Мәңгілік Ел – мұратым. Қазақ тілі, 9 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Мәңгілік Ел – мұратым. Стилистика

Мектеп: Астана қаласы ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің ТАӘ: Жанаева Г.Ш.

Сынып: 9

Қатыспағандар саны:

Қатысқандар саны :

Сабақтың тақырыбы

Мәңгілік Ел – мұратым

Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.3.1 мақала құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату.

Сабақтың мақсаты

Мақала құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату.

 Бағалау критерийлері

 

Оқушы мақаланың құрылымы мен ресімделуін түсінеді;

Мақаланың жанрлық ерекшеліктерін ажыратады.

 Тілдік мақсаттар

Тақырыптың өзектілігін білдіретін бағалауыштық құрылымдар, әдетте, белгілі бір мәселенің зерттелу барысын баяндау барысында қолданылады: зерттеу маңызды, ... зерттеу аса//өте маңызды, ... алатын орны орасан зор, бүгінгі күннің өзекті тақырыбы, бүгінгі күннің өзекті тақырыбына айналып отыр, бүгінгі күн талаптарының бірі, орынды, үлкен сұранысқа ие болып отыр, өзекті, сөзсіз, даусыз, қажет, мүмкін, ықтимал т.б.

 Құндылықтар

Ашықтық, өмір бойы оқу

Осыған дейін меңгерілген білім

-

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

Мұғалім сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылармен бірге талқылайды.

Қызығушылықты ояту кезеңі

Топтарға тапсырманы орындаудың бірінші шарты түсіндіріледі.

  • Сынып шағын топтарға бөлінеді;
  • Әр топ бір стикерден таңдайды;
  • «Ғ» әрпі түскендер зерттеуші-ғалымдар болып, мақала жазады;
  • «Т» әрпі түскендер тілші болып, газет-журналдарға мақала жазады.

Сабақтың ортасы

7 мин

3 мин

17 мин

7 мин

Мағынаны тану

*Оқушылар сұрақтарды топта талқылап, жауап ұсынады.

1. Мақала дегеніміз не?

Мақала дегеніміз - қоғамдық-әлеуметтік мәселелер туралы жазылған публицистикалық жанрдағы шығарма.

2. Мақаланың қандай түрлері бар?

Мақала 4 түрге бөлінеді:

-Бас Мақала заманымыздың негізгі бағытын, үкіметтің алға қойған саяси, шаруашылық, мәдени міндеттерді түсіндіріп, іске бағыт береді;

-Проблемалық Мақала шешуді, тексеруді, зерттеуді қажет ететін теориялық және практикалық мәселелерді көтереді;

-Насихаттық Мақала ғылымтехникаөнер жаңалықтары заман талабына сай бүгінгі өмірдің практикалық міндеттерімен байланыстырып отырады;

-Публицистикалық Мақала қоғамдық-әлеуметтік және саяси маңызы зор оқиғалар мен құбылыстарды, дәуір тынысын көтеріңкі үнмен, көркем тілмен баяндайды.

3. Мақала қандай стильде жазылады?

Стильдер араласып келеді: ғылыми мақалада да, публицистикалық мақалада да ақпараттық сипат басым болып келеді және екі стиль де қатар көрініс таба береді, тіпті проблемалық мақалаларда көркем әдебиет стилі де қолданылады.

*Жазуға дейінгі дағдылар

Топ мүшелері «Мәңгілік ел - мұратым» тақырыбында мақала тақырыбын шығарады. Оқушылар ойланады, көз алдарына елестетеді, бір-бірін тыңдайды, бір шешімге келеді.

*Жазылым

*Оқушылар ұсынылған тапсырманы оқып, мақала мәтінінің логикалық сызбасын ұсынады.

Мақала құрылымы мен мақала жазу талаптары

Тақырып

  • Тақырып қызықты болу керек, бұл мақаладан оқырман қандай ақпарат ала алады, ол қаншалықты пайдалы болады?

1. Кіріспе

  • Мақаладағы мәселені бірден толық ашпай, оқырманды аяғына дейін қызықтырып отыру керек. Сәтті шыққан кіріспе сөйлем 25-40 сөзден тұрады, ол мақаладағы негізгі оймен таныстырып, оқырмандардың қызығушылығын тудыруға арналады.

2. Негізгі бөлім

  • Негізгі бөлімде қысқаша баяндаудан кейін негізгі деректерді келтіріп, түпкілікті ойды түсіндіру керек. Талқылау тудыратын сұрақтар қойып, сұрақтарға жауап іздейді.

3. Қорытынды

  • Мақаланың соңында қорытынды ойды білдіретін сөйлем болу керек.

Тақырыптың өзектілігін білдіретін бағалауыштық құрылымдар, әдетте, белгілі бір мәселенің зерттелу барысын баяндау барысында қолданылады: зерттеу маңызды, ... зерттеу аса//өте маңызды, ... алатын орны орасан зор, бүгінгі күннің өзекті тақырыбы, бүгінгі күннің өзекті тақырыбына айналып отыр, бүгінгі күн талаптарының бірі, орынды, үлкен сұранысқа ие болып отыр, өзекті, сөзсіз, даусыз, қажет, мүмкін, ықтимал т.б.

*Өзара бағалау. Топтар бір-біріне кері байланыс беріп, жұмыстарын бағалайды.

*Жазудан дейінгі дағдылар

Топ мүшелері редакторлық-стилистикалық өңдеудің тізімін толықтырады.

1. Тавтологиядан аулақ болыңыз, түсініксіз сөздерді қолданбаңыз.

2. Мәтінді аяқтағаннан кейін міндетті түрде бастан аяғына дейін тексеріп шығыңыз.

3. Барлық грамматикадан, тыныс белгіден кеткен қателерді түзетуді ұмытпаңыз.

4. ...

*Барлық топтар мақаланы ресімдеу қағидаларымен танысады.

Мақаланың мәтіні 10 мыңнан 20 мыңға дейін белгілері бар, көлемі 14 пт. Times New Roman қаріпімен, бір интервал арқылы, бір жоларалық интервал арқылы, ені бойынша форматталған, абзац арқылы 1,25 см бөлініп көрсетілген, барлық жағынан 20 миллиметрден жиегі бар, беттің дәл ортасының міндетті түрде төменгі жағынан нөмірленген Microcoft Word форматында ресімделеді. Мақалада:

- ӘОЖ (әмбебап ондық сыныптауыш) индексі қамтылуға тиіс;

- автордың (авторлардың) тегі, аты, әкесінің аты, мақаланың тақырыбы, аннотация, 5-10 түйін сөз қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ресімделеді;

- мақалада төрт бұрышты жақша ішіндегі тізімге сәйкес ресімделген әдебиетке сілтемелер болуға тиіс.

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B0%D2%9B%D0%B0%D0%BB%D0%B0

https://nur.nu.edu.kz/bitstream/handle/B0_Aliszhan%20S..pdf?sequence=1&isAllowed=y

http://www.iz.adilet.gov.kz/kk/articles-inner/kazakstan-respublikasy-zannama-institutynyn-zharshysy-gylymi-kukyktyk-zhurnaly-turaly

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия.

Жасыл шырша. Шырша сызып, сабақтағы орындаған әрекеттерін етістіктермен жазып шығады.

Үй тапсырмасы

Уикипедияға мақала жазыңыз. Нұсқаулықтың толық нұсқасымен сайттан танысыңыз.

1-қадам. Мақалаға тақырып таңдаңыз

2-қадам. Осындай мақала Уикипедияда бар ма?

3-қадам. Мақалаңызға атау таңдаңыз

4-қадам. Мақала жасау

5-қадам. Мақаланы дұрыс бастаңыз

6-қадам. Мақаланың өзін жаза бастаңыз

7-қадам. Ақпараттың дереккөзін көрсетіңіз

8-қадам. Мақаланы дұрыс безендіру

9-қадам. Мақалаңызды санатқа бөлу

10-қадам. Интеруики-сілтемелерді орналастыру

Рефлексия парағы

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу