Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. ЭКСПО-2017. Қазақ тілі, 9 сынып, презентация. 6 сабақ.
3-бөлім: Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. ЭКСПО-2017
Оқу мақсаты: 9.3.5.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша автордың негізгі ойын сақтай отырып, перифраз тәсілдері арқылы жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу;
Сабақ мақсаты: Оқылым мәтіні бойынша автордың негізгі ойын сақтап, перифраз тәсілдері арқылы аннотация/тезис жазады.
Бағалау критерийлері
ОҚЫЛЫМ АЛДЫ ТАПСЫРМА.«Сен- маған, мен- саған» әдісі
ТАПСЫРМА: жұбыңа «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. ЭКСПО-2017» тақырыбы туралы айту үшін қызықты сөйлемдер тізімін жаса (кемінде 2-3 сөйлем).
Талқылаңдар:
Жаңағы айтылған мәліметтер қысқа, нұсқа, нақты болды ма?
Не үшін? Қалай? Кімдерге маңызды?
Қандай кілт сөздерді қолдандың?
Бүгінгі оқу мақсаты қандай болуы мүмкін?
Жинақы мәтін, тезис және аннотация жазуға дайындық жайлы айтылады.
1-тапсырма.Жеке және топтық жұмыс.
Әр оқушыға тезис және аннотация жазуға көмек беретін материалдар таратылады.
Бұл теориялық мәліметті оқып, өз түсінгендеріңді топта бір- біріңе түсіндіріңдер.
№ 1 таратпа материал:
Тезис (гр.) - әр түрлі көркем шығармалардың, мақалалардың негізгі мазмұнын аз ғана сөйлемдермен баяндапБаяндоо беру.
Ғылымда:
Тезис- ғылыми жұмыстың, баяндаманың, мақаланың, курстық немесе дипломтық жұмыс т.б. басты ойларын, негізгі ережелерін қысқаша қисындап тұжырымдау
1-тапсырма.№ 2 таратпа материал:
«Аннотация, аңдатпа (лат.annotatіo – ескерту, аңдату) кітаптың, топтама жинақтың, қолжазбаның мазмұнын оқырманға қысқаша баяндау.
Аннотацияда шығармаға баға беріп, автор туралы мәліметтер келтіруі, кітаптың немесе жекелеген мақаланың жазылу тарихын қамтуы, әдебиеттерге және тағы басқа деректерге сілтеме жасауы да мүмкін. Оқырман аннотацияға сүйене отырып, өзіне қажетті әдебиетті таңдай алады.
Аннотация талаптары әр жұмыста әр түрлі болуы мүмкін, бірақ негізгісі міндет қамтылатын ақпаратты ұсыну.
АННОТАЦИЯ ТАЛАПТАРЫ
Жеке жұмыс2-ТАПСЫРМА.
әр топ өздеріне берілген мәтінді оқиды;
оқылым материалы бойынша негізгі ақпаратты іріктейді,
1-2 топ өздеріне берілген мәтін бойынша тезис жазады;
3-4 топ өздеріне берілген мәтін бойынша аннотация жазады.
Ұсыныс: «Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясында жасалған баяндаманың тезисін үлгі ретінде алуға болады.
Бағалау критерийлері
3-ТАПСЫРМА. ОҚЫЛЫМНАН КЕЙІНГІ ТАПСЫРМА.
Жұптық жұмыс.
Бір-біріңнің жұмысыңды бағала;
Жоғарыдағы критерийлерді қолдан;
Бір-біріңнің жазба жұмыстарың бойынша әрбір аспектілеріне пікір білдіре отырып бағала;
Жұпта өз жазбаларыңмен бөліс;
Оны оқырманға қызықты ету үшін қалай өзгертуге болатыны туралы пікір білдір.
КЕРІ БАЙЛАНЫС:
«Пирамида» әдісі.Пирамида бөліктеріне етістіктерді орналастыр;
Оқу мақсатына қаншалықты жеткендігіңді білдір.
Етістіктер:
Білдім;
Үйрендім;
Жасай алдым;
Меңгердім;
Дағдыландым ...
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА:
Сіз Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік белестері» көрмесіне шақырылған журналистсіз.
Көрмеден соң газеттеріңізге мақала жазу тапсырылды.
Не жазасыз?
Жазатын тақырыбыңыздың қысқаша тезисін жазып келіңіз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?