Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. ЭКСПО-2017. Қазақ тілі, 9 сынып, таратпа материал. 3 сабақ.
Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО-2017 көрмесінің басты жетістігін атады
«Ең басты жетістік - осы көрмені жеңіп алуымызда. 162 мемлекет өткізгісі келді. Көрмелердің тарихы 100 жылды құрайды. Әр тақырыпта, әр бағытта дүниежүзінде көрмелер өткізіледі. Осының алдында Миландағы көрмені барып көрген едім. Ол әншейін уақытша жасалған ғимараттардың ішінде өтті. Біткеннен кейін барлығын таратып алып кетті. Сондықтан ең маңыздысы, біз жас ел болғаннан кейін Қазақстанды дүниежүзіне көрсете білуіміз керек. Мұның төңірегінде әлі көп жұмыс жасау қажет», - деді Елбасы.
ҚР Президентінің атап өтуінше, ЭКСПО-2017 көрмесінің өзегі болған баламалы энергия қазіргі ғылым мен техниканың ең озық үлгісі саналады.
«Көрме бітті. Көрме біткеннен кейін ғимараттардың барлығы бекер қалмайды. Біздің павильонымыз Қазақстанның музейі ретінде қалады. Екі павильонда қаржы орталығы болады. Бір павильонда Қазақстанның көрмесі болады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысының сөзіне қарағанда, мұнан бөлек, бір павильонда ІТ-стартаптар паркі ашылады. Онда жастарға, ғалымдарға жаңалықтар ашуға барлық мүмкіндік жасалады. Сонымен қатар тағы бір павильонда мектеп оқушыларын білімге, мамандыққа баулитын орталық болады. «Оны корейлермен бірге жасап жатырмыз. Ол да жастарға пайдалы», - деді Елбасы.
Қазақстан Президенті көрмеге қанша адам келгенін, оның қандай пайдасы болғанын да айтты.
«2 милллион адам келеді деп ойлап едік, 4 миллионға жақын адам келді. Жалпы, ары-бері кіріп шыққан адамдардың саны 25 миллионнан асты. Астанаға, Қазақстанға пайдасы көп болды. 1 400 қазақстандық компания қатысып, құрылыс материалдарын берді, құрылыс жұмыстарына қатысты. Олар 640 млрд теңгенің қаражаты игерді. Қонақ үйлердің, мейрамханалдардың, дүкендер мен концерт залдарының барлығы толды. Олардың барлығы ақша тапты, бизнес көтеріліп, қала бюджетіне үлкен қаржы құйылды. Осының барлығы пайдалы. Негізгісі бүкіл дүниежүзінен, 185 елден адамдар келді, Қазақстанның облыстарынан мүлдем Астананы көрмегендер келді», - деді Мемлекет басшысы.
Автор: Марлан Жиембай
2- тапсырма. Топтық жұмыс.
1. Мәтінді түсініп оқыңдар.
2. Мәтінді құрылымы мен рәсімделуі бойынша кестеге сәйкес талдаңдар.
Мәтін | Қарастырылатын сұрақтар | Мәтінді талдауда ұстанатын қағидалар | Қолданылатын сөйлем үлгілері, сөз тіркестері, сөздер |
түрі | Мәтін түрі қандай? Кімге арналған? Қандай үлгіде жазылған? | Ресми ( биресмилік) ерекшілігіне қарай қандай мәтінге жатқызасыз? | Мәтін стильдік, құрылымдық ерекшелігіне қарай ........ жатады. |
мақсаты | Автордың мақаланы жазудағы мақсаты қандай? | Осы мәтін арқылы қай мәселеге көңіл аударады? | Бұл мақалада ....... мәселесін көтереді........ оқырманды ...... Осы мақала арқылы ...... шақырады (үндейді) Автордың мақсаты....... |
мазмұны | Көтерген негізгі сұрақтары қандай? Логикалық бірізділік сақталған ба? | Мәтіннің логикалық бірізділікпен құрылғандығына, ұйымдық құрылымдар мен байланыс құралдарының қолданысына дәлел келтіріңіз | Логикалық бірізділікпен баяндалған: .......... Нақты деректермен, атап айтқанда, ......... бекітіп , ...... өзіндік көзқарасын ұсынған. |
стилі | Қай стильде жазылған? Сол стильге тән белгілерді тізіп шығыңыз. | Әлеуметтік (академиялық , іскерлік) мақсаттағы ресми (биресми) стильде кездесетін тілдік формаларды дәлелге келтіріңіз | Образдылық, (эмоционалдық, бағамдау, үндеу, жалпылық ) байқалады. |
тілі (кездесетін тілдік құралдар) | Қандай лексика, көркемдеуіш құралдар, сөйлем түрлері, синтаксистік құрылымдар кездеседі? | Суреттеу, деректендіру мен әсер ету мақсатында кездесетін құралдарды дәлелге келтіріңіз. | Саяси-әлеуметтік лексика, эпитет, теңеу, қайталау, термин кездеседі. Риторикалық сұрақтар, қаратпа, қыстырма сөздер кездеседі. |
Мәтін мазмұны на қосатын өз ойың | Мәтіндегі мәселені өзгертуге қандай ұсыныс жасар едіңіз? | Аталған мәселеге байланысты басқа дерек не креативті ой айтыңыз. | Менің ойымша, ...... |
Жанрлық ерекшеліктерін айт: |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?