Туризмді дамыту жолындағы проблемалар. Қазақ тілі, 8 сынып, қосымша ресурс. 3 сабақ.


 

 Мұғалімге табысты сабақ жоспарын құру үшін кеңес

 

 Сабақ жоспарларында (қысқа мерзімді сабақ жоспары деп аталады) сабақ уақыты үш кезеңге бөлінеді:

  • сабақтың басы;
  • сабақтың ортасы;
  • сабақтың соңы.

 Сабақтың үш кезеңдік құрылымын Г.Гегельдің «таным пирамидасымен» түсіндіруге болатын шығар: «тезис-антитезис-синтез». Яғни, алдымен таным үдерісінен мақсат туындайды, осыдан соң мақсат көп қиындықтар арқылы жүзеге асырылады, нәтижесінде әрекеттер мақсатқа жеткізеді.

 Сабақтың басында мұғалім оқушыларға бүгінгі жоспарланған материалды меңгеруге (оқуға) деген сенімділікті оятудан бастайды (раппорт деп аталады). Бұл әрекет мұғалімнің оқушылармен амандасуынан, қал-жағдай сұрасып, өзіне тартып, жылы сөйлеп, мақтап-мадақтау арқылы бала бойына сенімділік ұялатуды қамтиды. Одан кейін мұғалім оқушылармен біріге отырып «біз бүгін не үйренеміз? Оған қалай қол жеткізуге болады? Үйренгендігімізді қалай өлшейміз?» деген сұрақтарға жауап іздеп талқылауға жалғасады. Мұны ғылыми тілмен айтсақ, сабақ мақсатын қою, бағалау критерийін айқындау деп атайды. Мұғалімнің оқушы ұғымына түсінікті сөйлеуі баланы үлкен табысқа әкелетінін бәріміз білеміз.

 Сабақ құрылымы бойынша ұсыныстар (уақытты шамамен белгіледік):

 1.Раппорт (сенім) орнату – 1 минут.

 2. Тақырыпты хабарлау – 30-40 секунд.

 3. Мақста пен бағалау критерийлерін оқушылармен бірге талқылау (5 минут шамасында).

 4. Сабақтың басы (проблеманы айқындау, қызығушылықты ояту, мотивация кезеңі).

 5. Сабақтың ортасы (проблеманы шешу, мағынаны ашу, өз қолымен жасау, орындау).

 6. Сабақтың аяғы (проблеманың шешімін қорытындылау, бағалау-рефлексиялық кезең).

 7. Рефлексия: сабақ нәтижелерін талқылау, қорытындылау (2-5 минут).

 8. Үйге берілген тапсырманы талқылау (мақсатын, орындалу жолдарын) 1 минуттан бастап бірнеше минутқа созылады.

 

 Пайдаланылған әдебиет:

 Әлімов А.Қ. Табысты сабақ құрылымы: әдістемелік құрал - Астана: ДББҰ НЗМ ПШО – 2018, 94 бет



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу