  • Құрмалас сөйлем түрлерін ажыратады;
  • Сөйлемдерді түрлендіріп, салалас құрмаласқа айналдырады.

Мәтін , стикерлер, түрлі-түсті қарындаштар, интерактивті тақта

Сабақтың ортасы

25

Жазылымалды тапсырмасы

1-тапсырма

«Сөздік турнир» ойыны

Берілген мәліметтің нақты атауын жаз.

1.Заң бойынша Қазақстан мемлекетінің бір мүшесі.

(Азамат)

2.Барлық мемлекетте өз азаматтарының азаматтығын мемлекет тарапынан мойындап, қамқорлық жасау.

(Декларация)

3.Жалпы тәртіптік шара.

(Заң)

4.Бала құқығы жөнінде халықаралық шарт.

(Конвенция)

5.Мемлекеттердің арасындағы өзара көмек туралы шарт, келісім.

(Пакт)

6.Бүкіл заң шығару ісінің қайнар көзі.

(Конститутция)

7.Жер бетіндегі халықтардың мүддесін қарайтын халықаралық ұйым.

(БҰҰ)

8.Әрбір адам басқа адамдармен тең және еркін. Адамдарға өмірдегі ең қымбат нәрсе не? (Бостандық)

Жазылым тапсырмасы

Мәтіндік талдау

2 - тапсырма

Берілген мәтіннің 1-2- 5-6-абзацындағы сөйлемдерді түрлендіріп салалас құрмалас сөйлемге айналдыр және мағыналық түріне қарай ажырат.

АДАМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген аталы сөзді атамыз бекер айтпаған. Әр адам мемлекеттік заңдарды кұрметтеп, ата- бабамыздың

тәжірибесін үнемі назарда ұстап отыруы тиіс. Халқымыз 13 жастағы баланы «отау иесі» деп атады. Ал қазіргі Қазақстан Республикасының Ата заңы бойынша, қылмыс жасаған баланы 14 жастан жауапқа тартады. 16 жастан бастап толық әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік басталады, азамат жеке куәлік алады.

Заңды білу - заман талабы. Бүгінде Қазақстан Республикасында демократияға бағытталған құқықтық мемлекет кұру идеясын жүзеге асырып, ондағы әрбір азаматтың өз құқықтарын жете біліп, соған сай сана- сезімдерін қалыптастыру. Азаматтың міндеті - заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан, өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз - өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы- атында емес, адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаттарының бірі- қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Енді осы кезге дейін жүріп өткен құқықтық жолымызға көз салып көрелік:

-1787 жылы Дүниежүзіндегі тұңғыш Конституция қабылданды.

-1789 жылы 26 тамызда Адам және азаматтардың кұқықтары декларациясы қабылданды.

-1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ да Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы қабылданды.

-1959 жылы 20 қарашада БҰҰ ның Бас Ассамблеясында Балалар құқығы декларациясы қабылданды.

-1989 жылы Бала кұқығы туралы конвенциясы қабылданды.

-1993 жылы 28 қаңтарда егеменді еліміздің алғашқы Конституциясы қабылданды.

-1995 жылы 30 тамызда референдум арқылы бекіткен екінші Конституциямыз қабылданды.

- 2002 жылы 8 тамызда Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтары

туралы заңы қабылданды.

- 2004 жылы 7 шілдеде Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты Заңы қабылданды. Адамзат баласының өмір сүруі белгілі бір заңдылықтарға бағынатын сияқты ғаламшарды мекен еткен әр мемлекеттің де негізгі заңы болуы шарт. Ол заңның барлық тілдердегі мойындалған атауы - Конституция.

Еліміз 1995 жылы өзінің талғам - талқысынан өткен басты құжаты Конституциясын жүрек қалауымен қабылдады. Жасампаздықтың жаңылмас жарғысы болған Конституция біздің барша жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды.

Қастерлі кұндылығымыздың қағидаттарын бұлжытпай орындаудың нәтижесінде біз қысқа мерзімде мызғымас мемлекетімізді орнатып, тәуелсіздігімізді тұғырлы еттік. Ата Заң тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың кепілі ретінде біздің бірлігімізді бекемдеп, елдегі тұрақтылық пен татулықтың берік тұтқасы болды.

Конституция - мемлекеттік биліктің қайнар көзі халықтың өзі екенін айқындайды. Жаңа Конституция қабылдау арқылы Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты.

Жазылымнан кейінгі тапсырма3-тапсырма

Баламалы тест

Сұрақ

иә

жоқ

Салаласа байланысқан құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты бір -біріне тәуелді болмайды.

Салалас құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер сан жағынан тек екеу емес, одан да көп болуы мүмкін.

Ыңғайлас салаластың «және» жалғаулығы ешқашан қайталанбайды.

Себеп-салдар салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің орындарын ауыстыруға болмайды.

Қарсылықты салалас жалғаулықтары түсірілсе, тек үтір қойылады.

Түсіндірмелі салаластың аражігіне қос нүкте қойылады.

Талғаулы салаласта екі жай сөйлем арасында немесе шылауы бір рет келсе, онда сөйлем арасына үтір қойылады.

Оқушылар «Баламалы тест» тапсырмасына «иә», «жоқ» кестесін толтыру арқылы жауап береді. Тапсырманы орындап болғаннан кейін интерактивті тақтадан немесе флипчарттан дұрыс жауап көрсетіледі, оқушылар өз жауаптарын тексеріп, бағалайды.

Сабақтың соңы

Топтық бағалау. Топтар бағалау критерийі арқылы бірін-бірі бағалайды.

Кері байланыс: «Стикер»

Оқушылар стикерлерге жеке ойларын жазып тақтаға апарып іледі:

  • Мен нені үйрендім?
  • Маған не жеңіл болды?
  • Маған не қиын болып көрінді?
  • Менің келесі сабақта нені білгім келеді?

Дифференциалау – сіз қалай қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?Қабілеттері жоғары оқушыларды қалай ынталандыруды жоспарлайсыз?

Сабақ барысында қабілеті жоғары оқушылардың топ спикері ретінде бағалау арқылы сыни ойлау , топ мүшелерінің ойын қорытындылау арқылы шығармашылық қабілетін арттыру көзделеді.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Қорытынды жасау

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шынайы болды ма?

Оқушылар бүгін не меңгерді?

Оқу атмосферасы қандай болды?

Мен жоспарлаған бөліну дұрыс болды ма?

Мен кестеге сәйкес жүрдім бе?

Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер жасадым және неге?

Төмендегі торкөзді өз сабағыңызға қорытынды жасау үшін қолданыңыз. Сіздің сабағыңыз туралы сол жақта орналасқан ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақтың барысы: : Тәрбие сабағымызды бастамай тұрып осы бүгінгі кездесуіміздің мәні

болып түрған мына қанатты сездерге назар аударайық.

«Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды»

Б. Момышұлы.

«Ата заң әркімнің бойтұмары болып, оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз»

Н.Назарбаев.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген аталы сөзді атамыз

бекер айтпаған. Әр адам мемлекеттік заңдарды кұрметтеп, ата бабамыздың

тәжірибесін үнемі назарда ұстап отыруы тиіс. Халқымыз 13 жастағы баланы «отау

иесі» деп атады. Ал қазіргі Қазақстан Республикасының Ата заңы бойынша, қылмыс

жасаған баланы 14 жастан жауапқа тартады. 16 жастан бастап толық әкімшілік,

қылмыстық жауапкершілік басталады, азамат жеке куәлік алады.

Заңды білу - заман талабы. Бүгінде Қазақстан Республикасында демократияға бағытталған құқықтық мемлекет кұру идеясын жүзеге асырып, ондағы әрбір азаматтың өз құқықтарын жете біліп, соған сай сана- сезімдерін қалыптастыру. Азаматтың міндеті - заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан, өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз - өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы- атында емес, адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаттарының бірі- қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Енді осы кезге дейін жүріп откен құқықтық жолымызға көз салып көрелік:

-1787 жылы Дүниежүзіндегі тұңғыш Конституция қабылданды.

-1789 жылы 26 тамызда Адам және азаматтардың кұқықтары декларациясы қабылданды.

-1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ да Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы қабылданды.

-1959 жылы 20 қарашада БҰҰ ның Бас Ассамблеясында Балалар құқығы декларациясы қабылданды.

-1989 жылы Бала кұқығы туралы конвенциясы қабылданды.

-1993 жылы 28 қаңтарда егеменді еліміздің алғашқы Конституция қабылданды.

-1995 жылы 30 тамызда референдум арқылы бекіткен екінші Конституциямыз қабылданды.

- 2002 жылы 8 тамызда Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтары

туралы заңы қабылданды.

- 2004 жылы 7 шілдеде Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты

Заңы қабылданды. Адамзат баласының емір сүруі белгілі бір заңдылықтарға бағынатын сияқты, ғаламшарды мекен еткен әр мемлекеттің де негізгі заңы болуы шарт. Ол заңның барлық тілдердегі мойындалған атауы - Конституция.

Еліміз 1995 жылы өзінің талғам - талқысынан өткен басты құжаты Конституциясын жүрек қалауымен қабылдады. Жасампаздықтың жаңылмас жарғысы болған Конституция біздің барша жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды.

Қастерлі кұндылығымыздың қағидаттарын бұлжытпай орындаудың нәтижесінде біз қысқа мерзімде мызғымас мемлекетімізді орнатып, тәуелсіздігімізді тұғырлы еттік. Ата Заң тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың кепілі ретінде біздің бірлігімізді бекемдеп, елдегі тұрақтылық пен татулықтың берік тұтқасы болды.

Конституция мемлекеттік биліктің қайнар көзі халықтың өзі екенін

айқындайды. Жаңа Конституция қабылдау арқылы Қазақстан жаңа дәуірге қадам

басты.

Ата Заңым бабалардың лебізі, Ата Заңым барлық заңның негізі. Арқа сүйер Ата Заңда адамды Артық санау, кемсітудің жоқ ізі.

Еркін елдің Ата Заңы ардақты, Әрбір сөзі, әрбір бабы салмақты. Адам кұқы бостандығы, теңдігі - Барлығын да қарастырған жан-жақты.

Ата Заңмен арайланған айналам, Басшы орынға сайлаймын да, сайланам. Білім алам, еңбек етем, дем алам, Қартайғанда зейнеткер боп жайланам.

Ата Заңым - мемлекет айбыны, Ата Заңым - ақыл ойдың айдыны. Туған жердің - Қазақстан елінің, Ата Заңмен қорғалады байлығы.

Ата Заңымыздың артықшылықтары мен ерекшеліктері туралы

баптарын саралап шығайық:

12 - бап

1.Қазақстан Республикасында Конституцияга сәйкес адам құқықтары мен

бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріліді.

2.Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар

абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де

нормативтік құқықтық актілердің мазмұны қолданылуы осыған қарай анықталады.

З.Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады.

5.Адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы

басқа адамдардың кұқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық

құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұсқан келтірмеуге тиіс.

13 - бап

І.Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің кұқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы.

14 - бап

І.Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.

2.Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, діңге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.

17-бап

1. Адамның қадыр - қасиетіне қол сұғылмайды.

2. Ешкімді азаптауға, оған зорлық - зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір - қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге, не жазалауға болмайды.

18-бап

1. Әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының кұпиясының болуына, ар - намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар.

2. Әркімнің өзінің жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының , телефон арқылы сөйлескен сөздерінің , почта , телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялығы сақталуына құқығы бар. Бұл құқықты шектеуге заңда тікелей белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғаңа жол беріледі.

19 - бап

І.Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету - көрсетпеуге хақылы.

2. Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым - қатынас, тәрбие,оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар.

27 - бап

1. Неке мен отбасы, ана мен әке жэне бала мемлекеттің қорғауында болады.

2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата - ананың етене құқығы әрі міндеті.

29 - бап

І.Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.

30 - бап

1. Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарына тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.

36 - бап

1. Қазақстан Республикасын қорғау - оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті.

2. Республика азаматтары заңда белгіленген тәртіп пен түрлер бойынша әскери қызмет ақарады.

Заң міндетті бәрімізге, халайық, Заңнаманың басын ашып алайық, Барлық заңның біріктірер бастарын, Ата заңды қасиетке балайық!

Енді ата заңымыздың тарихына көз жүгіртейік. Сөз кезегі тарихшыларда.

Тарихшы: Бүгінгі бар деректерге сүйенсек Қазақ хандығы қүрылған кезде XV ғасырда барша жүрт ертеден келе жатқан ауызша заңдар жүйесі «Әдеп» (Адат) Заңына бағынып келген. Қазіргі күнге дейін сөйлеген сөзімізде, жазған мақаламызда халық арасында әбден қалыптасқан, бұлжытпас қағидаға айналған істерді баяндағанда «Әдеттегідей»,әдетте деп жататынымыз бар . Әдет Заңы бүкіл қазақ қауымы үшін Ата Заңы болатын.Мемлекеттегі барлық істер осымен өлшеніп, осымен бағамдалды, «Әдетке»бүгінге дейін ұлттық болмысымызға тән болып келген барлық әдет - гұрыптар тән болды.

Тарихшы: XVI ғасырда әдет - ғүрыптарды Қасым хан тұңгыш жүйелеп,

жинақтауға және жетілдіруге тырысып бес Жарғыны тұжырымдап берді. Олар:

1 .Мүлік заңы

2.Қылмыс заңы

3.Әскери заңы

4.Елшілік жоралары

5.Жұртшылық заңы

Тарихшы: Есім хан «Қасым салған қасқа жолды» заман рухына сай тәптіштеп,

жаңадан төрт тұғырды дүниеге келтірді:

1-сі: Хан болсын, ханға лайық Заң болсын

2-сі: Батыр болсын, жорық жолы мақұл болсын

З-сі: Абыз болсын, абыз сайлау парыз болсын.

4-сі: Би болсын, би түсетін үй болсын

Тарихшы: Заң болып Қасымханның қасқа жолы, Құп алып қазақ қостады оны Шыққанда ескі жолы Есім ханның Өрбітпей отаршылық тастады оны

Тарихшы: Әз Тәуке хан өз замандастары - Теле, Қазыбек,Әйтеке, Құттыбай және Әнет баба секілді білікті билермен ақылдаса отырып «Жеті жарғы» атты Заңдар топтамасын шығарды. : Бабалардың дәстүрі бойынша тайпалардың, рулардың және би кенестері күймен әрлендіріп, домбыраның үнімен ашылатын.

Назарларыңызға күй ұсынамыз.

Енді сіздерге «Жеті жарғы» қабылдау көрінісін ұсынамыз.

Тауке хан:

У а, жүртым, алты Алашқа аты шыққан қазақтың игі жақсылары! Бүгінде Күлтөбенің басына жайдан - жай жиналып отырған жоқпыз. Бабаларымыз Қасым ханның «Қасқа жолын», Есім ханның «Ескі жолын» жалғастыра отырып ел тыныштығын сақтайтын, тентекті түзейтін жарғы қабылдап «Қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын заманға» жетуіміз керек.

Бабадан мирасқа қалған жерді сақтау, нығайту үшін ең алдымен дау, жанжалдың негізі болған көшпелі елдің мал жаятын жайылымын, қоныстарын дұрыс жолға қою қажет. Олай болса бірінші жарғы жер дауы болсын.

Бұдан былай жайылымдар ру- ру болып пайдалануға беріліп және әр ру белгіленген аймақтың шеңберінде ғана көшіп - қонуға мүмкіндігі бар болсын. Белгіленген жер межесінің шеңбері рудағы түтін саны мен мелшеріне қарай бөлініп, жерді пайдалау барысында дау туатын болса, ру басшылары, билер әділетті шешім шығаруы қажет.

Тауке хан: Ал енді, Ұлы жүздің бас биі Теле би, сен не айтасың?

Теле би: Жыртық үйден жел гулесе - сол жаман.

Өлім - бесік әлдилеген - сол жаман.

Ұрлық, қарлық, барымталап мал тауып,

Берекесін елдің алған - сол жаман.

Олай болса екінші жарғымыз ұрлық, қарлық, барымтаның жолын қиып, ел

тыныштығын қорғайтын заңымыз болсын.

Тауке хан: Ал енді Орта жүздің бас биі Қаз дауысты Қазбек биге сөз берейік.

Қазбек би: Біз қазақ деген мал баққан елміз, Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден қүт - береке қашпасын деп, Еліміздің шетін жау баспасын деп, Найзаға үкі таққан елміз. Еш бір дұшпан басынбаған елміз,

Басымыздан сөзді асырмаған елміз. Келесі жарғымыз ұлт қауіпсіздігін қамтамазыз ету болсын.

Тауке хан: Келесі сөзді Кіші жүздің бас биі Әйтеке биге берейік.

Әйтеке би: Қазақ ордасын нығайту үшін ең алдымен бет - бетімен ру -руға белініп,

бір- бірімен қырқысып, ел берекесін алған рулар арасындағы дауды шешіп , елдің

ұлттық бірлігін сақтауымыз керек. Алты алаштың баласы бір- біріне жау болса елдің ертеңі не болмақ? Келесі Жарғымыз ру арасындағы дауды шешуге арналған заңымыз болсын.

Тауке хан: Келесі сөзді Қырғыз Көкім биге берейік.

Қырғыз Көкім би: «Аға өлсе - жер мұра, іні өлсе - келін мұра» дегендей жетімдеріміз бен жесірлеріміз ел кезбесін десек келесі жарғымыздың бірі жесір дауы болсын.

Тауке хан: Қарақалпақ би, жарғыға қосарың бар ма?

Қарақалпақ би : Балаң жаман болса,

Көрінгеннің мазағы емес пе!

Әйелің жаман болса,

Бұл жалғанның тозаңы емес пе!

Туған балаң жақсы болса,

Тән мен жанның шырағы емес пе!

Алған жарың жақсы болса,

Жиғаның мен мейманыңның тұрағы емес пе!- деп Қаз дауысты Қазбек би айтқандай, келесі жарғымыз үй іші мен бала тәрбиесі жөнінде болсын.

Тауке хан: Ал қатаған Жайма би, сөз кезегі саған да келді, не айтарың бар?

Қатаған Жайма би: Төрені қара өлтірсе, құнын оның кім бермек?

Азаматын өлтірсе, ақысын оның кім бермек?

Жерін жөнсіз иеленсе, есесін оның кім бермек?

Әйелі ерін силамаса, ері елін силамаса,

елі әдет- ғұрып сақтамаса ертеңгі күніміз не болмақ? Олай болса келесі жарғымыз құн дауы болсын.

Тауке хан: Уа, жұртым,алты алаштың игі жақсылары! Ел тәуелсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етер Жеті жарғымызды қабылдадық. Айымыз оңымыздан туып «Жеті жарғымыз» темірқазығымыз болсын! Әумин.

жүргізуші: Жеті жарғыдағы мәселелер былай топтасты: 1 бап - Мемлекттік мәселелеріне байланысты

2 бап- Әскери іс мәселелеріне байланысты

3 бап- Шаруашылық іс мәселелеріне байланысты

4 бап - Қылмыстық іс мәселелеріне байланысты

5 бап- Діни мәселелеріне байланысты.

6 бап - Жұртшылық мәселелеріне байланысты

7 бап - Отбасы және неке мәселелеріне байланысты

Осы Жеті жарғы заңдары XX ғасыр басына дейін өз күшін сақтады.

Кеңестік дәуірінде Қазақстанда қабылданған 1937ж және 1978ж Конституциялары болды. Қас қағым сәтте күрделі оқиғалар туындап жататын бүгінгідей жүйрік уақытта егемен еліміздің Ата Заңын жетілдірудің қажеттігі күн тәртібіне қойылды. Бүл ғарыштық жылдамдықпен зымыраған заманның талабы болатын. Сөйтіп,1995 жылы 30 тамызда өткен бүкілхалықтық референдумның нәтижесінде республиканың жалпы бесінші, ал тәуелсіз елдің екінші Конституциясы қабылданды. Бүгінгі қолданыстағы негізгі заңымыз кіріспеден, 9белімнен, 98 баптан құралған. Ол бүгінгі заманның барлық маңызды мәселесіне толық жауап беріп келеді. Келесі маңызды заңның бірі Балалар құқығы туралы конвенция -халықаралық келісімшарт. 1990 жылы әлемнің көптеген елдері осы келісімге қол қойды. Бұл келісім бойынша кез келген бала шыққан тегіне қарамастан қамқорлыққа алынуы тиіс. Бұл құжатқа әлемнің 156-шы елі болып 1995 жылы Қазақстан да қол қойды.

Конвенцияның баптарына көз жүгіртейік, өйткені біздің колледжде 18 жасқа толмаған балалар 1,2 курстарда оқып жүр :

1 - бап.

Шарт бойынша 18 жасқа толмаған әрбір адам бала болып есептеледі.

2 - бап.

Әрбір баланың нәсіліне, түріне, жынысына, тіліне, дініне,этникалық және әлеуметтік шығу тегіне қарамастан құқығын қамтамасыз етеді.

6 - бап.

Әрбір бала өмір сүруге толықтай құқылы.

7- бап.

Бала жарық дүниеге келе салысымен есім және азаматтық алуға құқылы.

9 - бап.

Бала өз ата- анасынан ажырамауға құқылы.

13 - бап.

Бала өз пікірін еркін білдіруге құқылы.

14-бап.

Бала ойлау, ар - ұждан, діни сенім бостандығына құқылы.

15-бап.

Бала кұрама одақтарға мүше болуға және бейбіт жиындарға қатысуға құқылы.

16-бап.

Баланың отбасылық өміріне біреулер қол сұға алмайды.

17-бап.

Бала ақпарат көздерінің материалдарына еркін қол жеткізуіне құқылы.

19-бап.

Баланы күш керсету және психикалық тұрғыда озбырлық керсетудің барлық түрінен қорғайды.

27 - бап.

Баланың әлеуметтік жағынан өсіп - жетілуі үшін қажетті тұрмыс дәрежесін қамтамасыз етеді.

28 - бап.

Баланың білім алу құқығын мойындайды.

32 - бап.

Баланың экономикалық қанаумен денсаулығына қауіп төндіретін, әлеуметтік өсуіне нұқсан келтіретін кез келген жұмысты істемеу құқығын мойындайды.

33 - бап.

Қатысушы - мемлекеттер: бір де бір баланың ар намысын аяққа таптайтын айуандық қинаулар мен қатал ұрып соғу сияқты жаза түрлеріне жол бермейді.

31 - бап.

Мемлекеттер баланың демалуына және уақытын өз қалауынша өткізуіне, ойын - сауықтарға қатысу құқықтарын мойындайды.

Баланың жеке басының құқықтары:

- Аты - жөні, тегіне құқылы.

- Жанұяда тұрып, тәрбиеленуге құқылы.

- Ата - анасын біліп және олардың қамқорлығында өмір сүруге.

- Адами қасиетін силауға.

- Туған - туыстармен араласуға.

- Өз құқығын қорғауға.

- Құқығын қорғау үшін құзырлы мекемелерге шағымдануға, 14 жастан сотқа жүгінуге құқылы.

- Мемлекеттік стандарттарга сай білім алуға құқылы.

Біз құқылы мемлекеттің азаматтарымыз, сондықтан әр бір ұжымның,

оқу орнының, ішкі міндеттері мен құқықтары,ережелері бар. Мысалы:

Геология барлау колледжінің де Жарғысында колледж оқушыларының міндеттері

керсетілген:

1. Колледждің ішкі тәртіп - ережелері мен жарғысын сақтауға міндетті.

2. Ұстаздар мен әкімшіліктің талаптарын орындауға.

3. Оқу болмелерінде тазалық пен реттілік сақтауға, колледж мүлкіне ұқыпты қарауға, егер бүлдірсе оны қалпына келтіру, шығынын өтеуге міндетті.

4. Өзінен кішіге қамқорлық көрсетуге.

5. Сабаққа қажетті құрал - жабдықтарының толық болуына.

6. Сабаққа 15 минут ерте келуге.

7. Кезекшіліктің міндеттерін ұқыпты орындауға.

8. Сабақ кезінде тәртіп пен тыныштық сақтауға міндетті.

Осы колледж оқушыларының міндеттері мен қатар тиым салынатын ережелері де көрсетілген.

Тиым салынады:

1. Ішімдік, қару, темекі, наркотикалық және улы заттарды колледж аумағына әкелуге.

2. Колледж ішіне және оның аумағына өрт пен жарылысқа әкелетін заттарды жақындатуға.

3. Қорқытуға, жәбірлеуге, жеке мүлкін тартып алуға.

4. Адам өміріне қауып төндіретін әрекет істеуге тиым салынады. : Бүгін біз Еліміздегі ең манызды заң күжаттарына және колледж ережелеріне көз жүгірттік.

«Еркіндікте болу үшін, заңға бағыну керек деген көне нақыл сөз жүз мәрте әділетті» деген Нұрсұлтан Әбішұлының сөзі бар.

Еліміздің көпшілігі заңға бағынып еркін жүргенде, сонымен қатар өмірде заң бұзушылық та орын алуда.

Ежелгі Грекияда әділдік құдайы Фемида болған. Қазір үстел үстінде жатқан заттар

арқылы : таразы, семсер, көзбайлауыш және мантиядан Фемиданың бейнесін

жасау керек.

Фемида-әдлеттілік сот символы. Фемиданың маңызды атрибуттары — семсер мен таразы. Олар сот және кұқық қорғау мекемелерінің эмблемасында жиі қолданылады.

Фемида - мантия киген, келбетті де келісті әйел.Сол қолында таразы, оң қолында семсер, көзі байлаулы.

Таразы мөлшер мен әділеттіліктің белгісі. Таразыда жақсы мен жамандық, күнә мен күнәсіздік, әдлет пен әдлетсіздік таразыланды. Көне мифологияларда о дүниенің патшалары адамдардың жаман және жақсы қылықтарын таразылап тағдырларын шешкен. Таразы Фемиданың сол қолында -өйткені денесінің сол жағы сезімтал қабылдағыш екен.

Семсер-Рухани күштің, кек алудың символы. Семсер екіжақты ол тек жазалау емес, ескерту мағынасын да білдіреді.

Көзбайлағыш -әділеттіліктің нышаны. Сот алдына келгенді көрмей, тек фактілер мен шындыққа сүйене отырып Фемида әділетті шешім қабылдайды.

Заң бұзушылықтың себебі қандай? заң бұзушылыққа не әкелуі мүмкін?

(Жағымсыз қоршаған орта, наркотиктар, маскүнемдік, адамның әлеуметтік жағдайы, қызығушылық, заңды білмегендік).

Адам өзінің іс әрекеттерін дұрыс бағалауы қажет, соған талпынуы керек

өйткені ер жеткенде ол өзі үшін және басқаға да жауапты болады. Сондықтан кәзірден бастап ол өзіне болашақта жүретін жол таңдауы қажет. Алдымызда екі жол; бірі ақ, бірі қара.

Қара жол дегеніміз не? ( маскүнемдік, наркотиктар, заң бұзушылық , жазалау, ыза болу, көралмаушылық, жұмыссыздық.)

Ақ жолды неге теңеуге болады? Олар: жауапкершілік, сүйіспеншілік ,білімділік пен біліктілік, жұмыспен қамтылу, жауаптылық ,төзімділік, салауатты өмір салты, заңды білу және оны құрметтеу.

Адам заңды білуі керек , бірақ оған бағына ма жоқ па шешуші өзі. Жүретін жолды таңдаушы да өзі.Алдарыңда екі жол . Таңдауын өздерің жасайсыңдар. Біз сіздерге тек ақ жол тілейміз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
Пікір жазу