Қазақстандағы туризм түрлері. Қазақ тілі, 8 сынып, қосымша ресурс. 2 сабақ.


 Сабаққа пайдалану үшін

 Тыңдалым мәтіні

 Қазақстандағы туризм түрлері

 1993 жылы Қазақстан Дүниежүзі туристік ұйымының мүшелігіне енді. Дәл осы жылы туризмді дамыту бағдарламасы дайындалып, ал 1997 жылы «1997-2003 жылдар кезеңінде Ұлы Жібек Жолының тарихи орталықтарының өркендеуі, түркі тілді мемлекеттердің мәдени мұраларын сақтау және туристік инфрақұрылым құру» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Елімізде туризмнің дамуы үшін барлық қажетті, мәдени, тарихи, географиялық және климаттық жағдайлар бар. Ал сіз Қазақстанда туризмнің қандай түрлері бар екенін білесіз бе? Бізде туризмнің бірнеше түрі қарқынды дамып келеді. Олар: этнотуризм, тау туризмі, емдік-сауықтыру туризмі, мәдени-танымдық туризм, аңшылық пен балық аулау, т.б. Соларға тоқталып көрейік.

 Этнотуризм – Қазақстандағы елдің бай тарихи өткені мен қазақ халқының мәдениетіне қызығатын адамдарды тартатын туризмнің бір түрі. Қазақстанның қай аймағында болмасын, жолаушылар қазақ этносына тән салт-дәстүрмен, шығармашылық ерекшелікпен танысып, елдің мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігін зерттей алады.

 Қазақстан - тау туризмі үшін қолайлы ел. Қазақстан бойынша турлар белсенді демалысты, жабайы табиғатпен кездесулерді, қарлы тау шыңдарына шығуды, сонымен қатар, жол-жөнекей жұмбаққа толы үңгірлер мен көгілдір терең сулы көлдердің жағаларын зерттеулерді қосады.

 Дамушы еліміз - емдік-сауықтыру туризмі үшін ерекше жер. Себебі, еліміз тек қана емдік табиғи ресурстармен ғана бай емес, сонымен бірге, табиғи өңірлерде орналасқан заманауи шипажайларымен де танымал. Емдік-сауықтыру туризмі Қазақстанның барлық территориясына таралған, сондықтан, сіз елдің қай жерінде болсаңыз да, емделумен демалысты қатар қолдана аласыз. Емдік курорттар түрлі ауруларға ем болатын минералды су, бұғы мүйізімен емдеу, емдік климат және т.б. түрлі емдеу қызметтерін ұсынады.

 Елімізде 25 мыңнан астам ескерткіштер және географиялық көрікті жерлер бар екен. Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасы объектілері ЮНЕСКО әлемдік маңызы бар ескерткіштері болып танылады және осы ұйымның қорғауында. Сонымен қатар мәдени құндылықтардың 2 миллионнан астам бірліктері қазіргі Қазақстан жерінің тұрмыстық мәдениетінің дамуының барлық кезеңдерін бейнелейді.

 Ерлердің ең қызығатын әуесқойлылығы – аң аулау мен балық аулау. Бұл адам мен табиғат байланысы мәдениетінің бір бөлігі іспеттес. Нағыз аңшы жануарлар әлемі мен оны белсенді қорғау туралы ақпаратқа әрқашан қызығушылық танытады. Сол секілді балық аулау да жақсы демалыс. Көл жағасында әрқашан таза, жұпар ауа. Ол жерде адам күнделікті тұрмыс-тіршіліктен бір сәтке босап, сергек күйді сезінеді.

 

 www.massaget.kz/layfstayl/alemtanu/Qazaqstanym

 

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу