EXPO-2017 — Тәуелсіздік жемісі. Қазақ тілі, 9 сынып, таратпа материал. 5 сабақ.


Бөлім/ Сабақ тақырыбы:

Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. ЭКСПО-2017

EXPO-2017 — Тәуелсіздік жемісі

Оқу мақсаты

9.2.7.1 ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтар, ғылыми еңбектерден алынған деректерді дәлел ретінде қолдану, авторына сілтеме жасау

Сабақ мақсаты:

Ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтар, ғылыми еңбектерден алынған деректерді дәлел ретінде қолдану, авторына сілтеме жасау.

Бағалау критерийлері:

  • Қосымша ақпараттардағы деректерді іріктейді
  • Авторына сілтеме жасайды

Дескриптор

- деректерді қолданады;

- дерек, мәліметтердің авторына сілтеме жасайды

1-оқылым алды тапсырма

  • Сілтеме дегеніміз не? Сілтеме (Ссылка; the reference, link) — 1) қандай да бір объектіге арналған нұсқағыш; 2) тілдің сипатталган элементін белгілеуге пайдаланылатын тілдік құрылма; 3) хабарланған объектіні ұқсастыру.
  • Дереккөз деген не?
  • Факт — бұл өмірде бар және болған жайттар. Энциклопедияда тақырыпқа қатысты саладағы ғалымдар мен сарапшылардың келісілген тұжырымдамасы факт ретінде саналады. Пікірдің өзіне емес, фактілерге, соның ішінде пікірлер жайындағы фактілерге сүйеніңіз. Күмән тудырмайтын, жалпыға мәлім тұжырымдамаларға сілтеме сұраудың қажеті жоқ (мысалы, мынадай тұжырымдама: Марс – Күн жүйесіндегі планета).
  • Пікір – бұл біреудің ұстанатын, мазмұны тексерілуі де тексерілмеуі де мүмкін, көзқарасы. Дегенмен дара немесе бір топ адамдардың ұстанатын көзқарасы факт болып саналатындықтан, Уикипедияда жариялана алады (жеке немесе бір топ адамдардың ұстанатын көзқарасы екендігін растайтын сенімді дереккөздер көрсетілуі шарт). Мысалы, Құдайдың бар екені факт емес, дегенмен көптеген сенушілер Құдайдың бар екенін болжайтыны – күмәнсіз факт.
  • Негізгі дереккөз – фактілерге тікелей дәлел бола алатын адам немесе құжат. Ол айтылып жатқан оқиға немесе тұжырымдамаға жақын дереккөз. Бұған көбінесе оқиғаға қатысқан немесе бақылаған қатысушыдан алынған мәтін жатады. Ол журналисттің оқиға жерінен жасаған репортажы, ресми жариялау немесе автобиографиялық шығармалар болуы мүмкін. Беделді агенттік жасаған статистика негізгі дереккөз бола алады. Уикипедия мақалаларында негізгі дереккөзіне емес, негізгі мәліметтер қолданылған қосымша дереккөзге сүйену керек. Негізгі дереккөзін қолдану үшін, әсіресе тарих саласында, арнайы дайындық керек. Егер негізгі дереккөздер сенімді басылымдарда жарияланған болса, онда оны мақалада қолдануға болады. Мысалы, радиостанция сайтына шығарылған радиохабар стенограммасы немесе сенімді жинаққа жиналған тарихи құжат (мысалы — В. И. Ленин және ВЧК. М.: Саяси әдебиеттер баспасы, 1975)
  • Қосымша дереккөз бір немесе бірнеше негізгі дереккөздерді сипаттайды. Ғылыми мақала және кітап түріндегі қосымша дереккөздер ғылыми баспалардан (әсіресе ғылыми журналдарда басылған) мұқият тексеріліп шығады. Мазмұны сенімді мәліметтерден тұратындықтан, оны беделді дереккөздер ретінде қолдануға мүмкіндік береді.

2-оқылым тапсырмасы. «EXPO-2017 — Тәуелсіздік жемісі» тақырыбында ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді қолданып, авторына сілтеме жасаңыз( ноутбук, газет-журналдар беріледі).

3- оқылымнан кейінгі тапсырма

Тақырып төңірегінде жинаған деректеріңіздің авторына сілтеме жасай отырып , жұбыңызға деректерңізді жеткізіңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу