Мәңгілік Ел – мұратым. Қазақ тілі, 9 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Мәңгілік Ел – мұратым. Стилистика | Мектеп: Астана қаласы ФМБ НЗМ | |||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің ТАӘ: Касымова Қ.Е. | |||||||||||||
Сынып: 9 | Қатыспағандар саны: Қатысқандар саны : | |||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Мәңгілік Ел – мұратым | |||||||||||||
Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 9.3.1.1 жинақталған материалдар негізінде көзделген мақсатқа сәйкес ауызша және жазбаша мәтіндер үшін күрделі жоспар құру; | |||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Жинақталған материалдар негізінде көзделген мақсатқа сәйкес жазбаша мәтіндер үшін күрделі жоспар құру. | |||||||||||||
Бағалау критерийлері
| Жинақталған материалдар негізінде көзделген мақсатқа сәйкес жазбаша мәтіндер үшін күрделі жоспар құра алады | |||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: Синонимдер, сөздердің ауыспалы мағынасы, терминдер, неологизмдер, сұраулы және лепті сөйлем, қаратпа сөз | |||||||||||||
Құндылықтар | Ашықтық, өмір бойы оқу, құндылықтарды дәріптеу | |||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Әдебиет, тарих | |||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | - | |||||||||||||
Сабақтың барысы | ||||||||||||||
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған әрекеттер | Ресурстар | ||||||||||||
Сабақтың басы
3 минут | Қызығушылықты ояту Суретте нені көріп тұрсыз? Қандай іс-әрекеттер бейнеленген? Кімдер? Қашан? Неге? | |||||||||||||
Сабақтың ортасы 5 мин 5 мин 10 мин 15 мин | Мағынаны тану Жазылым алды тапсырмасы Мәңгілік ел дегенді қалай түсінесіңдер? Мәңгілік елдің сен үшін маңызы қандай? Мәңгілік ел идеясына сен қандай үлес қосар едің? Жазылым тапсырмасы 1-топ Мәтінді мұқият оқып шығып, күрделі жоспар құрыңыз. «Ұлттық идея» ұғымының мәні мәселелері бойынша көптеген зерттеулерде төмендегі жайттар атап өтіледі. Ұлттық идея қандай да бір халықтың, этностың немесе ұлттың өмір сүру мәнін айқындайды. Өз болашағын құрайтын кез - келген мемлекет немесе қоғам осы жағынан өз ұлттық идеясына сүйенуі қажет. Өз ұлттық идеясын мансұқ еткен қоғам құриды, міндетті түрде өз жолынан таяды. Сол себепті ол дұрыс бағыт алса, онда ұлт үшін шешуші, тарихи және жасампаз фактор болады. Нағыз ұлттық идея – бұл жетілу, әсіресе халықтың бүкіл рухани жетілу идеясы. Бұл идея – ерекше әмбебап идея. Осы тұрғыда ұлттық идея ұғымын халық өмірін орнықтыру қағидасы ретінде қарастыруға болады. Бұл халық ақылына, парасаты жанына сәйкес келетін өмірді орнықтыру қағидасы. Бұл қазіргі күні жеткіліксіз өнімді іске асып жатқан өмірді орнықтыру қағидасы. Бұл қазіргі буынның болашақ туралы сындарлы да айқын арманы және бұл ой-арман алдыңғы ұрпақ өкілдерінің болашақ туралы армандарымен астасып жатыр. Бұл халықтың өмір сүруін қамтамасыз ету принципі ретінде туған Жер, байлығын ұқыпты пайдаланумен байланысты.Ұлттық идея халықты ұйымдастыруға бағытталған дүниетанымдық сипаттағы бағыттардың, құндылықтар мен мұраттардың кешені, қоғамның тұрақты әлеуметтік - экономикалық дамуы, мемлекеттің қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін нығайту болып табылады. Ұлттық идеяны жай ғана ойдан жасауға болмайды. Оның бөліктері ұлттың болмыс келбетін білдіретін ұлттық сана-сезімнің терең қатпарында жатыр, оның мағынасы философияда, тарихта, ғылымда, поэзияда, әдебиетте, музыкада, бейнелеу өнерінде, биде, халық тілінде.Тарих ұлттық идеясы мен идеологиясы бар мемлекеттің идеологияландырылмаған мемлекеттен анағұрлым күшті екендігін растайды. Идея жетістік стратегиясы ретінде әсер етеді. 2-топ Мәтінді мұқият оқып шығып, жай жоспар құрыңыз Ұлттық мұрат. Ұлттық идея ұғымымен ұлттық мұрат ұғымы тығыз байланысты. Жоғары үлгі ретіндегі, адамның өзінің өмірлік стратегиясын құруындағы негізі ретіндегі ұлттық мұрат ұғымын И.Кант ойластырған болатын. Ол «идея ережелерді береді де, мұрат оған жаппай еліктеулердің бастапқы бейнесі ретінде қызмет етеді»,- деп нақтылаған еді . И.Кант мақсат-мұраттардың шын мәніндегі күш-қуатын: «біз өзімізді мұратпен салыстырамыз, бағалаймыз да жақсарамыз, алайда ешқашан да онымен бір деңгейде бола алмайтын жағдайдамыз»,- деп атап өтеді. «Адамзат өмірінде терең күйзелістер, ғажап төңкеріс қоғамды оның ең терең негіздеріне дейінгі жағдайға қозғалта алатын кездер болады. Тарихтың осындай сәтінде адам одан әрі сол өмірді жылжыту мүмкін еместігін сезіне бастайды. Осындайда қандай да бір ұлы оқиғалар тарих жібін кенеттен үзіп, адамзатты батып қалған қалпынан шығаруы тиіс те, жаңа жолға – белгісіз салаға жаңа мұраттар іздеуге итермелеуі қажет». Осыған байланысты мына жайтты атап өту керек: адам табиғаты қажетті түрде мифтік шығармашылықта, фольклорда, халық мәдениетінде, философиялық және саяси ойда және ең соңында идеологияда қамтылған мұратқа ұмтылысты білдіреді. Қазіргі дәуірде ұлттық мұрат бірінші кезектегі маңызды категория болып табылады, себебі ол озық ойлы қоғамдық жаңалықтар мен өзгерістердің негізгі құрамдарына айналады. Ұлттық мұрат ұлттық сана-сезімнің дамуын қамтамасыз етуге қызмет етеді. Ұлттық мұрат мемлекеттіліктің жан-жақты нығайып, ұлттың сәтті дамуына ықпал етеді және ол мемлекеттік жүйенің үдемелілік өлшемімен, қазіргі заман дамуының шын мәніндегі негізгі тенденцияларын не құрайтындығын ұғынуымен тығыз байланысты. Жалпы танылған ұлттық мұрат негізінде қоғамды ұйыстырып, әлеуметтік бірлікті нығайту кез келген көп ұлтты мемлекеттің қоғамдық өмірінің ең күрделі жақтарының бірі болып табылатын ұлтаралық және этносаралық қатынастарға оң ықпал етеді. Мұның өзі ұлттық идеяны таратушы, оның шын мәнінде іске асуының белсенді субъектісі адам, ұлт, қоғам болып табылатындығын айқын білдіреді. 3-топ Ұлттық көшбасшы және ұлттық элита. Сонымен бірге ғылыми-философиялық еңбектерде ұлттық идеяны ұлттық ақиқат пен тарихи тағдырға айналдыратын негізгі күш ретінде ұлттық көшбасшы факторы қарастырылады. «Ұлттың шешуші құндылықтарының нақты жиынтығының бейнесі ретінде, сондай-ақ, ерекше саяси шешімдердің күшті де қуатты қайнар көзінің рөлі ретінде іс-әрекет етуге қабілетті шын мәніндегі тарихи ауқымдағы тұлға ғана мемлекетті толық құлдыраудан немесе бөлшектенуден сақтай алады. Ірі мемлекет қайраткері ғана ұлтты сақтай алуға, оның идеясын іс жүзіне асыруға күш-жігері бар». Ұлттық көшбасшы іс-әрекеттің айқындаушы жағы ретіндегі алға қойған нақты мақсаттар көмегімен ұлттық идеяны іске асыруда таптырмайтын рөл атқарады. Халық қолдайтын және саяси көшбасшы айқын сезінетін іргелі құндылықтар мәселесіндегі бірлік мемлекет тұрақтылығы мен дамуының өзгермес шарты болып табылады . Қазіргі әлемдегі даму мен басқару мәселелері көбінесе таңдамалылық қағидалары негізінде жүзеге асатындығын атап өткен жөн. Жоғары мәртебе мен қабілеттері бар таңдаулы топтың, яғни элитаның шешуші рөлі ғылыми тұжырым болып табылады. Элита – бұл ой өресі биік, саяси, мәдени, экономикалық, психологиялық, адамгершілік, ұйымдастырушылық қабілеттерімен (өз мемлекетінің рухани және саяси дамуын жеке жауапкершілігіне алатын жазушылар, ғалымдар, философтар, гуманитарлық сала суреткерлері) ерекшеленетін, басқа топтармен салыстырғанда көбінесе мемлекеттілік мақсаттарына қызмет ететін адамдар қауымдастығы. Тәуелсіз мемлекеттің ұлттық элитасы ұлттық көшбасшы төңірегіне біріге алады, халықтың әлеуетті күш-қуатын ұйыстырып, оны жасампаз жұмыстарға бағыттай алады. Қоғамда элита шартты түрде саяси, әскери, экономикалық, мәдени, технократтық және басқа элитаға бөлінеді. Алайда олардың барлығының ұлттық мемлекеттілікке қызмет етуге бірігуі тиіс екендігін дәлелдеудің қажеті жоқ. Қазір дамыған елдерде біртұтас майданға біріккен интеллект пен саясат мемлекеттілік мүдделеріне қызмет етеді. Элитаның мемлекеттілік дамуын бәрінен жоғары қоятындығы бұл елдер жетістігінің кепілі болып табылады. Бұған ұлттық идеяның қалыптасуы, оны жүзеге асуға қызмет ету, жаңа жағдайлардағы қоғам дамуының жаңа идеялары мен тұжырымдамаларын алға шығару, бүкіл жеке тұлға мұраттары мен құндылықтары біріктірілген бейнені көрсету айқындалады. Дескриптор: Мәтін мазмұнын түсінеді; Жазбаша мәтіндер үшін күрделі жоспар құра алады; | https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/tema-klassnogo-chasa/lesson/manggilik-el | ||||||||||||
Сабақтың соңы 2 минут |
| Рефлексия парағы | ||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?