Жаһандану мәселелері. Қазақ тілі, 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ: №

Мектеп: НЗМ Астана қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Уиткыбаева Н.Б

Сынып: 9 (Т1)

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Жаһандану мәселелері. Стилистика

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

9.4.3.1 стильдік ерекшеліктерге сай тілдік бірліктердің дұрыс қолдана білу

 Сабақтың мақсаттары

Оқушылардың барлығы орындай алады:

Стильдік ерекшелігін анықтайды

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Стильдік, тілдік ерекшелігін толық талдайды.

Оқушылардың кейбіреуі орындай алады:

Стильдік, тілдік ерекшелігін сақтап мәтін жазады.

 Бағалау критерийі

  • Берілген мәтін бойынша стильдік талдау жасайды.
  • Тілдік ерекшеліктерін біледі.

Тілдік мақсат

Пәнге қатысты сөздік қорлар мен терминдер:

Пәнаралық байланыс

тарих

Сабақта қамтылатын құндылықтар

ұлтжандылық, елжандылық тәрбие, ынтымақтастық, бір-біріне құрмет көрсетеді.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Интерактивті тақтамен жұмыс

Алдыңғы оқу

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөз

дер

Сабақтың басы

3 минут

Сабақтың ортасы

6 минут

15 минут

3минут

10 минут

2- минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Қызығушылықты ояту

Суреттерге қарап ой бөлісу /Суреттерге қарап сөйлейік!/ ой бөліседі.

Мұғалім сабақ мақсаты мен бағалау критерийін таныстырады.

Мағынаны тану кезеңі

Тапсырма

  • Публицистикалық стильдің тілдік ерекшелігін оқыңыз.
  • Топта талқылаңыз.

Т. 2-тапсырма.

  • Төмендегі мәтінді оқып стильдік ерекшелігіне талдау жасаңыздар.
  • Мәтіннің тіліне талдау жасаңыздар.

 Тіл қай ұлтта, қай елде болмасын қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен дарып қалыптасқандықтан, «ана» деген ардақты атпен «ана тілі» деп атаймыз. Бүгінгі технология және жаһандану заманында көптілді меңгеру жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік.

Көптілді меңгеру деген ұғым - қазақ дүниетанымында бұрыннан бар түсінік. Кезінде халқымыздың «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деген аталы сөзі дәл бүгінгі дамыған дәуірімізге сәйкес айтылғандай. Тарихи деректерге жүгінсек, әлемде Аристотелден кейін екінші аға ұстаз аталған ұлы ғұлама Әбу Насыр әл-Фараби бабамыз өз өмірінде 70-ке жуық ұлттың тілін жетік білгендіктен, артына мәңгі өшпес мол рухани құнды мұра қалдырып кеткендігі анық.

Көптілді меңгерген адам әуелі өз тілінде ой қорытып, туған халқына өнеге болып, өзге жұртпен бәсекеде ырықты орынды иеленіп, сан мәдениетті санасына салып сараптай алса, онда ол өз өмірін қалайда мағыналы өткізетін айтулы тұлға болып жетілері анық.

Көптілділік біздің қоғам үшін 2006 жылғы Елбасының «Тілдердің үштұғырлылығы» – «Триединство языков» - «Trinity of languages» тұжырымдамасынан бастау алғаны мәлім. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Үш тілді меңгеру – біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады. Қазақстанды әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек», - деген болатын. Ендеше, Қазақстанның білім беру жүйесінде үштілді оқыту мәселелерінің көтерілуі заман талабынан туындап отырғаны айқын.

3-тапсырма.

Талдауларын өзге топтағы оқушыларға түсіндіреді.

Топтар бір-бірлерін ауызша комментарий арқылы бағалайды.

4-тапсырма.

«Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл»- деген тақырыпта мәтін құрастырыңыз.

Дескриптор бойынша өзін-өзі бағалау

Оқушыларға дескриптор парақшасы таратылады. Оқушылармен бірігіп жасаған критериий бойынша бағалайды.

(Мұғалім бағалау парақшасын сынып ерекшелігіне қарай өзгертеді).

Дескриптор

Публицистикалық стильдің ерекшелігін біледі

Мәтінге стильдік талдау жасайды

Тілдік талдау жасайды

Мәтін құрастырады

https://egemen.kz/article/174322-zhahandanu-uaqytyndaghy-adebiet

https://baq.kz/kk/news/bilim/ushtildi_bilim_beru_arkili_kuziretti_tulgani_kaliptastiru__zaman

Сабақтың соңы

2 минут

Кері байланыс

Сабақта не қызық болды?

Сабақта не пайдалы болды?

Сабақта не қиын болды?

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Сұрақтардың қарапайымнан күрделіге қарай құрылуы, оқушылардың жауабының да әр түрлі болуын қамтамасыз етеді.

Оқушылардың өлең талдауы бойынша құндылықтарды анықтағандарынан аңғарамын.

Оқушылардың Елжандылық, Туған жерге деген құрметін қалыптастырады, өзіне деген жауапкершілікті арттырады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу