Мәңгілік Ел – мұратым. Қазақ тілі, 9 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Мәңгілік Ел – мұратым. Стилистика | Мектеп: Астана қаласы ФМБ НЗМ | |||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің ТАӘ: Жанаева Г.Ш. | |||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 9 | Қатыспағандар саны: Қатысқандар саны : | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Мәңгілік Ел – мұратым | |||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 9.2.2.1 қазақ тілі стильдері мен шешендік сөздің түрлерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Қазақ тілі стильдері мен шешендік сөздің түрлерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану | |||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері
| Оқушы: қазақ тілі стильдері мен шешендік сөздің түрлерін қайталайды; қазақ тілі стильдері мен шешендік сөздің түрлерін қолданылған тілдік құралдар арқылы таниды. | |||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: Синонимдер, сөздердің ауыспалы мағынасы, терминдер, неологизмдер, сұраулы және лепті сөйлем, қаратпа сөз | |||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтар | Ашықтық, өмір бойы оқу, құндылықтарды дәріптеу | |||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Әдебиет, тарих | |||||||||||||||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | - | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған әрекеттер | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы
3 минут | Қызығушылықты ояту «Мәңгілік ел - мұратым» идеясын төмендегі суреттермен қалай байланыстыруға болады? Оқущылардың ой-пікірлері тыңдалады. Мұғалім сабақтың тақырыбын, оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылармен бірге талқылайды. | https://www.google.kz/ кескіндемелері | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5 мин 5 мин 10 мин 15 мин | Мағынаны тану *Оқушылар стиль түрлері, стиль ерекшеліктері, стильдің тілдік ерекшеліктерін қайталайды. Оқылым алды тапсырмасы *Оқушылар шешендік сөздің түрлерін анықтайды.
Оқылым тапсырмасы *Оқушылар 2 мәтінді оқып, тақырыбы мен идеясын салыстырады. 1-мәтін Төле би жас кезінде талай жасы үлкен атақты абыз билердің алдынан өтіп батасын алады. Төле бала әуелі әкесіне барыпты. Жасы жүзге тақап отырған әкесі ынтымақ, ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады. Төле "Қалай еткенде бірлік болады, оның күші қандай болмақ" дегенді сұрайды. Сонда. әкесі әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады:- Балам, мынаны сындырып көрші.Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды.- Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы? Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп, біртіндеп пырт-пырт етіп оп-оңай сындыра береді. Әлібек би:- Бұдан не түсіндің, балам? - дейді.Сонда Төле бала:- Түсіндім, әке бұл мысалыңыздың мәнісі: ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да, дау да ала алмайды. "Саяқ жүрген таяқ жейді" демекші, бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да оп-оңай алады дегеніңіз ғой. - Бәрекелді, балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін алдымен елді ауызбірлікке, ынтымаққа шақыра біл. "Бақ қайда барасың дегенде, ынтымаққа барамын" дегенінің мәнісі осы, - депті.
2-мәтін Мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат - Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекет қатарына қосылуы. Біздер, қазақстандықтар - бір халықпыз! Біз үшін ортақ тағдыр - бұл біздің Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік Ел - жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы. Егеменді дамудың 22 жылында барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды. Олар көктен түскен жоқ. Бұл құндылықтар - уақыт сынынан өткен Қазақстандық жол тәжірибесі. Бірінші - Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы. Екінші - қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім. Үшінші - зайырлы қоғам және жоғары руханият. Төртінші - индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім. Бесінші - Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы. Алтыншы - тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы. Жетінші - еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысу. Осы құндылықтар арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік, елімізді нығайттық, ұлы жетістіктерімізді еселедік. Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізі осы мемлекет құраушы, жалпыұлттық құндылықтарда жатыр. Біз өз халқымыздың игілігі жолында ұлы мақсаттарды алға қоямыз, сондықтан мен барлық саяси партияларды, қоғамдық бірлестіктерді, барша қазақстандықтарды 2050 Стратегиясының басты мақсатына жету жөніндегі жұмысқа белсене қатысуға шақырамын! Әсіресе, стратегия жастарымызға арналады. Оны жүзеге асыратын да, жемісін көретін де сіздер. Немқұрайлылық танытпаңыздар. Тапсырма *Екі мәтінге ортақ тапсырманы орындайды.
* Тілдік құралдар арқылы 1-мәніндегі шешендік сөздің түрін, 2-мәтіннің стилін анықтайды. Ойларын кесте арқылы дәлелдейді. Дескриптор: Шешендік сөздің түрі мен стилін біледі; Мәтіннің стилін анықтап, стильдік ерекшелігін айтады; Мәтіндердің тақырыбы мен идеясын дұрыс салыстырады; Мәтіндегі тілдік құралдарды стильдік ерекшелігіне қарай анықтайды. | https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D3%A9%D0%BB%D0%B5_%D0%B1%D0%B8 17 қаңтар 2014 Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 2 минут | Сабақтың соңында мұғалім бағалау критерийлері мен сабақ мақсаттарына қайта оралады. Бағалау критерийлеріне қаншалықты қол жеткізгендері туралы бірге талқылайды. Рефлексия. Мен ............................................... білдім. Мен .................................................үйрендім. Маған..............................................ұнады. Маған..............................................қиындық туғызды. Менің көңіл-күйім............................... . | Рефлексия парағы | ||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||||||||||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?