Мәңгілік Ел – мұратым. Қазақ тілі, 9 сынып, сабақ жоспары. 9 сабақ.


І бөлім:

Сабақ : №

Мектеп: Астана қ. ФМБ НЗМ

Күні :

Мұғалім: Меңдібаева С.Ә

Сынып: 9 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ мақсаты

9.4.1.1 мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу

Құндылықтарды игерту:

  • адамгершілік
  • сыйластық
  • құрмет

Бағалау критерийлері:

  • Тілдік бірліктерді біледі
  • Нормаға сай жазады

Қажетті ресурстар

А3 қағаздар, түрлі - түсті маркерлер

Тірек сөздер

Офографиялық норма, фонематикалық принцип, фонетикалық принцип, тарихи-дәстүрлі принцип, айырым принципі 

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 мин

Қызығушылықты ояту кезеңі

Сынып қабырғаларына ілінген ережелермен таныс. Топта талда.

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9E%D1%80%D1%84%D0%BE%D0%B3%D1%80%D0%B0%D1%84%D0%B8%D1%8F

Сабақтың ортасы

5 – 7 минут

5 минут

7 минут

Ауызша кері байланыс 3 мин

10

минут

Ауызша кері байланыс беру

2-минут

Мағынаны тану кезеңі

1-тапсырма.Орфографиялық принциптерді оқы, жұбыңа түсіндір.

Фонематикалық принцип көп жағдайда морфологиялық принципке сәйкес келеді, мұнда белгілі бір фонемалық түрленімдер әліпбидегі бір ғана әріппен белгіленеді.

  • Мысалы, басшы (башшы емес), түнгі (түңгі емес), саудагер (сәудегер емес).

Фонетикалық принцип бойынша сөз бөлшектерінің дыбыстық өзгерістері есепке алынып, айтылуы негізінде (естілуінше) жазылады. Қазіргі орфографиялық ереже бойынша кейбір жалқы есімдердің сыңарлары фонетикалық принципке негізделген (Ботагөз, Амангелді, т.б

Тарихи-дәстүрлі принцип жазу-сызуы бір графика негізінде қалыптасқан, өзгеріске түспеген тілдерге тән (ағылшын, француз, т.б.). Қазақ жазуында әліпби жиі ауысып отырғандықтан, бұл принцип сирек қолданылады.

  • Мысалы, тарих, халық, хикаяқаһарман, т.б. сөздердің жазылуы осы принципке негізделген.

Айырым принципі бойынша дыбыстық құрылымы ұқсас сөздер шартты түрде Орфография арқылы ажыратылады: қан – хан, қауып – қауіп, өкімет – үкімет, т.б. Сөздердің бөлек не бірге жазылуы түрлі лексика-грамматикалық топтарды қамтиды да, сөзді, сөз тіркесін, күрделі сөздерді бір-бірінен ажыратып тұрады.

  • Мысалы, ақтаңдақ (сөз) – ақ таңдақ жер (сөз тіркесі). Сондай-ақ сөйлемнің басында тұрған сөздер мен жалқы есімдер бас әріппен таңбаланады. Сөздерді тасымалдау ережесі қазақ Орфографиясында сөздің буын жүйесіне негізделген.

Сөздердің дұрыс жазылу ережелерін сақтау үшін басты екі принцип басшалаққа алынады олар:

  • Морфологиялық принцип-әр сөздің түбірі мен оған жалғанатын қосымшанаң тұлғасын сақтап жазу принципі.

Мысалы: бас-шы (башшы деп айтпаймыз ол қате болып саналады), кете-алмай(кетеалмай деп айтуға болмайды), сары-арқа (сарарқа деуге болмайды)

  • Фонетикалық пиринцип-сөздердің естілу дағдысын сақтап жазу принципі.

Мысалы: тарағы (тарақы емес),Торайғыров (Торыайғыров емес) және т.б

2-тапсырма. Төмендегі мәтінді оқы. Мәтінді абзацтарға бөл. Негізгі идеясын анықта. Маңызды ақпараттарды теріп жаз.

Мәңгі ел» – арғы бабаларымыздың ұлы интеллектуалдық серпілісі. Күлтегін жазуында «Мәңгі» сөзі бес рет қолданылған. Қандай жағдайға байланысты қолданылғанына назар аударумен де мәні мен маңызына көз жеткізе аламыз. 1. «Өтікен жерінде отырып, керуен жіберіп отырсаң, онда мұңың жоқ. Өтікен жынысында отырсаң, мәңгі ел тұтып отырар ең сен», делінген ескерткіште. Осы тектес қағидатты Білге қаған, Теркін мәтінінен де оқимыз. Мұндағы Өтікен – түркілердің астанасындай қасиетті жері. Байырғы түркілер өз мемлекетінің астанасын ерекше құрметтегенін әсте кездейсоқтыққа балауға болмайды. Ол – мемлекетшіл сана мен рухтың ажырағысыз серігі. Ендеше, мәңгілікке тірек боларлық орда керек екен. Ең кереметі – «Мәңгілік Ел» идеясы да Қазақстанның жаңа Елордасы Астанада паш етілді ғой. 2. Күлтегін жазуы былай дейді: «Нендей бір айтар сөзім болса, мәңгі тасқа бастым. Мұны көріп біліңдер, түрік халқы, бектері, бөдке (таққа) кіріптарсыңдар ғой, жұртыңмен бірге жаңылғышсыздар ғой сіздер». Бұл қағидаттан екі қорытынды шығаруға болады: бірі – билік пен билеуші мемлекеттің даму стратегиясын, ішкі және сыртқы саясатын анықтағанда қателікке жол бермеу керектігін, екіншісі – билік пен халық арасындағы ынтымақ, түсіністік мәңгіліктің кепілі екенін баса көрсету. Осынау ұстаным қазіргі Қазақстан үшін бейтаныс емес. 3. Көреген Күлтегін былайша толғанады: «Мен мәңгітас тіктім (тұрғыздым). Табгач қағаннан бедізші келтірдім. Бедіз еттім. Менің сөзімді бұзбады». Демек, мәңгіліктің негізінде материалдық, геосаяси, әскери фактор ғана жатқан жоқ екен. Бұрмалаудан, әсірелеуден ада, ақиқатқа суғарылған тіл мен сөз, руханият пен идеология, тұжырым мен теория мәңгілікке жетелейтініне бабаларымыздың күмән-күдігі болмаған. Бұл қағидат бүгін де өз күшінде. Елбасымыз қабылданатын барлық шешімдердің прагматизмі мен эволюциялылығын талап етуде. «Мәңгілік Ел» идеясын жариялаған «Қазақстан - 2050» Стратегиясында: «Экономикада, саясат пен әлеуметтік тұрмыста ешбір секіріске, жөнсіз сынақ пен авантюраларға жол беруге болмайды. Айналамыздағы әлем қалай тез өзгеретін болса, еліміз бен қоғамымыз да солай жылдам өзгеруге тиіс», - дегені бәріміздің есімізде.  4. Күлтегін жазуында мынадай жолдар бар: «Көңілдегі сөзімді (бастырттым) ... [...] он-иелік ұрпағыңа, кірмелеріңе дейін бұны көріп біліңдер. Мәңгі тас тоқыттым». Бұл тұжырымның мәнісі, біздіңше, мынада: ұрпақтар жалғастығы қаншалықты маңызды болса, этникалық, рухани, идеологиялық, тілдік, т.б.с.с. құндылықтардың сабақтастығы одан бір мысқал кем емес. Бұлар мәңгіге айналғанда халықтың ғұмыры ұзарады, әркімнің және баршаның бәсекеге қабілеттілігі шыңдалады. «Біз» және «оларды», жақсы мен жаманды айыра білетін елдің мәңгілігі негізделеді. Осы орайда тәуелсіздік жылдары жүзеге асқан ұлттық тарих, мәдениетті қолдау жылдарының, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының, қазіргі «Ұлт жоспары: 100 нақты қадамның» маңызын тағы да мойындайсың. 5. «Мәңгі Елге» қатысты аманаттталған Күлтегіннің соңғы өсиеті: «Бұл киелі жер еді. Қазір де киелі жер. Осындай киелі жерге мәңгі тас тоқыттым, жаздырдым. Бұны көріңдер, осылайша біліңдер». Тобықтай түйіні, біздің ойымызша, мемлекет үшін де, халық үшін де мәңгіліктің қасиетті көзі – жер дегенге саяды. Жер – бұл табиғат, экономика, байлық, өмір салты, геосаясат, руханият. Осылай болған және бола да береді. Елбасымыз ұсынған «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы – «Мәңгі ел» тұжырымдамалық идеологемасының жаңа әлемдегі, жаңа тарихи дәуірдегі заңды жалғасы. Кім Отанының, ұрпағының, ісі мен есімінің мәңгілік болғанын қаламайды? Ешкім де! Америкада да, Африкада да солай. Жұмыр басты пендеге мәңгілік өмір бұйырмаған. Бірақ қамшының сабындай қысқа өмірінде адам терең ақыл-ойымен, шебер қолымен мәңгілік құндылық түзе алады. Басқасының бәрі – көмір де, темір де, тау да, тас та көмекші құрал ғана. Сенімді серігі – толағай интеллектуалдық ізденіс пен серпіліске сүйенген ұлттық идея.3- тапсырма. Шылаулардың ережесін оқы. Негізгі қызметін анықта.

ЖАЛҒАУЛЫҚ ШЫЛАУЛАР. Жалғаулық шылаулар сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді салаластыра (тең дәрежеде) байланыстырады. Жалғаулық шылаулар жалғаулықтар деп те аталады. Олар мыналар: мен (бен, пен), да (де, та, те), не, не болмаса, яки, немесе, я, және, әрі, біресе, бірақ, алайда, әйтпесе, өйткенмен, дегенмен, сонда да, әлде, өйткені, себебі, сондықтан, сол себепті т. б.

Жалғаулықтар бірыңғай мүшелердің немесе салалас кұрмаластың сынарларын әр түрлі мағыналық қатынаста байланыстырады. Ондай мағыналық қатынастар мыналар.

1. Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: мен (бен, пен, менен, бенен, пенен), да, де, та, те, және, әрі.

2. Қарсылықты қатынасты білдіретін жалғаулықтар: Бірақ, алайда, дегенмен, әйтпесе, әйткенмен, сонда да.

3. Талғаулықты қатынасты білдіретін жалғаулықтар: әлде, біресе, бірде, не, немесе, я, яки, болмаса, кейде.

4. Себеп-салдарлык, қатынасты білдіретін жалғаулықтар: себебі, өйткені, сондықтан, сол себепті.

5. Шарттық қатынасты білдіретін жалғаулыктар: егер, егер де.

4-тапсырма. Оқылған мәтіндегі шылаулардың астын сыз. Сен анықтаған шылаулар бас әріппен жазылып, жаңа сөйлемнен жазылып тұрғаны дұрыс па? Ойыңды шылау туралы ережеге негіздеп айт.

5-тапсырма. Мәтін бойынша кестені толтыр.

Орфографиялық принциптер

Мәтіннен мысал

Фонематикалық принцип 

Фонетикалық принцип 

Тарихи-дәстүрлі принцип

Айырым принципі 

Орындаған тапсырмаларын келесі топпен айырбасталады, бірін-бірі тексергеннен кейін, кестені тағы да толықтыруларына болады. Бір-біріне ауызша комментарий береді.

Бұл тапсырма жұппен/топпен/сыныппен орындалады.

Бағалау дескрипторы

Оқушылар бірін-бірі жұпта бағалайды

Орфографиялық норма туралы біледі

Принциптерін жіктей алады

Мәтін идеясын анықтайды

Шылау қызметін біледі, дұрыс жазады

Мәтіндегі дұрыс жазылмаған шылауларды табады, себебін түсіндіреді

Презентация

https://e-history.kz/kz/publications/view/2590

Сабақтың соңы

3 минут

Сабақ рефлексиясы

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ойлан

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

  • Конспектілеуді пирамидалық тәсіл арқылы бергенім дұрыс, ұтымды болды

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

 

 

 

 

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу