file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Жаһандану мәселелері. Стилистика. Қазақ тілі, 9 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ:2

Мектеп: Астана қаласы ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Сулайманов Д.Д. қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сынып: 9 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Жаһандану мәселелері. Стилистика

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

9.2.1.1 тұтас емес (кесте, диаграмма, сызба, сурет) мәтіндердегі мәліметтерді салыстыру, өңдеу.

Сабақтың мақсаттары

Кез-келген тақырыпта өз ойын жеткізеді

Бағалау критерийлері

Оқушы:

ойын еркін жеткізе алады;

ұсынылған ақпараттар мен ұғымдардың мазмұнын ажырата алады;

ұғымдарды/сөздерді синонимдерімен алмастырып қолдана алады.

Тілдік мақсат

Жаһандану, ғаламдану

Әлемге танылу

Ғаламдық

Коммуникацияның артуы

Халықаралық еркін сауда

Көлік желілерін жақсарту

Мәдени алмасу

Жаһандық экономика

Құндылықтар

Ынтымақтастық: ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыруды және сындарлы көзқарасты дамытуды, өзара қарым-қатынастар құрған кезде сыни ойлай білуді қамтиды. Академиялық әділдік: басқа адамдардың идеялары мен ойларын құрметтеу.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

10 минут

Сабақтың ортасы

25 минут

І. Қызығушылықты ояту

Тірек сөздер: Жаһандану, ғаламдану, әлемге танылу, ғаламдық, коммуникацияның артуы, халықаралық еркін сауда, көлік желілерін жақсарту, мәдени алмасу, жаһандық экономика және т.б.

Оқушылар тірек сөздерді дәптерлеріне жазып алады. Әрқайсысы 1 сөзден таңдап алып, мағынасын түсіндіреді. (Сөздіктен қарауға, сыныптасынан көмек сұрауға мүмкіндік беріледі).

«Жаһандық бинго» әдісі

- Ортаға 4 оқушы шығарылады.

- «Бингоны» толтыру үшін 3 минут уақыт беріледі.

-Сыныптағы басқа оқушылардан берілген уақыт ішінде ақпарат жинайды.

-Таныстырылым жасау кезінде бірі айтқан ойды (сөзді, жауапты) қайталамау керек.

(яғни мұқият тыңдап тұру маңызды)

«Жаһандану» сөзінің синонимі

Технологиялық жаһандануға мысал келтіріңіз.

1.

2.

«Жаһандану» сөзіне сөйлем ойлап айтыңыз.

Жаһанданудың теріс ықпалы:

1.

2.

Жаһандану үрдісі Қазақстанға қандай жаңалық әкелді?

Жаһандануға қатысты 2 сөз айтыңыз.

ІІ. Мағынаны тану

Мұғалім топтағы оқушыларға 2 тұтас емес сурет ұсынады. Сурет мәтіндердегі мәліметтерді салыстырады, өңдейді. Екі суретті салыстыра отырып, газетке мақала жазады. (Сөз санын мұғалім өзі белгілейді).

Мақала жазу талаптары.

1. Тақырып

  • Тақырып қызықты болу керек, бұл мақаладан оқырман қандай ақпарат ала алады, ол қаншалықты пайдалы болады?

2. Кіріспе

  • Мақаладағы мәселені бірден толық ашпай, оқырманды аяғына дейін қызықтырып отыру керек.

3. Негізгі бөлім

  • Бір абзацта 5-6 сөйлем болу керек.

4. Қорытынды

  • Мақаланың соңында қорытынды ойды білдіретін сөйлем болу керек.

5. Тавтологиядан/ қайталау/ аулақ болыңыз, түсініксіз сөздерді қолданбаңыз.

6. Мәтінді аяқтағаннан кейін міндетті түрде бастан аяғына дейін тексеріп шығыңыз.

7. Барлық грамматикадан, тыныс белгіден кеткен қателерді түзетуді ұмытпаңыз.

8. Қаласаңыз мақалаңыздың тақырыбын ашатын сурет ұсынуыңызға болады.

1-сурет

2-сурет

Сурет

Сабақтың соңы

5 минут

ІІІ. Ой-қозғау

Оқушы жазбасы жүргізіледі. Үйренгендері туралы ойланады, өзіне қажетті ақпараттарды дәптерге жазып алады.

  • Жұмыс барысында қандай қиындық болды?
  • Жұмыс барысынан өзіңіз үшін қандай жаңа ақпарат алдыңыз?
  • Жұмыстың мұндай түрі сіз үшін қаншалықты пайдалы деп ойлайсыз?

Қосымша ақпарат

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 27 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу