Мәңгілік Ел – мұратым. Қазақ тілі, 9 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.
Пән: | Қазақ тілі | |||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы: | Мәңгілік Ел – мұратым | |||||||||||||||||
СЫНЫП: | 9Т1 | |||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | 9.3.2.1 Мақсатты аудиторияның қызығушылығын ынталандыру үшін әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру 9.4.1.1 Мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу | |||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Әртүрлі жанрда мәтіндер құрастырып жазады. Шағын жазбаларда тілдік бірліктерді дұрыс қолданады. | |||||||||||||||||
Құндылықтар | Терең көзқарастарды сіңіру | |||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Қазақстан тарихы | |||||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||||
Жоспар ланған уақыт | Жоспарланған қадамдар | Дерек көздері | ||||||||||||||||
Сабақтың басы 7 мин | 1- сабақ Қызығушылықты ояту. Ұйымдастыру сәті. С 1-қадам. Оқушыларға пазлдар үлестіріледі. Пазлдарды дұрыс құрастыру (хат, хабарландыру, ашық хат, пост, хроника, естелік жазба белгісін сипаттайтын суреттер шығады) арқылы топ құрап отырады.
2-қадам. Мұғалім әр топ суретінің қызметін сұрайды. Оқушылар жауабы тыңдалады. С 3-қадам. Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады. |
| ||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 6 мин 2 мин 10 мин 2 мин 7 мин 6 мин 10 мин 5 мин 15 мин 5 мин | 4-қадам. Бірінші топтың оқушысы ортаға шығып мұғалім ұсынған қоржыннан бір тірек сөзді алады. Оны оқып, тақтаға оңнан солға қарай көлбей жабыстырады. 5-қадам. Екінші, үшінші топтардан шыққан оқушылар да дәл осы әрекетті қайталайды. 6-қадам. Төртінші, бесінші, алтыншы топтардан шыққан оқушылар тірек сөзді тақтаға тек солдан оңға қарай көлбей жабыстырады. Тірек сөздер: Мәңгілік ел Мәңгілік мұрат Қазақстан 2050 Ұлттық идея Тәуелсіз мемлекет Тоныкөк абыз Мағынаны тану. Топтық жұмыс 7-қадам. Мұғалім сабақ тақырыбын айтып өтіп, әр топтың сөзі жазылған талқылау парағын сол топқа үлестіреді. 8-қадам. Топта тірек сөзге қатысты ассоциация жазады. Қажет жағдайда мұғалім қосымша түсінік береді. Галереяны аралау. С 9-қадам. Талқылау парақтары сынып қабырғасына ілінеді. 10-қадам. Оқушылар сыныпты аралай жүріп, талқылау парағындағы тірек сөздермен, идеялармен танысады. 11-қадам. Мұғалім оқушыларға мәтін үлестіреді. Оқушылар жеке оқып шығады. Ж 1-топқа Мәңгілік ел – бұл қазақтың өткен тарихынан бастау алуы тиіс. Тамыры тереңге жайылған тарихтан сыр шертер болсақ, біз қазақ не көрмедік, қанша қиын жағдайларды, ашаршылық, соғыс, елден жыраққа ауып кету, тілімізден айырылу, барлығын бастан кешірдік. Осының бірде-біріне мойымастан бүгінгі күнге де аманшылықпен жетіп отырмыз. Шүкір, міне осының өзі-ақ мәңгі ел керегесі. 2-топқа Бүгінгі күні біздің мәңгілік ел екенімізді бүкіл әлем мойындады. Біз талай тар жол, тайғақ кешулерден өттік. Мемлекетіміздің берік іргетасын қалаған, тәуелсіздігімізді алған, тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарай білетін, дербес те тәуелсіз ұлтпыз. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Ол арман – Мәңгілік ел. Оны көздің қарашығымздай сақтау – мәңгі мұратымыз! 3-топқа «Мәңгілік Ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты – Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді. Тарихи құндылығымыз болған тәуелсіздік идеясының негізінде сол ұлттың тағдыры, ұлы тұлғалардың ерен еңбегі жатыр. 4-топқа Еліміздің мұратына айналған «Мәңгілік ел» идеясы - халықтың әл-ауқатын жақсартып, ынтымағын арттыратын, елді дамудың жаңа сатысына жетелейтін жаңа қадам. «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асырып, одан әрі дамытатын жастар болғандықтан олар ең алдымен білімді, ұлттық құндылықтар мен заманауи игіліктерді өз бойына біріктіріп, ұштастыра білген, өз елінің нағыз жанашыр азаматтары ретінде қалыптасуға талпынуы керек. 5-топқа «Мәңгілік ел» идеясының маңыздылығын Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауының негізі етіп алды. Бұл туралы өз сөзінде: «Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр» деген болатын. 6-топқа Мәңгілік елге айналу үшін тәуелсіздікті сақтап, елдігімізді нығайту басты мақсат болып табылады. Тәуелсіздік ұғымы халқымыздың мұраты, ғасырлар бойғы арманына айналған, сонау алаш тұлғаларының зердесі мен өнегесімен келген аманат дүние болатын. Жастар сондай текті ұрпақтың ұрпағы екендіктерін сезініп, осы «тәуелсіздік», «мәңгілік ел» ұғымдарын саналарына сіңіріп, қастерлеуге міндетті. 2-сабақ 12-қадам. Топта бірлесе талқылайды. Т Талқылауды төмендегі қадамдармен жүзеге асырады: 1. Абзацқа тақырып болатын сөз тіркесін тауып көр және астын сызыңыздар. 2. Тақырыптық ойды қолдаушы тірек сөздерді тауып, астын сызыңыздар. 3. Келтірілген мысалдар немесе аргументтер болатын тіркестер қайсы? 4. Қорытынды ойды жеткізетін тіркесті тауып, астын сызыңыздар. 13-қадам. Оқушылар пазлмен құрастырылған суретті аударады. Онда сол жанрға тән белгілер сипатталып жазылады. Топта оқып, білетіндерін еске түсіреді, кейбір жаңа ақпараттармен танысады. Т/ЖЖ Хат – кімнен кімге жазылып отырғаны көрсетілуі қажет. Міндетті түрде сәлемдесу, хал-жағдай сұрасу контексі болуы керек. Хат жазу себебі айтылады. Хабарландыру – іс-шараның атауы, болу мақсаты, өтетін орны, мерзімі, ұйымдастырушылары көрсетіледі. Ашық хат - кімнен кімге жазылып отырғаны көрсетіледі. Құттықтау мәтіні сипатталады. Пост – белгілі бір мәселе көтеріледі. Автордың көзқарасы беріледі. Қоғамдық пікірдің талқысына ұсыныс жасалады. Хроника – оқиғаның не туралы, қайда, қашан болғаны баяндалады. Естелік жазба – белгілі бір іс-шараға қатысуы, оның авторға әсері, автордың бағалауы сипатталады. Өткен шақта жазылады. 14-қадам. Жеке жұмыс. Оқушылар өз тобындағы жанр бойынша «Мәңгілік ел - мұратым» тақырыбын ашатын мақсаттағы шағын жазылымдар жазады. Жазылымда топта талқыланған мәтін мазмұны мен тірек сөздер қолданылады. (Қалыптастырушы бағалауда мұғалім әр топтың өз тапсырмасын қалдырып үлестіреді) Қалыптастырушы бағалау
Кері байланыс. Өзара бағалау 15-қадам. Оқушылар жұпта жазылымдарын оқиды. Дескрипторға сәйкес бағалайды. Қажет жағдайда мұғалімнен көмек алады. | http://niac.gov.kz/kz/nauchnaya-deyatelnost/sotrudnichesta/item/235-m-gilik- http://bilim-all.kz/article/2684-Mangilik-el-mangilik--murat | ||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Рефлексия Төмендегі сурет әр топқа үлестіріледі. Оқушылар сабақтан қандай қорытындымен шыққанын көрсету үшін суреттегі үш жағдайдың бірінің астына өз есімін жазып кетеді. Үйге тапсырма: Елордадағы «Мәңгілік Ел» қақпасы туралы, ондағы әрбір символикалық белгі жөнінде танысады. Ғаламтордан іздеп немесе Астана қаласы туралы энциклопедиялық жинақтарды қарай алады. | |||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||
Ажырату – сіз қалай көбірек қолдау беруді жоспарлайсыз? Басқаларына қарағанда анағұрлым қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз? | Бағалау – оқушылардың оқуын қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыстар. Денсаулық және қауіпсіздік тексерісі. АКТ байланыстары. Құндылықтар байланыстары. | ||||||||||||||||
Топтар бір-біріне қолдау көрсетеді. Нәтиже бойынша ажырату, себебі: кейбір топтардың басқаларға қарағанда мәтін жайлы ақпараты аз болуы мүмкін. Оқытушы әрбір «эксперттің» өзд мәтіндерінің не туралы екенн білетіндігін тексереді, себебі: олар жаңа топқа ол туралы баяндайды және түсінбей жатса түсіндіреді. | Меңгеруді бақылау. Сұрақ және жауап. Өзара кері байланыс. | Әлемдегі отбасы құрылымдары туралы ақпарат үшін география. Сынып топтар үшін дайындалған. Топтарда жұмыс істеу дағдылары (құрмет көрсету, кезекпен сөйлеу және т.б.) Сұрақтарға жауап беру үшін кезектер алу және жаңа топтарға баяндау үшін жазбалар жазу арқылы басқаларды тыңдау. | ||||||||||||||||
Қорытындылау Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары жетімді болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқу атмосферасы қалай болды? Менің жұмысым жоспарлы болды ма? Мен уақытымды дұрыс жоспарлай алдым ба? Жоспарыма қандай өзгертулер енгіздім және неге? |
| |||||||||||||||||
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі нәрсе не (оқытуды да, оқуды да қатар қарастырыңыз)?1: 2: Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді (оқытуды да, оқуды да қатар қарастырыңыз)?1: 2: Бұл сабақтан мен келесі сабағыма әсер ететін, сынып туралы немесе оқушылар жайында нені білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?