Мәңгілік Ел – мұратым. Қазақ тілі, 9 сынып, дидактикалық материал. 2 сабақ.


Мәтіндер

1-топқа

Мәңгілік ел – бұл қазақтың өткен тарихынан бастау алуы тиіс. Тамыры тереңге жайылған тарихтан сыр шертер болсақ, біз қазақ не көрмедік, қанша қиын жағдайларды, ашаршылық, соғыс, елден жыраққа ауып кету, тілімізден айырылу, барлығын бастан кешірдік. Осының бірде-біріне мойымастан бүгінгі күнге де аманшылықпен жетіп отырмыз. Шүкір, міне осының өзі-ақ мәңгі ел керегесі.

2-топқа

Бүгінгі күні біздің мәңгілік ел екенімізді бүкіл әлем  мойындады. Біз талай тар жол, тайғақ  кешулерден өттік. Мемлекетіміздің берік іргетасын қалаған, тәуелсіздігімізді алған, тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарай білетін, дербес те тәуелсіз ұлтпыз. Біз армандарды ақиқатқа  айналдырдық. Ол арман – Мәңгілік ел. Оны көздің қарашығымздай сақтау – мәңгі мұратымыз!

3-топқа

«Мәңгілік Ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты – Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді. Тарихи құндылығымыз болған тәуелсіздік идеясының негізінде сол ұлттың тағдыры, ұлы тұлғалардың ерен еңбегі жатыр.

4-топқа

Еліміздің мұратына айналған «Мәңгілік ел» идеясы - халықтың әл-ауқатын жақсартып, ынтымағын арттыратын, елді дамудың жаңа сатысына жетелейтін жаңа қадам. «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асырып, одан әрі дамытатын жастар болғандықтан олар ең алдымен білімді, ұлттық құндылықтар мен заманауи игіліктерді өз бойына біріктіріп, ұштастыра білген, өз елінің нағыз жанашыр азаматтары ретінде қалыптасуға талпынуы керек.

5-топқа

«Мәңгілік ел» идеясының маңыздылығын Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауының негізі етіп алды. Бұл туралы өз сөзінде: «Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр» деген болатын.

6-топқа

Мәңгілік елге айналу үшін тәуелсіздікті сақтап, елдігімізді нығайту басты мақсат болып табылады. Тәуелсіздік ұғымы халқымыздың мұраты, ғасырлар бойғы арманына айналған, сонау алаш тұлғаларының зердесі мен өнегесімен келген аманат дүние болатын. Жастар сондай текті ұрпақтың ұрпағы екендіктерін сезініп, осы «тәуелсіздік», «мәңгілік ел» ұғымдарын саналарына сіңіріп, қастерлеуге міндетті.

Мәтіндерді талқылайтын сұрақтар

Талқылауды төмендегі қадамдармен жүзеге асырады:

1. Абзацқа тақырып болатын сөз тіркесін тауып көр және астын сызыңыздар.

2. Тақырыптық ойды қолдаушы тірек сөздерді тауып, астын сызыңыздар.

3. Келтірілген мысалдар немесе аргументтер болатын тіркестер қайсы?

4. Қорытынды ойды жеткізетін тіркесті тауып, астын сызыңыздар.

Әр жанрға тән белгілер

Хат – кімнен кімге жазылып отырғаны көрсетілуі қажет. Міндетті түрде сәлемдесу, хал-жағдай сұрасу контексі болуы керек. Хат жазу себебі айтылады.

Хабарландыру – іс-шараның атауы, болу мақсаты, өтетін орны, мерзімі, ұйымдастырушылары көрсетіледі.

Ашық хат - кімнен кімге жазылып отырғаны көрсетіледі. Құттықтау мәтіні сипатталады.

Пост – белгілі бір мәселе көтеріледі. Автордың көзқарасы беріледі. Қоғамдық пікірдің талқысына ұсыныс жасалады.

Хроника – оқиғаның не туралы, қайда, қашан болғаны баяндалады.

Естелік жазба – белгілі бір іс-шараға қатысуы, оның авторға әсері, автордың бағалауы сипатталады. Өткен шақта жазылады.

Қалыптастырушы бағалау

Сабақ мақсаты

Бағалау критерийі

Дескриптор

Мақсатты аудиторияның қызығушылығын ынталандыру үшін әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру.

Әртүрлі жанрда мәтіндер құрастырып жазады.

1. Берілген жанрда жазады.

2. Жанрлық белгілерді сақтайды.

3. Жазылымда мәңгілік ел идеясын ашады.

Мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу.

Шағын жазбаларда тілдік бірліктерді дұрыс қолданады.

1. Мәтіннен тірек сөздер қолданады

2. Жалқы есімдерді дұрыс жазады.

Тапсырма

1-топ – досына хат жазады, хатта «Мәңгілік ел» идеясы туралы өз ойын білдіреді.

2-топ – мектепішілік іс-шара туралы хабарландыру жазады, хабарландыруда «Мәңгілік ел» идеясы аясында өтілетін дөңгелек үстелге шақыру жазады.

3-топ – туысына ашық хат жазады, ашық хатта Тәуелсіздік күнімен құттықтап жазады.

4-топ – әлеуметтік желіге пост жазады, постында «Мәңгілік ел» идеясына қатысты пікір білдіріп жазады.

5-топ – хроника жазады, хроникада Елбасының кезекті Жолдауы қайда, қашан, не туралы болғанын баяндап, хабар таратады.

6-топ – Тәуелсіздік күніне орай өткізілген апталық іс-шарада ұлттық идея қалай насихатталғаны жайлы естелік жазады.

Рефлексия



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу