Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. ЭКСПО-2017. Қазақ тілі, 9 сынып, сабақ жоспары. 6 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3. Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. ЭКСПО-2017

Мектеп:

Пән: қазақ тілі

Күні:

Мұғалімнің аты- жөні:

Сынып: 9

Қатысқан оқушылар саны:

Келмегендер:

Сабақ тақырыбы

3. Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. ЭКСПО-2017

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.3.5.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша автордың негізгі ойын сақтай отырып, перифраз тәсілдері арқылы жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу;

Сабақ мақсаты:

Оқылым мәтіні бойынша автордың негізгі ойын сақтап, перифраз тәсілдері арқылы аннотация/тезис жазады.

Бағалау критерийлері

Бағалау критерийі

Дескрипторлар

Оқылым мәтіні бойынша аннотация/тезис жаза алады

мәтінді мұқият оқиды;

негізгі және қосымша ақпараттарды анықтап іріктейді;

негізгі ойды білдіретін тірек сөздерді, сөйлемдерді анықтайды, перифраз тәсілдерін қолданады;

автор ойын, баяндау желісін сақтай отырып, мәтіндегі негізгі ойды ықшамдап тезис/аннотация жазады.

Тілдік міндеттер

Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:

Мен мынадай дәлелдер келтіремін... Оның себебін... деп түсіндіремін. Біздің пікірімізше.... Олай ойлауға ..... себептер бар. Бұл сабақта оқушылар сын тұрғысынан ойлау арқылы өзіндік пікірін білдіреді және дәлелдемелер келтіреді.

Негізгі тақырып бойынша лексикалық минимум: тезис, аннотация, мақалаға аңдатпа жазу үшін қолданылатын фразалар

Неге? Қалай? Қашан? сұрақтарын пайдалану арқылы жазылым алды дайындық сөйлесуін жүргізеді.

Мен осы көзқараспен келісемін/келіспеймін. Өйткені ...

Құндылықтарды дарыту

 

  • өмір бойы оқу- білімін тереңдету, қажетті материалдарға талдама жасау
  • азаматтық жауапкершілік пен патриоттық рух -сабақ мәнмәтінінде көтерілген «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. ЭКСПО-2017» мәселе тақырыбында сыни ойларын арттыру
  • ынтымақтастық: бір-бірін қолдау, өзгенің пікірін сыйлау
  • жұптық және топтық жұмыстар орындау барысында өзіне және айналадағы адамдарға деген құрмет;
  • өз пікірін білдіру барысындағы ашықтық;

Пәнаралық байланыс

Мәтін мәнмәтінінде физика пәні, жаһанмен байланысты танымдық ақпараттар беріледі

АКТ –ны қолдану дағдылары

Интерактивті тақта мүмкіндіктері

Алдыңғы білім

Алдыңғы сабақтарда өткен ақпараттар мен дағдыларын қолданады.

Сабақ барысы

Жоспарлан

ған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурс

тар

Сабақтың басы

5 мин

Қызығушылықты ояту

«Сен- маған, мен- саған» әдісі.

Тапсырма: жұбыңа «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. ЭКСПО-2017» тақырыбы туралы айту үшін қызықты сөйлемдер тізімін жаса (кемінде 2-3 сөйлем).

Талқылаңдар:

  • Жаңағы айтылған мәліметтер қысқа, нұсқа, нақты болды ма?
  • Не үшін? Қалай? Кімдерге маңызды?
  • Қандай кілт сөздерді қолдандың?
  • Бүгінгі оқу мақсаты қандай болуы мүмкін?

Жинақы мәтін, тезис және аннотация жазуға дайындық жайлы айтылады.

Оқушы дәптері

Сынып

Сабақтың ортасы

10 мин

15 мин

5 мин

Мағынаны тану.

1-тапсырма. Жазылымалды тапсырма.

Жеке және топтық жұмыс.

Әр оқушыға тезис және аннотация жазуға көмек беретін материалдар таратылады.

№ 1 таратпа материал:

Тезис (гр.) - әр түрлі көркем шығармалардың, мақалалардың негізгі мазмұнын аз ғана сөйлемдермен баяндап беру.

Ғылымда:

  • Тезис- ғылыми жұмыстың, баяндаманың, мақаланың, курстық немесе дипломтық жұмыс т.б. басты ойларын, негізгі ережелерін қысқаша қисындап тұжырымдау

№ 2 таратпа материал:

«Аннотация, аңдатпа  (лат.annotatіo – ескерту, аңдату) кітаптың, топтама жинақтың, қолжазбаның мазмұнын оқырманға қысқаша баяндау.

Аннотацияда шығармаға баға беріп, автор туралы мәліметтер келтіруі, кітаптың немесе жекелеген мақаланың жазылу тарихын қамтуы, әдебиеттерге және тағы басқа деректерге сілтеме жасауы да мүмкін. Оқырман аннотацияға сүйене отырып, өзіне қажетті әдебиетті таңдай алады.

Аннотация талаптары әр жұмыста әр түрлі болуы мүмкін, бірақ негізгісі қамтылатын ақпаратты ұсыну.

Бұл теориялық мәліметті оқып, өз түсінгендерін топта бір- біріне түсіндіреді.

  • тапсырма. Жеке жұмыс.
  • әр топ өздеріне берілген мәтінді оқиды;
  • оқылым материалы бойынша негізгі ақпаратты іріктейді,
  • 1-2 топ өздеріне берілген мәтін бойынша тезис жазады;
  • 3-4 топ өздеріне берілген мәтін бойынша аннотация жазады.

Ұсыныс: «Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясында жасалған баяндаманың тезисін үлгі ретінде ұсынуға болады.

Бағалау критерийлері:

Бағалау критерийі

Дескрипторлар

Оқылым мәтіні бойынша аннотация/тезис жаза алады.

мәтінді мұқият оқиды;

негізгі және қосымша ақпараттарды анықтап іріктейді;

негізгі ойды білдіретін тірек сөздерді, сөйлемдерді анықтайды, перифраз тәсілдерін қолданады;

автор ойын, баяндау желісін сақтай отырып, мәтіндегі негізгі ойды ықшамдап тезис/аннотация жазады

Жұптық жұмыс. Бір-бірін бағалауда оқушылар жоғарыдағы критерийлерді қолданып, бір-бірінің жазба жұмыстары бойынша әрбір аспектілеріне пікірлерін білдіре отырып бағалайды.

Жұптарда оқушылар өз жазбаларымен бөліседі және оны оқырманға қызықты ету үшін қалай өзгертуге болатыны туралы пікір айтады.

Оқылым таратпа материалдары

түрлі түсті маркерлер

Слайд

Сабақтың соңы

5 мин

Кері байланыс. «Пирамида»

Пирамида бөліктеріне етістіктерді орналастыру арқылы оқу мақсатына қаншалықты жеткендігін білдіру.

Етістіктер:

Білдім;

Үйрендім;

Жасай алдым;

Меңгердім;

Дағдыландым ...

Үйге тапсырма: Сіз Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік белестері» көрмесіне шақырылған журналистсіз. Көрмеден соң газеттеріңізге мақала жазу тапсырылды. Не жазасыз? Жазатын тақырыбыңыздың қысқаша тезисін жазып келіңіз.

Дифференциация – қалай жүзеге асырылды.

Көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Аргументтерді қолдандыруға көбірек көңіл бөлу. Селқостық танытатын оқушыларға көшбасшылық қызмет жүктеу.

Қабілетті оқушыларыңызға қандай жоспар құрған болар едіңіз?

Қабілетті оқушыларға зерттеу, жинақтау тапсырмаларын беруге баса назар аудару

Бағалау.

Сіз оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау критерийлері мен дескрипторлар бойынша

топ топты бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау;

Жайлы атмосфера қалыптастыру

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары Оқыту мақсаттары шынайы болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсаттарына жетті ме? Егер оқу мақсаттарына жетпесе, неге?

Сабақта дифференциация дұрыс жүзеге асты ма?

Сабақ кезеңдері уақытқа сәйкес келді ме?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін қолданыңыз. Сабағыңызға қатысты деген сол жақта келтірілген ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы бағалау

Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуғажәнеүйренугеқатысты

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (оқыту мен оқуға қатысты ойланыңыз)

1:

2:

Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқыту мен оқуға қатысты ойланыңыз)

1:

2:

Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім?

Мақалаға аңдатпа жазу үшін қолданылатын фразалар

Кіріспе

  • Бұл мақалада ... мәселелер қарастырылған.
  • Мақалада ... тақырыбы сөз болады.
  • Мақалада ... сөз болады.
  • Аталмыш мақалада ... негізгі себептерін ашуға талпыныс жасалған.

Негізгі ой

  • ... ерекше көңіл бөлінген.
  • Мақалада ... талданады.
  • Аталмыш жұмыста автордың негізгі назары ... –ға бағытталады.
  • Мақала ... жан-жақты талдауға арналған.
  • ... талдау нәтижесінде, сондай-ақ, сараптама көрсеткендей, ... анықталған.
  • Мақала қазіргі кездегі ... өзекті мәселеге арналған.
  • ... мұндай көзқарас ... саласындағы мамандардың қызығушылығын танытады.
  • ... мәселеге көп көңіл бөлінген.
  • Түйінді дәлел ретінде ... қолданылады.

Қорытынды

  • Қорытындысында ... ашылған.
  • Автор ... деген шешімге келеді.
  • Автор ... ұсыныс жасайды.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу