Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. ЭКСПО-2017. Қазақ тілі, 9 сынып, презентация. 8 сабақ.
3-бөлім: Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. ЭКСПО-2017
Оқу мақсаты: 9.4.4.1 құрмалас сөйлем жасалу жолдарын, түрлерін білу.
Сабақ мақсаты: Құрмалас сөйлем, оның жасалу жолдары мен түрлері туралы біледі, оны жаңалық оқиғасын жасауда қолдана алады.
Бағалау критерийлері
«Егер.....Онда.......Өйткені» әдісі
Сыныптан үш оқушы ортаға шығады.
Бұл топқа тақырыпқа қатысты жағдаят беріледі.
Топ 1 минут ішінде жағдаятты талқылап, бірінші оқушы «Егер....» - деп бастайды, екінші оқушы «Онда.......» - деп сол ойды жалғастырады, үшінші оқушы «Өйткені......» - деп ойды қорытындылайды.
Жағдаят: Егер сіз ел Президенті болсаңыз тағы нені өзгертер едіңіз?
Топ жағдаятты шешіп, үш жай сөйлемнен құралған, құрмалас сөйлеммен жеткізеді.
1-тапсырма. Жеке жұмыс.Оқушыларға құрмалас сөйлем, оның жасалу жолдары және түрлері (Салалас құрмалас сөйлем) туралы теориялық мәлімет таратылады.
Теориялық мәлімет бойынша негізгі ақпаратты іріктей отырып, оқып шық.
Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары және түрлеріҚұрмалас сөйлем — екі немесе бірнеше жай сөйлемненЖай сөйлем құралып, күрделі ойдыКүрделі ой (мұндай бет жоқ) білдіретін, мағыналық жағынан өзара байланысты біртұтас сөйлемБіртұтас сөйлем (мұндай бет жоқ). Мыс: Аспанда бұлт болмасын, жерде гүл солмасын.
Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары және түрлері
Құрамындағы жай сөйлемдердің өзара байланысу жолдарына қарай құрмалас сөйлем 3-ке бөлінеді:
1. Салалас құрмалас сөйлем.
2. Сабақтас құрмалас сөйлем.
3. Аралас құрмалас сөйлем
Салалас құрмалас сөйлем
Құрамындағы жай сөйлемдері өзара тәуелсіз, тең дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлемді салалас құрмалас сөйлем дейміз. Мыс: Табыс өзінен –
өзі келмейді, оны қажырлы еңбекпен жеңіп алу керек.(Табыс өзінен-өзі келмейді. 2. Оны қажырлы еңбекпен жеңіп алу керек).
Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері:
Ыңғайлас салалас.
Қарсылықты салалас.
Себеп- салдар салалас.
Талғаулы салалас.
Кезектес салалас.
Шартты салалас.
Ыңғайлас салалас пен қарсылықты салалас
Ыңғайлас салалас
Құрамындағы жай сөйлемдері көбінесе өзара тұлғалас, бір сарынды мағыналық қатынаста айтылған салалас құрмалас сөйлем ыңғайлас салалас болады. Ыңғайлас салалас ішіндегі жай сөйлемдер да, де, та, те, және, әрі, мен, бен, пен деген жалғаулықтар арқылы немесе ешбір жалғаулықсыз-ақ байланыса береді. Мыс: Мұндай жолдарды салу аса қымбатқа түседі және кез- келген жерге сала беру мүмкін емес. Мыңдаған гектар шөп шабылмақ, ондаған қора жайлар салынбақ.
Қарсылықты салалас
Құрамындағы жай сөйлемдері өзара қарсы мағыналық қатынаста жұмсалатын салалас құрмалас сөйлем қарсылықты салалас болады. Қарсылықты салалас сөйлемдер жалғаулықты және жалғаулықсыз болып бөлінеді. Ондағы жай сөйлемдерді байланыстыратын жалғаулықтар: бірақ, ал, алайда, дегенмен, сонда да, сөйтсе де ,әйтсе де т.б. Мыс: Елім орасан мол ағаш байлығына ие болып отыр, бірақ бұл байлықтың өзін де ұқыптылықпен тиімділікпен пайдалану керек. Баймахан қосымша уақыт сұрап еді, – төраға үндемеді.
Себеп- салдар салалас пен талғаулы салалас
Себеп- салдар салалас
Құрамындағы жай сөйлемдері өзара себеп- нәтижелі қарым – қатынаста жұмсалатын салалас құрмалас сөйлем себеп- салдар салалас болады. Себеп жалғаулықтары: Себебі, өйткені, неге десең. Олар тек қана себепті білдіретін сөйлем құрамында айтылады. Салдар жалғаулықтары: сондықтан, сол себепті. Бұлар тек қана нәтижені білдіретін сөйлем құрамында жұмсалады. Мыс: Көпшілік тікұшақтар 250 км/сағаттан аспайтын жылдамдықпен ұшады, сондықтан оны аса аққыш формалы түрге келтірудің онша қажеті жоқ.
Талғаулы салалас
Құрамындағы жай сөйлемдері не, немесе, я, яки, әлде, болмаса деген жалғаулықтар арқылы байланысып, іс-әрекеттің талғануын білдіретін салалас құрмалас сөйлес талғаулы салалас болады. Мыс: Малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек. Сол белгі менде жоқ па, әлде көрмейсіңдер ме?
Кезектес салалас пен шартты салалас
Кезектес салалас
Құрамындағы жай сөйлемдері бірде, біресе, кейде деген жалғаулықтар арқылы байланысса, іс әрекеттің алмасып келуін білдіретін салалас құрмалас сөйлем кезектес салалас болады. Кезектес салалас сөйлемдегі баяндауыштармен жалғаулықтар қайталанып айтылады. Мыс: Тыныс керек кейде жанға, кейде жанға ән керек.
Түсіндірмелі салалас сөйлем - синтаксистік компоненттерінін алғашқысында айтылған іс-әрекет, оқиға желісінің мәні кейінгі компонентте сараланып, түсіндіріліп, ашылып отыратын кұрмалас сөйлемКұрмалас сөйлем (мұндай бет жоқ). Түсіндірмелі салалас сөйлемнін басты ерекшелігі оның компоненттерінін жалғаулықсыз байланысып отыратындығында.Түсіндірмелі салалас сөйлемнін бірінші компонентінің баяндауышы ретінде сол, соншама, соншалық, сондай сияқты есімдіктер мен үстеу сөздер қызмет етіп, екі жай сөйлемді құрмаластырып тұрады.
Мысалы: Атыстың күіитілігі сонша, күн күркіреп, жер солқылдағандан болып жатты.
2- тапсырма. Топтық жұмыс.
Оқушылар 1,2,3,4 деп санау арқылы топқа бөлінеді.
Топта бөлім бойынша (ЭКСПО 2017) маңызы бар оқиғаны жеке жаңалық оқиғасы етіп дайындау үшін таңдап алады.
Оқушылар топ ішінде өзара зерттеу жүргізу үшін аспектілерді бөліп алады, оқиғаның әр түрлі аспектілерін анықтау үшін журналистер рөлін сомдайды.
Оқушылар өз топтарына есеп беріп, әңгіме тақтасын, өз бағдарламаларын жасау үшін жоспар жасайды (ұзақтығы екі минут болуы қажет).
Мүмкіндігінше таңдап алған жаңалық оқиғасының Қазақстан үшін маңызы болуы және құрмалас сөйлемдердің қолданылуы басты шарт.
2- тапсырма. Топтық жұмыс.
Оқушылар рөлдерді төмендегі ретпен бөлуі мүмкін:
жүргізуші (оқиғаларды байланыстыратын оқушы);
оқиға жеріндегі тілші;
білетіндері туралы сұрақтарға жауап беретін қатысушы адам
жағдайға байланысты көзқарасын қосатын сарапшы;
Осы әңгіме тақтасын қолданып, екі минуттық жаңалық дайындаңдар.
Олар әңгіме тақтасын, атауларды, тақырып сөйлемдерін құрмалас сөйлемдер арқылы дамыта алады.
Басқа топтар осы қорғап жатқан топтың идеяларын флип-чартқа түсіріп отырады.
Жиналған ойлар мен идеяларды қолданып, ой картасын жасайды.
2- тапсырма. Топтық жұмыс.
Мына көріністе не айтылуы мүмкін?
Мәтінді жазыңыз, мысалы, жаңалық жүргізуші оқушы: «Қайырлы таң…….»
Бағалау критерийлері
Рефлексия
5-1-1
Тақырыпқа қатысты 5 сөз айту
5 сөзден 1 сөйлем шығару
Бүгінгі тақырыпты ашатындай 1 сөз қалдыру
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА:
«Мен елімнің айтулы жетістіктерімен мақтанамын ...» ой- толғау жазу.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?