Жаһандану мәселелері. Стилистика. Қазақ тілі, 9 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.
Сабақ жоспары
Сабақ : 3 | Мектеп: | ||||||||
Күні : | Мұғалім: | ||||||||
Сынып: 9 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||
Сабақтың тақырыбы: | 1-бөлім: Жаһандану мәселелері. Стилистика | ||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: | 9.1.5.1 мәтіндегі айтылған ойға өз көзқарасын білдіреді, сыни тұрғыдан баға беріп айту; | ||||||||
Сабақ мақсаты: | Мәтін мазмұнын ұғыну, соған қатысты көзқарасын білдіру, сыни тұрғыдан баға беру | ||||||||
Пәнаралық байланыс: | әдебиет,тарих, география | ||||||||
АКТ-ны қолдану дағдылары: | Интербелсенді тақта, презентация, бейнематериал | ||||||||
Бағалау критерийлері: |
| ||||||||
Тілдік мақсаттар: | Оқушылар: Сөйлеу дағдыларын жетілдіреді, оқыған материалдарына сыни көзқараспен қарап, пікірін білдіреді, сұрақтар қояды, болжайды. Пән лексикасы және терминология: жаһандану, стиь түрлері, стильдік белгілер. Жазылым үшін қажетті сөз тіркестері: Менің ойымша, ..................................., Ойымды қорытындылайтын болсам, бұл пікір __________. | ||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Мәңгілік ел құндылығы.Стилистика | ||||||||
Жоспар | |||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | |||||||
Сабақтың басы 3 мин. 2 мин | 1. Қызығушылықты ояту
Оқушылар жауабы тыңдалады. Дұрыс нұсқа: ТІЛ / ДІН / ДІЛ
Оқушылар жауабы тыңдалады. 3.Сабақтың тақырыбымен және мақсаттарымен таныстыру. Сабақтың тақырыбы, мақсаты айтылады. Мақсаты: күтілетін нәтижені айқындау | ||||||||
Сабақтың ортасы 10 мин. | Мағынаны ажырату Оқылым. Бос орындарға берілген сөздерді қойып, «Жаһандануға жұтылып кетпей, салт-дәстүрімізге берік болайық!» мәтінін бір рет оқып шығу.
Қазіргі кезде _____________________________ (1) заманында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түрлі _____________________________ (2) таратылуда. Олардың ішінде кәдеге асырып, пайдаға жаратуға болатындары да, мүлдем керек емес _____________________________ (3) де бар. Біздердің ең басты міндетіміз - халықтығымызды қалыптай, _____________________________ (4) салмақтай отырып, замана көшіне ілестіру. Сондықтан салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызға кеңінен көңіл бөлу, әрбіріміздің _____________________________ (5) іс. Үш қасиетің: дініңді, тіліңді, діліңді сақта. Дұрыс жауаптар: (1) жаһандану (2) ақпараттар (3) қажетсіздері (4) салт-дәстүрімізді (5) еншіміздегі 4. Тыңдалым. «Жаһандануға жұтылып кетпей, салт-дәстүрімізге берік болайық!» тақырыбында бейнероликті тамашалай отырып, өз жауаптарын тексереді. «Ф» өзін-өзі бағалау. Оқылым алды тапсырмасы. Сұрақты ой картасында (mind map) талқылау. ЖЖ.
Олар мыналар: капиталдың еркін қозғалысы; адамдардың кедергісіз жүріп-тұруы; тауарлардың елдердегі қозғалысы; ақпарат пен идеялардың еркін қозғалысы. Міне, біз жаһандану көшінен қалмау үшін осы факторларды еске ала отырып, елімізді өркендетуіміз керек. 2. Жаһандану үрдісі халықтарға, мемлекеттерге не әкеледі? Жаһанданудың әкелері де, берері де мол. Мәселе жаһанданудың заңдылықтарын зерттеп, оларды дұрыс пайдалана білуде. Интернеттің, электрондық поштаның, халықаралық телефон мен ұялы телефоннның жедел таралуына байланысты дүние жүзіндегі елдер бір-біріне жақындай түсті. Өкініштісі, дүниежүзілік ортақ өркендеудің орнына кейбір елдер әлеуметтік жағынан төмендеп барады. Үшіншіден, жаһандану халықаралық өте қатал бәсекелестікті ала келді. Жаһандану ақылмен басқаруды талап етеді. 3. Жаһандану үрдісінің кері әсері бар ма? Иә. Оларға терроршылдық пен есірткі саудасын жатқызуға болады. Эпидемиялар жаһанданудың әсерінен үлкен қауіпке айналды. Жаһанданудың келеңсіз жақтарына экологиялық апаттар, ақпараттық соғыстар да жатқызылады. Сонымен қатар, ұлттық құндылықтар, тарихи шежіреміз бен мұрағаттар, салт-дәстүрлерді ұмытпай, сақтап қалу мәселесін де айту керек. 4. Әлемдегі елдер бәсекеге қалай түседі? Әлемдегі ұлттар, елдер тауарларымен, қызмет көрсету сапасымен ғана емес, білім беру жүйесімен де бәсекелеседі. Батыс әлемінде халықтың 15 пайызы ғана тауарлар өндірісінде, ал қалған 85 пайызы шығармашылық, мәдениет және ақпараттар беруде үлес қосады. Жапония, Сингапур, Германия, Швейцария идеялар мен технологиялармен көрінеді. 5. Жаһандану дәуіріндегі жастардың міндеттеріне не жатады? Жастардың міндеті: Білімді жаңартып отыру; Шет тілдерді, өзге елдердің құқықтарын білу; Макроэкономиканың қыр-сырын меңгеру. Жастар білімдінің, қатал бәсекенің заманы туғанын есте шығармаулары керек. Президент Н.Ә.Назарбаев лекциясынан Оқылымнан кейінгі тапсырма. Мәтінді
| ||||||||
Сабақтың соңы 2 мин | Рефлексия: «Мозаика» әдісі арқылы сабаққа кері байланыс жасалады. 1.Маған ұнаған әрекет 2. Маған қиындық тудырғаны 3. Ұсынысым бар 4.Менің көңіл-күйім | ||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Қауіпсіздік ережелері | |||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | |||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2. Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?