Мәңгілік Ел – мұратым. Қазақ тілі, 9 сынып, дидактикалық материал. 1 сабақ.
1-таратпа.
Тірек сөздерді қолданып, мақала жазу қадамдарын талқылайды.
Тақырып, зерттеу, өзектілігі, дұрыс бастау, құрылым, дереккөз, безендіру, қосымша әдебиеттер, көлемі, сілтеме орналастыру, ресімделуі, өңдеу.
Мақала құрылымы мен мақала жазу талаптары
Тақырып
- Тақырып қызықты болу керек, бұл мақаладан оқырман қандай ақпарат ала алады, ол қаншалықты пайдалы болады?
1. Кіріспе
- Мақаладағы мәселені бірден толық ашпай, оқырманды аяғына дейін қызықтырып отыру керек. Сәтті шыққан кіріспе сөйлем 25-40 сөзден тұрады, ол мақаладағы негізгі оймен таныстырып, оқырмандардың қызығушылығын тудыруға арналады.
2. Негізгі бөлім
- Негізгі бөлімде қысқаша баяндаудан кейін негізгі деректерді келтіріп, түпкілікті ойды түсіндіру керек. Талқылау тудыратын сұрақтар қойып, сұрақтарға жауап іздейді.
3. Қорытынды
- Мақаланың соңында қорытынды ойды білдіретін сөйлем болу керек.
Тақырыптың өзектілігін білдіретін бағалауыштық құрылымдар, әдетте, белгілі бір мәселенің зерттелу барысын баяндау барысында қолданылады: зерттеу маңызды, ... зерттеу аса//өте маңызды, ... алатын орны орасан зор, бүгінгі күннің өзекті тақырыбы, бүгінгі күннің өзекті тақырыбына айналып отыр, бүгінгі күн талаптарының бірі, орынды, үлкен сұранысқа ие болып отыр, өзекті, сөзсіз, даусыз, қажет, мүмкін, ықтимал т.б.
Мақаланы ресімдеу қағидалары
Мақаланың мәтіні 10 мыңнан 20 мыңға дейін белгілері бар, көлемі 14 пт. Times New Roman қаріпімен, бір интервал арқылы, бір жоларалық интервал арқылы, ені бойынша форматталған, абзац арқылы 1,25 см бөлініп көрсетілген, барлық жағынан 20 миллиметрден жиегі бар, беттің дәл ортасының міндетті түрде төменгі жағынан нөмірленген Microcoft Word форматында ресімделеді. Мақалада:
- ӘОЖ (әмбебап ондық сыныптауыш) индексі қамтылуға тиіс;
- автордың (авторлардың) тегі, аты, әкесінің аты, мақаланың тақырыбы, аннотация, 5-10 түйін сөз қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ресімделеді;
- мақалада төрт бұрышты жақша ішіндегі тізімге сәйкес ресімделген әдебиетке сілтемелер болуға тиіс.
2-таратпа.
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫ – БІРЛІККЕ БАСТАР ЖОЛ
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы – халқымыздың бастан кешірген елеулі оқиғаларының бірі. Осы жылдар аралығында Қазақстан әлемде дамыған 50 мемлекеттердің қатарына қосылды. Болашаққа жоспарланған 2030-стратегиясын мерзімінен бұрын іске асырып, алдағы мақсаттарды айқындау үшін Қазақстан-2050 жоспарын қолға алды. Ұлттың дамуын нақтылайтын, алға жетелейтін 5 институционалды реформа белгіленіп, ол реформаларды жүзеге асыратын 100 нақты қадам бойынша бүгінде нақты істер жүзеге асырылып жатыр.
Ел ішіндегі тұрақтылық пен тұтастықтың бірқалыпты дамуының шешуші факторы болып табылатын ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімге бастайды. Ал, бұл құндылықтар «Мәңгілік ел» жалпыхалықтық идеясында көрініс тапқан. Мәңгілік елге айналу үшін тәуелсіздікті сақтап, елдігімізді нығайту басты мақсат болып табылады. Өйткені, тәуелсіздік ұғымы халқымыздың мұраты, ғасырлар бойғы арманына айналған, сонау алаш тұлғаларының зердесі мен өнегесімен келген аманат дүние болатын. Бұл, Елбасымыздың: «...біздің бір ғана Отанымыз – тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық. Осы идеяны әрқайсысымыз сезініп, өмірлік сабақ ретінде түйсек, осы жолда бар әлеуетімізді салсақ, 2050 жылы мұрат еткен «Мәңгілік Елге» жететінімізге сенімдімін..., ...өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бағытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгiлiк Ел», – деген сөздерімен толыға түседі. «Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Мәңгілік ел идеясының тарихи бастамасына көз жүгіртер болсақ, көне түркілердің осы сипаттағы идеясы үш негізден тұрады. Оның біріншісі – көне түркі жазба ескерткіштеріндегі «Мәңгілік Ел» идеясы. Екіншісі – Әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындары» шығармасында бұл идеяның теориялық тұрғыдан тиянақталуы. Үшіншісі – Жүсіп Баласағұнның «Құтты Білік» дастаны.
XVIII ғасырда Қазақ хандығының басын қосып, айдаһардай Қытайдың аузына түсірмей, ақырған аюдай Ресейдің тырнағынан аман алып қалған Абылай ханның саясаты түркілік мәңгілік ел идеясын жандандырушы және жалғастырушы тұлғаның ерлігі. Ел басына түскен үлкен қиыншылықтан Абылай хан бабамыз елді біріктіріп, жұмылдырып, соның арқасында қазақ елін аман сақтап қалды. Ендеше, Абылай хан елді біріктірген ұлы тұлға және «Мәңгілік ел» идеясын жалғастырушы екендігін мақтанышпен айтуға болады. Бүгінгі таңда бірлікті бетке ұстаған елдің идеологиясы да осы іспетті болмақ.
Сөзіміздің соңың айтар болсақ, «Мәңгілік Ел» – жалпы қазақстандық ортақ шаңырақтың ұлттық идеясы, әрі бабаларымыздың асыл арманын, аманатын жүзеге асыру болып қарастырылғаны абзал. Яғни, «Мәңгілік Ел» болу – шектеусіз ғұмыры бар, тәуелсіз, тұғыры биік, ғылым-білімі дамыған, бірлігі жарасқан алдыңғы қатарлы, әлем таныған алпауыт елге айналу. Сондықтан да, мәңгілік, әрі бәсекеге қабілетті ел болуы үшін, болашақ ұрпағымыз осы негіздегі мықты идеологияны бойына сіңірген болуы керек.
3-таратпа.
Мақала | Шын | жалған |
Үшінші жақтан жазылады. | + | |
Стильдер араласып келеді: ғылыми мақалада да, публицистикалық мақалада да ақпараттық сипат басым болып келеді және екі стиль де қатар көрініс таба береді. | ||
Теориялық және жалпылама деректер мен құбылыстардың сараптамалары берілмейді. | ||
Проблемалық мақалаларда көркем әдебиет стилі де қолданылады. | ||
Көпшілікке ортақ ой қозғалады. | ||
Ой жалпы беріледі. | ||
Қорытындыда шешім оқырманға ой тастау арқылы беріледі, яғни оқырман шешімді өзі шығарады. | ||
Ой санамалап беріледі, әсіресе біріншіден, екіншіден деп келеді. | ||
Риторикалық сұрақтар қойылып, оған жауап ұсыну арқылы жазылады. | ||
Ғылыми мақалада сілтеме жасалады. | ||
Деректер автордың пікірін дәлелдеу құралы ретінде қолданылады. | ||
Деректер автордың ойын жеткізу құралы ретінде пайдаланылады. | ||
Бірнеше ойды дамыта түседі. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?