Жаһандану мәселелері. Қазақ әдеби стилінің түрлері. Қазақ тілі, 9 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ:1

Мектеп: ФМБ НЗМ Астана қаласы

Күні:

Мұғалімдердің аты-жөні: Сулайманов Д.Д.

Сыныбы: 9 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Жаһандану мәселелері. Қазақ әдеби стилінің түрлері

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

9.2.4.1 әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау.

Оқыту мақсаттары:

Мәтіндерді жанр бойынша тақырыбын, қызметін, құрылымын салыстыру.

Бағалау критерийлері:

  • Берілген мәліметтерді түсінеді;
  • Өз көзқарастарын білдіре алады;
  • Мәтіндердің тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдайды;

Тілдік мақсаттар:

Тақырыпқа байланысты тірек сөздер: ысырапшылық, бойды аулақ салу, үстемдігі, мәдениеттің "мысы" басым, асқар таудай биік, жөргегінде тұншыққандай

Қажетті сөз тіркестер: менің ойымша..., мен былай жауап берер едім..., қорытындылайтын болсақ....

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылар алдыңғы бөлімдердегі тәжірибені қолданады және өз қабілеттерін белгілі бір стилде жазу үшін қолданады және топта жұмыс жасай алады.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

10 минут

І. Қызығушылықты ояту С

1. Берілген сурет бойынша «Жаһандану және жаһандану мәселелеріне» қатысты ой айтады. Сынып жұптарға бөлінеді. Ұсынылған сурет бойынша ассоциация жасайды, жұптық жұмысты таныстырады.

Жетелеуші сұрақтар:

  •  Ұсынылған суреттер нені білдіреді?
  •  Оларды өзара қандай ұғым байланыстырады деп ойлайсыз? (ұқсастықтары)
  •  Олардың біздің өмірімізде маңызы қаншалықты? Олар біздің өмірімізге/тұрмысымызға қаншалықты әсер етті?
  •  Бұл логотиптер қандай тақырыпқа байланысты ұсынылды деп ойлайсыз?
  •  Слайд суретке ортақ қандай ат/тақырып қояр едіңіз? т.б.

Доп, қ/қағаздар

Сабақтың ортасы

25 минут

ІІ. Мағынаны тану СТ

Мұғалім стиль туралы түсінік береді.

Қазақ әдеби тілі – стильдік-жанрлық тармақтары әбден айқын, ауызша және жазбаша түрде қызмет ететін тіл. Қоғамдық өмірдің барлық саласында белсенді қолданысқа ие. Қазақ әдеби тілінің бес түрлі стильдік тармақтары қалыптасып сараланған: білім мен ғылым саласында – ресми іс қағаздар, әдебиет пен өнерде – көркем әдебиет, бұқаралық ақпарат саласында – публицистикалық,

күнделікті тұрмыстық қарым – қатынаста – сөйлеу тілі (ауызекі).

Тіл стильдері

  • Ауызекі сөйлеу стилі
  • Көркем әдебиет стилі
  • Ресми іс қағаздар стилі
  • Ғылыми стиль
  • Публицистикалық стиль.

Мысалы:

Доп ойнайын деп жатырмыз (ауызекі сөйлеу стилі).

Тәуелсіз қазақ елінің алдында латын әліпбиіне көшу міндеті тұр. (публицистикалық стиль).

Тригонометриялық өрнектерді ықшамдау жолымен шешеміз. (ғылыми стиль).

Алғашқыда ел оның тірлігіне таңданып, аса сүйсініп жүрді (көркем әдебиет стилі).

Мен, немерем Құрманғалиева Гүлшаттың зейнетақымды алуына сенім білдіремін (ресми іс қағаздар стилі)

2.1. Оқылым алды тапсырма ЖЖ

Жаһанданудың Қазақстанға әсері қандай?

Дескрипторы:

  • Берілген мәліметтерді түсінеді;
  • Өз көзқарастарын білдіре алады;
  • Мәтіндердің тақырыбын, қызметін, стилін, тілдік ерекшелігін салыстыра талдай алады;

2.2. Оқылым тапсырмасы

Тапсырма. Оқушыларға мәтіндер беріледі. Олар оқып, сол мәтіндерге салыстырмалы анализ жасайды. Берілген екі мәтіндегі ақпараттарды салыстыра отырып, тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін талдайды.

А мәтіні

Жаһандану концепциясын ғылыми талдаудың кейбір теориялық мәселелері

Жаһанданудың оң және теріс жақтарына талдау жасай келе, малайзиялық танымал ғалым Музаффар Чандра оның бір ғана оң нәтижесі «жанама өнімде» деп атап көрсетеді. «Оның нағыз себебі пайданы барынша көбейтуден көрінеді», - деп жазады ол, сондықтан жаһандану «бүкіл тарих бойында адамзат өркениетінің тұтастығына маңызды қауіп төндіретін қатерлердің бірі болуы мүмкін». Алайда, «жаһандану дін мен мәдениет үшін белгілі бір оң элементтер әкелетіндіктен, одан толық бойды аулақ салудың да қажеті жоқ. Этикалық және моральдық ережелер қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік стратегияда экономикалық қызмет атқару кезінде ескерілуі тиіс. Нарық этикалық принциптермен реттелініп отыруы қажет» деп санайды ғалым. Оның пікірінше, «ислам және басқа да дін интеллектуалдарына қарсы тұру дінмен үйлесе отырып, жаһандану үдерісіне енгізілген адамгершілік және экономикалық жағынан негізделген саясаттан көрінеді».

Егерде жаһанданудың артықшылықтары туралы айтар болсақ, жаһандану халықаралық бәсекелестікті өршіте түседі. Бәсекелестік пен нарықтың кеңеюі мамандану және халықаралық еңбек бөлінісін тереңдетуге әкеледі. Жаһанданудың тағы бір артықшылығы – өндіріс ауқымындағы үнемділік, мұның өзі ысырапшылыққа жол бермеу мен бағаның төмендеуіне, соның салдарынан тұрақты экономикалық дамуға әкеледі.

Егерде жаһанданудың оң және теріс жақтарын саралайтын болсақ, оның өзі әлемдік жүйенің сипатына байланысты болады. Егер әлем қақтығыстарға толы болса, онда ол мүлдем теріс сипат алады. Керісінше, әлем ынтымақтастыққа қарай бет түзесе, онда жаһандану оң әсер береді.

Ә мәтіні

Жаһандану және ел тағдыры

Жаһандану – адамзатпен бірге келе жатқан үрдіс. Айтылуы, аталуы жаңаша болып көрінгенімен, оның түп тамыры ежелгі тарих қойнауында жатқандығын байқауға болады. Кезінде Шыңғыс хан, Атилла (Еділ), Македониялық Ескендір сияқты тарихи тұлғалар жер-дүниенің бәрін жаулап алып, өз үстемдігін жүргізіп, ортақ тілді, құндылықтарды әлемге таратпақшы болған. Демек, жаһандану тарихта бұрын да көрініс тапқан.

Бүгінгі таңда еуропа-американдық немесе батыстық мәдениеттің "мысы" басым болып тұр. Ал қалған елдер не батыстың құндылықтарын, мәдениетін қабыл алып, батыстың "жүрдек пойызының соңғы тепкешегіне жабысады", яғни жаһанданады, не өздерін батыс ықпалынан шығарып алу үшін томаға – тұйықтық, жабықтық стратегия ұстанады.

Жаһандану біздің елде де басталып кетті. Осы тұста бір үлкен мәселе туады, ол – жаһандану заманында біз елдігімізді, мәдениетімізді, тілімізді сақтай аламыз ба? – деген сауал. Батыстың мәдениеті ықпалды болып тұрғаны рас. Бірақ осы орайда біз Батыстан нені алуымыз, нені алмауымыз керек. Жалпы мәдениеттің өзі екі жолмен пайда болады. Біріншісі – дүниетанымнан келіп шығатын, екіншісі – ғылыми-техникалық дамудан келіп шығатын мәдениет. Біз батыстан ғылым мен техниканың дамуынан келіп шыққан мәдениетті алуымызға болады. Тіпті ХХІ ғасырда қазақ жастары озық технологияның барлық қыр-сырын білуі тиіс. Мұны меңгерумен біз бәсекеге қабілетті, іргесі мықты ел боламыз. Ал батыстың дүниетанымынан келіп шыққан мәдениет бізге керек емес.

Ұлтымыздың болмысында біткен асқар таудай биік, өмірдің бар асылына бергісіз, сан ғасырлық ғажайып, бірегей мәдениеті бар. Тіл – мәдениеттің құрылымдық элементі, мәдениеттің болу шарты әрі ең жоғары құндылығы. Қазір ғаламдық тіл санатына романдық тілдер тобы, нақтырақ айтсақ, ағылшын тілі сақадай сай дайын тұр.

Ендеше, жөргегінде тұңшыққандай күйдегі біздің тіліміз – біздің мәдени құндылықтарымыздың ажырамас бір бөлігі. Сондықтан тілімізге қамқор болу – мәдени мұрамызды түгендеудің тағы бір жолы. Тіл ұлт болып қалудың соңғы қамалы екені баршаға аян. Сол қамалды сақтап қалу - әрбір қазақтың қасиетті борышы.

2.3 Оқылымнан кейінгі тапсырма

А мәтіні

Ұқсастығы мен ерекшелігі

Ә мәтіні

Тақырыбы

Тақырыбы

Қызмет

Қызмет

Стилі

Стилі

Тілдік ерекшелігі

Тілдік ерекшелігі

https://www.youtube.com/watch?v=DM5xzikcHp4 Серик Ибрагимов. «Жаяу» әні /сергіту сәті/

мәтіндер, тапсырмалар жазылған қ/қағаздар,кері байланыс парақшасы «Менің миым»

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия: «Менің миым»

Оқушылар мидың суреті салынған парақшаларды алады да, оны сабақ барысында меңгерген білік-дағдыларын білдіретін сөздермен толтырады.

Үй тапсырмасы: ТЖ Әр топ өзара келісіп, бір брендті таңдап, олар қалай бастағандары, дамығандары және әлемге танымал болғандары туралы тарихын қамтитын презентация жасайды. Оқушылар ақпаратты тандау, тиімді ұсыну және пайдалы визуалды материалдарды қолдану бойынша бағалау критерийлерін құрайды. ЖЖ Жаһандану мен Қазақстан-Қытай қатынасы туралы мақала www.mrglobalization.com/Жаһандану-winners/381-kazakhstan-and-china-

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

А мәтіні Жаһандану концепциясын ғылыми талдаудың кейбір теориялық мәселелері

Жаһанданудың оң және теріс жақтарына талдау жасай келе, малайзиялық танымал ғалым Музаффар Чандра оның бір ғана оң нәтижесі «жанама өнімде» деп атап көрсетеді. «Оның нағыз себебі пайданы барынша көбейтуден көрінеді»,-деп жазады ол, сондықтан жаһандану «бүкіл  тарих бойында адамзат өркениетінің тұтастығына маңызды қауіп төндіретін қатерлердің бірі болуы мүмкін». Алайда, «жаһандану дін мен мәдениет үшін белгілі бір оң  элементтер әкелетіндіктен, одан толық бойды аулақ салудың да қажеті жоқ. Этикалық және моральдық ережелер қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік стратегияда экономикалық қызмет атқару кезінде ескерілуі тиіс. Нарық этикалық принциптермен реттелініп отыруы қажет» деп санайды ғалым. Оның пікірінше, «ислам және басқа да дін интелектуалдарына қарсы тұру дінмен үйлесе отырып, жаһандану үдерісіне енгізілген адамгершілік және экономикалық жағынан негізделген саясаттан көрінеді».

Егерде жаһанданудың артықшылықтары туралы айтар болсақ, жаһандану халықаралық бәсекелестікті өршіте түседі. Бәсекелестік пен нарықтың кеңеюі мамандану және халықаралық еңбек бөлінісін тереңдетуге әкеледі. Жаһанданудың тағы бір артықшылығы – өндіріс ауқымындағы үнемділік, мұның өзі ысырапшылыққа жол бермеу мен бағаның төмендеуіне, соның салдарынан тұрақты экономикалық дамуға әкеледі.

Егерде жаһанданудың оң жәге теріс жақтарын саралайтын болсақ, оның өзі әлемдік жүйенің сипатына байланысты болады. Егер әлем қақтығыстарға толы болса, онда ол мүлдем теріс сипат алады. Керісінше, әлем ынтымақтастыққа қарай бет түзесе, онда жаһандану оң әсер береді.

Ә мәтіні

Жаһандану және ел тағдыры

Жаһандану – адамзатпен бірге келе жатқан үрдіс. Айтылуы, аталуы жаңаша болып көрінгенімен, оның түп тамыры ежелгі тарих қойнауында жатқандығын байқауға болады. Кезінде Шыңғыс хан, Атилла (Еділ), Македониялық Ескендір сияқты тарихи тұлғалар жер-дүниенің бәрін жаулап алып, өз үстемдігін жүргізіп, ортақ тілді, құндылықтарды әлемге таратпақшы болған. Демек, жаһандану тарихта бұрын да көрініс тапқан.

Бүгінгі таңда еуропа-американдық немесе батыстық мәдениеттің "мысы" басым болып тұр. Ал қалған елдер не батыстың құндылықтарын, мәдениетін қабыл алып, батыстың "жүрдек пойызының соңғы тепкешегіне жабысады", яғни жаһанданады, не өздерін батыс ықпалынан шығарып алу үшін томаға – тұйықтық, жабықтық стратегия ұстанады.

Жаһандану біздің елде де басталып кетті. Осы тұста бір үлкен мәселе туады, ол – жаһандану заманында біз елдігімізді, мәдениетімізді, тілімізді сақтай аламыз ба? – деген сауал. Батыстың мәдениеті ықпалды болып тұрғаны рас. Бірақ осы орайда біз Батыстан нені алуымыз, нені алмауымыз керек. Жалпы мәдениеттің өзі екі жолмен пайда болады. Біріншісі – дүниетанымнан келіп шығатын, екіншісі – ғылыми-техникалық дамудан келіп шығатын мәдениет. Біз батыстан ғылым мен техниканың дамуынан келіп шыққан мәдениетті алуымызға болады. Тіпті ХХІ ғасырда қазақ жастары озық технологияның барлық қыр-сырын білуі тиіс. Мұны меңгерумен біз бәсекеге қабілетті, іргесі мықты ел боламыз. Ал батыстың дүниетанымынан келіп шыққан мәдениет бізге керек емес.

Ұлтымыздың болмысында біткен асқар таудай биік, өмірдің бар асылына бергісіз, сан ғасырлық ғажайып, бірегей мәдениеті бар. Тіл – мәдениеттің құрылымдық элементі, мәдениеттің болу шарты әрі ең жоғары құндылығы. Қазір ғаламдық тіл санатына романдық тілдер тобы, нақтырақ айтсақ, ағылшын тілі сақадай сай дайын тұр.

Ендеше, жөргегінде тұңшыққандай күйдегі біздің тіліміз – біздің мәдени құндылықтарымыздың ажырамас бір бөлігі. Сондықтан тілімізге қамқор болу – мәдени мұрамызды түгендеудің тағы бір жолы. Тіл ұлт болып қалудың соңғы қамалы екені баршаға аян. Сол қамалды сақтап қалу - әрбір қазақтың қасиетті борышы.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Жауабы барма
    Жауабы барма 08.10.2024 19:12
    0 + 0 -
    Жауабы барма