Қазақстандағы туризм түрлері. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9-бөлім Қазақстандағы туризм және экотуризм | Мектеп: | |||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Тоганакова Рабиға Сулейменовна | |||||||||||
Сынып: 8 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Қазақстандағы туризм түрлері | |||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.1.5.1 перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты таба білу, көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымдау | |||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Тыңдалым мәтінінен перифраз сұрақтар арқылы қажетті ақпаратты табу; мәтіндегі мәселе бойынша тұжырым жасау. | |||||||||||
Бағалау критерийі | Тыңдалым мәтіні бойынша сұрақтарға жауап бере алады; мәтіндегі мәселеге байланысты қорытынды жасай алады. | |||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: этнотуризм, тау туризмі, емдік-сауықтыру туризмі, мәдени-танымдық туризм, аңшылық пен балық аулау, т.б. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Мен мынадай дәлелдер келтіремін... Оның себебін... деп түсіндіремін. Біздің пікірімізше.... Олай ойлауға ... себептер бар. | |||||||||||
Құндылықтарды игерту | Өз еліне, жеріне сүйіспеншілік, отансүйгіштік қасиеттерін дамыту | |||||||||||
Пәнаралық байланыс | география | |||||||||||
Бастапқы білім | Қазақстандағы туризм | |||||||||||
Жоспар | ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||||||||
Сабақтың басы 0-5 | Қызығушылығын ояту Мұғалім сабақты тау, көл, балық, емдік, ескерткіш, туризм сөздерін бөлек-бөлек қағазға жазып (немесе тақтаға жазып) оқушыларға ұсынудан бастайды. Мұғалімнің сұрағы: тау, көл, балық, емдік, ескерткіш, туризм сөздерін бір-бірімен байланыстыруға бола ма? Болса, қалай? Өз ой-пікірлеріңмен бөлісіңдер. Әр оқушының пікірін жетекші сұрақ қою арқылы тақырыпты болжауға бағыттайды. Бұл жерде оқушының сабақ тақырыбын дөп басып болжауы маңызды емес, ең маңыздысы креативті ой айта білуге дағдыландыру, оқушының қиялын дамыту болып табылады. Сонымен мұғалім оқушылардың жауаптарын қорытындылай келе, сабақтың тақырыбын хабарлайды. Мұғалім сабақ мақсатымен таныстырады. Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып, сабақтың бағалау критерийлерін әзірлейді. | 1-таратпа | ||||||||||
Сабақтың ортасы 5-10 10-20 20-25 25-35 | Тыңдалым алды тапсырма Ж Оқушылар «БББ кестесін» толтырады. Олар бұл тапсырманы жеке орындайды. «Қазақстандағы туризмнің қандай түрлерін білемін?» «Білемін» деген жерге Қазақстандағы туризм туралы білетін мәліметтерін, «Білдім» дегенге жаңадан білгендерін, «Білгім келеді» дегенге қазақстандық туризм туралы не қызықтыратындықтарын атап қана жазып өтулері тиіс. Өткен сабақта алған білімдері негізінде туризм туралы мәліметтерді жазуға болады. Саралау ретінде мұғалім кейбір оқушыларға бағыт беруіне болады. «БББ»кестесі «Қазақстандағы туризмнің қандай түрлерін білемін?»
Кестені толтырып болғаннан кейін мұғалім оқушыларды төрт адамнан тұратын топқа бөледі. Оқушылар кестеге толтырған мәліметтерін топта оқып, талдайды. Тыңдалым тапсырмасы ЖЖ Топ ішінде жұпқа бөлінеді. Оқушылар «Қазақстандағы туризм түрлері» атты мәтінді тыңдайды. Мұғалім әр жұпқа мәтіннен алынған бір сөйлемді әр жұпқа таратып береді. Жұптағы оқушылар осы сөйлемнен перифраз арқылы сұрақ құрастырады. Сұрақты А4 форматты немесе дәптердің ақ парағына жазады. Содан кейін сол қағаздан ұшақ жасап сынып ішінде бір-біріне бағыттап ұшырады. Әр жұп оқушы бір «ұшақ» сұрақтан алып, сұрақ иесіне жауап беруі тиіс. Тапсырманы ұйымдастыру: «Ұшақты» ұшырар кезде сынып оқушыларын кең шеңбер құрып отырғызған дұрыс. Сонда олар «ұшақты» бір-біріне қарама-қарсы ұшыра алады. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма Оқушылар мәтіндегі көтерілген мәселе бойынша «ПОПС формуласы» арқылы ой тұжырымдайды.
Өзіндік бағалау Оқушылар «БББ» кестесіне оралып, «Білгім келеді» бөлігі бойынша бүгінгі сабақтан алған білімдері бойынша кері байланыс жасайды. Мұғалім мүмкіндігінше оқушылардың көп бөлігін қамтуы тиіс. Дескриптор: - сұрақ құрастырады; - сұраққа жауап береді; - мәтін бойынша қорытындылайды. | 2-таратпа «Қазақстандағы туризм түрлері» | ||||||||||
Сабақтың соңы 35-40 | Рефлексия Менің білетінім ... Мен үйрендім ... Маған ұнады ... Мен қиналдым ... Менің көңіл-күйім ... | |||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау | ||||||||||
. | ||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?