Мәңгілік Ел – мұратым. Қазақ тілі, 9 сынып, таратпа материал. 1 сабақ.
1-таратпа.
1. Мақала дегеніміз не?
Мақала дегеніміз - қоғамдық-әлеуметтік мәселелер туралы жазылған публицистикалық жанрдағы шығарма.
2. Мақаланың қандай түрлері бар?
Мақала 4 түрге бөлінеді:
-Бас Мақала заманымыздың негізгі бағытын, үкіметтің алға қойған саяси, шаруашылық, мәдени міндеттерді түсіндіріп, іске бағыт береді;
-Проблемалық Мақала шешуді, тексеруді, зерттеуді қажет ететін теориялық және практикалық мәселелерді көтереді;
-Насихаттық Мақала ғылым, техника, өнер жаңалықтары заман талабына сай бүгінгі өмірдің практикалық міндеттерімен байланыстырып отырады;
-Публицистикалық Мақала қоғамдық-әлеуметтік және саяси маңызы зор оқиғалар мен құбылыстарды, дәуір тынысын көтеріңкі үнмен, көркем тілмен баяндайды.
3. Мақала қандай стильде жазылады?
Стильдер араласып келеді: ғылыми мақалада да, публицистикалық мақалада да ақпараттық сипат басым болып келеді және екі стиль де қатар көрініс таба береді, тіпті проблемалық мақалаларда көркем әдебиет стилі де қолданылады.
2-таратпа.
Мақала құрылымы мен мақала жазу талаптары
Тақырып
- Тақырып қызықты болу керек, бұл мақаладан оқырман қандай ақпарат ала алады, ол қаншалықты пайдалы болады?
1. Кіріспе
- Мақаладағы мәселені бірден толық ашпай, оқырманды аяғына дейін қызықтырып отыру керек. Сәтті шыққан кіріспе сөйлем 25-40 сөзден тұрады, ол мақаладағы негізгі оймен таныстырып, оқырмандардың қызығушылығын тудыруға арналады.
2. Негізгі бөлім
- Негізгі бөлімде қысқаша баяндаудан кейін негізгі деректерді келтіріп, түпкілікті ойды түсіндіру керек. Талқылау тудыратын сұрақтар қойып, сұрақтарға жауап іздейді.
3. Қорытынды
- Мақаланың соңында қорытынды ойды білдіретін сөйлем болу керек.
Тақырыптың өзектілігін білдіретін бағалауыштық құрылымдар, әдетте, белгілі бір мәселенің зерттелу барысын баяндау барысында қолданылады: зерттеу маңызды, ... зерттеу аса//өте маңызды, ... алатын орны орасан зор, бүгінгі күннің өзекті тақырыбы, бүгінгі күннің өзекті тақырыбына айналып отыр, бүгінгі күн талаптарының бірі, орынды, үлкен сұранысқа ие болып отыр, өзекті, сөзсіз, даусыз, қажет, мүмкін, ықтимал т.б.
3-таратпа.
Топ мүшелері редакторлық-стилистикалық өңдеудің тізімін толықтырыңыз.
1. Тавтологиядан аулақ болыңыз, түсініксіз сөздерді қолданбаңыз.
2. Мәтінді аяқтағаннан кейін міндетті түрде бастан аяғына дейін тексеріп шығыңыз.
3. Барлық грамматикадан, тыныс белгіден кеткен қателерді түзетуді ұмытпаңыз.
4. ...
Мақаланы өңдеңіз Мақаланы жариялаудан бұрын, қайта оқып шығып, өңдеу керек. Егер уақытыңыз болса, бір күннен кейін жаңа деммен оқып, түзеткеніңіз жөн. Осы арқылы мақаланың қалай жазғыңыз келгенін және қалай жазып шыққаныңызды салыстырып, айырмашылығын байқайсыз. Көп жағдайда мақаланы дауыстап оқып көру керек. Сонда кейбір сөз тіркестері мен сөйлем құрылымының қатесін түзей аласыз. Мәтіндегі орфографиялық және грамматикалық қателерді түзетіңіз. Бұдан кейін мақаланың жалпы құрылымы дұрыс тұрғанына көз жеткізіңіз. Мән-мағына логикалық тізбекте дұрыс орналасқан ба? Ақпаратпен мүлдем таныс емес оқырманға бәрі де түсінікті болсын. Мақалада бір-біріне қайшы келетін пікір мен қате деректердің жоқтығын қадағалаңыз. Егер мақала көңіл көншітпесе, белгілі бір тарауларын я түгелдей жұмысты қайта жазып шығыңыз. Мақала өзіңізге ұнамай жатса, мақалаңызды барынша талап-жігеріңізді аямай қайта бір қарастырып көріңіз. Мақаланы қызықты етіңіз. Мәтінге сурет, диаграмма, видео, аудио материалдар қосыңыз. Осы арқылы мақаланы түсінікті әрі оқуға жеңіл етесіз.4-таратпа.
Мақаланы ресімдеу қағидалары
Мақаланың мәтіні 10 мыңнан 20 мыңға дейін белгілері бар, көлемі 14 пт. Times New Roman қаріпімен, бір интервал арқылы, бір жоларалық интервал арқылы, ені бойынша форматталған, абзац арқылы 1,25 см бөлініп көрсетілген, барлық жағынан 20 миллиметрден жиегі бар, беттің дәл ортасының міндетті түрде төменгі жағынан нөмірленген Microcoft Word форматында ресімделеді. Мақалада:
- ӘОЖ (әмбебап ондық сыныптауыш) индексі қамтылуға тиіс;
- автордың (авторлардың) тегі, аты, әкесінің аты, мақаланың тақырыбы, аннотация, 5-10 түйін сөз қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ресімделеді;
- мақалада төрт бұрышты жақша ішіндегі тізімге сәйкес ресімделген әдебиетке сілтемелер болуға тиіс.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?