Жаһандану мәселелері. Стилистика. Қазақ тілі, 9 сынып, дидактикалық материал. 4 сабақ.


Оқылым алды тапсырма

1. Қазақстандық мәдениет жобасы қазақ қоғамы үшін несімен маңызды?

2. Біздің мәдени құндылықтарымыз өркениет көкжиегіне ілесе ала ма?

3. Жаһанға жауһар бола алатын өнер түріне нені жатқызар едің?

4. Аталған өнер түрлері арқылы Қазақстанды күллі әлемге таныта аламыз ба?

2-тапсырма. Мәтінмен жұмыс.

1-топ. Қазақ қоғамы сөз жоқ, жаңа тарихи кезеңге аяқ басып отыр. Саяси-экономикалық жаңғырулармен қатар, ел өмірінде өзге де елеулі оң өзгерістер орын алуда. Мәселен, мәдениет саласында биыл қаншама айтулы оқиғалар өтті. Осы орайда біз ЭКСПО көрмесі аясында бастау алған Дүниежүзілік «Астана» театрлар фестивалі, Пласидо Домингоның «Опералия» халықаралық байқауы, «Сахнадан сәлем» халықаралық театр фестивалі, «Еуразия» кинофестивалі тәрізді ірі жобаларды айрықша атап өткен болар едік. Қазақ мәдениетін, ұлттық құндылықтарды әлем жұртшылығына паш етудің жаңа үлгісі дегеніміз міне, осындай құндылықтарды бағалай білу және дамыту болса керек.Жер бетіндегі бірде-бір ел қақпа-терезесін тарс жауып, томаға-тұйық өмір сүрмейді. Сол сияқты Қазақстанның мәдени көші де дамыған елдермен тығыз қарым-қатынас жасасуға бағытталған деуге толық негіз бар.  Бұл ретте Елбасы ең алдымен, мақалада бәсекелестікке қабілетті болу мәселесіне айрықша көңіл бөлгізеді. Қазақ қоғамы үшін бұл қазіргі таңдағы маңызды шарт-талаптардың бірі екеніне мән бергізеді. Яғни, мәдениет жаңа бағытқа бұрылып, өркениет көкжиегіне бет түзеп барады, деген ойға табан тіретеді. Қазақстанның әлемдік деңгейді бағындырған жекелеген өз тұлғалары аз емес, әрине. Жыл сайын өтетін халықаралық өнер байқауларында олжа салмайтын қазақтың баласы кемде-кем. Бірақ өкінішке қарай, классикалық музыкалық аспаптарда орындаушылар арасында, опера, балет өнері бойынша өткен халықаралық ірі байқауларда «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққан дүлдүлдерімізді жыға тани қоймайтынымыз жабырқатады.  Олардың насихаты мен жарнамасы да соншалық көп болмағандықтан көптің тасасында елеусіз қалып қойып жатады. Мұндайда сирек тағдыр иелері арқылы тұтас бір халық туралы, елдік бет-бейне туралы пікір қалыптасатынын ұмытпағанымыз абзал сияқты.2-топ.Елбасының рухани жаңғырудағы алға қойып отырған тапсырмасы да соған негізделген – кез келген адам өсіп-өркендеу үшін заман ағымына ілесіп, үнемі жаңарып, жақсы қасиеттерін жетілдіріп отыруы қажет. «Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта тірілтуіміз керек» делінген жолдар мен осыған қоса «Қанымызға сіңген көптеген дағдылар мен таптаурын болған қасаң қағидаларды өзгертпейінше, біздің толыққанды жаңғыруымыз мүмкін емес» дейтін тұжырымға кім-кім де ойлана мән берері кәдік. Қазіргі уақытта әлемнің бар назары біздің елордамыз Астанаға ауып отырған шақ. Еліміздің тарихында тұңғыш рет өтіп жатқан ауқымды да маңызды оқиғаға әлемнің түкпір-түкпірінен қонақтар ағылып келуде. Барлық келушілер ЭКСПО-ның мәдени бағдарламаларына белсенді түрде қатысып, көрменің керемет мазмұнды шығармашылық бағдарламаларынан ләззат алуда. Қазақстан халқының бірегей өзіндік тарихи мұраларымен, оның қазіргі заманғы жетістіктерімен танысуда. ЭКСПО-ға арнайы салынған «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенін күніне жүздеген адам келіп тамашалауда. «Нон-стоп» режімінде жұмыс істейтін «Этноауылда» қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің алуан түрі, ұлттық спорт түрлері, концерттік шаралар өтуде. Ұлттық мәдениетіміздің озық үлгілерін іріктеуде мұның  көмегі көл-көсір деп ойлаймыз.3-топ.Ел жетістігін баяндайтын кинохикаяттар мен тележобаларын құру бойынша «Мәңгілік Ел» кешенді жоспары жүзеге асырылуда. Бұл алдымен, үздік мәдени туындыларды таңдап алу ғана емес, сонымен қатар мұны шетелдерде кеңінен таныстырудан тұратын ауқымды һәм көп тер төгуді қажет ететін аса маңызды іс. Бұл қазіргі аударма қызметі, сондай-ақ, театр, кино, баспа өнімдері, бейнелеу өнері, музыкалық шығармалар т.с.с түрлі саладағы мәдени жетістіктерді насихаттаудың арнайы сипаты. Ол бір, екі күнде, болмаса қысқа мерзімде атқарыла салатын, оңай өңгерілер олжа емес. Сондықтан да биылғы жылдың жүгі басқа кезден әлдеқайда салмақты, өйткені, Елбасы айтқандай, бұл жыл алдағы 5-7 жыл ішінде әлемге не таныстырғымыз келетіндігімізді анықтайтын шешуші кезең болып саналады.  Біз өзімізді әуелі әлемге тәуелсіз ел ретінде танытсақ, енді мәдени-тарихи құндылықтарымызды, рухани қалыбымызды көрсететін кез келді. «Ол қандай ел?» дегенде, қай халық болсын ол елдің әуелі рухани байлығына назар аударары сөзсіз. Сол үшін сыртқа шығаратын жауһарларымызға жай қарай салуға қақымыз жоқ. Мысалы, қазақ жазушыларынан алдағы уақытта кімдердің еңбектерін  аударуымыз керек? Кімдердің жазғандарын аударсақ, әлем назарын өзімізге жалт қаратамыз? Сол сияқты драматургиялық шығармалар мен театр өнерінде паш ететін қандай жетістіктеріміз бар? Бүгінгі таңда қазақ әдебиеті кеңінен насихатталып жатыр деп айта алмаспыз. 4-топ.Кино өнеріне келсек, әрине, Америка, Ресей, Түркия, Қытай, Германия, Франция т.с.с. киноиндустриясы дамыған елдерге жету үшін отандық киногерлердің әлі қаншама тер төгулеріне тура келеді. Қазақ киносының қазіргі сыртқы тұрпаты моторы оталып тұрғанмен алға жылжығаны байқалмайтын машинаның әрекеті сияқтанады. Бір қарағанда, сан-сапаты мен шетелде өтетін түрлі фестивальдарға қатысуы жағынан ешкімге есе жіберіп қойған сәті жоқтай көрінгенмен, ал екінші жағынан «жаһанға жауһар туынды ретінде қай фильмді ұсынар едіңіз?» дей қалсақ, «міне, мынадай шоқтығы биік шоң туынды жоғары баға алуға лайық» деп, алшаңдай адымдауымызға әлі ертелеу-ау. Бұл жерде алдымызға түрлі пікірлер көлденең тартылуы мүмкін. «Қазақтың киносы қазақтың өзіне ұнаса болды емес пе, қалғандарын қайтеміз?» деп келте кесіп пікір айтушылар табылар, әрине. Себебі, кино өнері кеңестік кезеңде санамызға тек тәрбие құралы ретінде сіңірілді. Шын мәнінде бұған сол тұрғыдан ғана қарайтын болсақ, онда әлемдік көшке ілесу, нарық заңы талаптарына сай болу керек деген сөздер орындалмас жай бос әңгіме болып қала ма деп күдіктенесің. Сондықтан кино түсіруді тек экрандағы ойындардан ғана тұрады деу қисынсыз.  Сапалы экрандық туындыға қол жеткізу үшін еліміз кәсіби білікті сценарийстерге, шебер режиссерлер мен операторларға зәру. Өкінішке қарай, әзірге қазақ киносы соңынан өзімізден басқаны ілестіріп әкете алмай жатыр. Мұның бәрі кәсіби мамандардың тапшылығынан. Мұндайда оның АҚШ экономикасын көтерудегі үлесі толағай Голливуд өнімдерімен, болмаса жылына түрлі жанрларда жүздеген фильм түсіретін Ресейдің алпауыт кинокомпаниялары туындыларымен иық тірестіруге қауқары қалай жетсін? Ал кейбір елдер кино өнерін ұлттық иммунитетті көтеретін құрал деп санайды екен. Жөн-ақ. Алайда «бір елдің шеңберінде қалып қоятын фильм түсіру біртіндеп қалып келе жатыр» дегенді желеулетіп, не таза батыстық, не таза еуропалық мәнге ие емес, дүбәра фильмдерге жұмсалған есіл ақшаға ішің удай ашығаннан басқа қолдан келер дәрмен жоқ.Толығырақ: https://egemen.kz/article/zhahandaghy-zamanaui-qazaqstandyq-madeniet-zhobasy-qazaq-qoghamy-ushin-nesimen-manhyzdy

Оқылымнан кейінгі тапсырма. «Мәселелерді зерттеу ағашы» әдісі

Мәтінді

  • Автор көтеріп отырған тақырып/мәселе
  • Автордың мәселені көтерудегі мақсаты
  • Автордың көздеген аудиториясы
  • Автордың мәселеге көзқарасы
  • Сіздің мәселеге көзқарасыңыз
  • Мәселенің туындау себебі
  • Көтерілген мәселенің салдары
  • Мәселені шешу жолдары


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу