Туризмді дамыту жолындағы проблемалар. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9-бөлім

Қазақстандағы туризм және экотуризм

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Тоганакова Рабиға Сулейменовна

Сынып: 8 Т1

Қатысқан оқушылар

саны:

 Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Туризмді дамыту жолындағы проблемалар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.1.1 тұтас және аралас мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, сурет) ақпаратты салыстыру

 Сабақтың мақсаттары

Мәтін мен кестедегі мәліметті салыстырады.

 Бағалау критерийі

Әр түрлі мәтіндердегі ақпараттардың ұқсастығы мен ерекшелігін салыстыра алады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

археологиялық жәдігерлер, экстремалды туризм, ішкі туризм, тартымды елдер тізімі, халықаралық стандарт

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Мен мынадай дәлелдер келтіремін...

Оның себебін... деп түсіндіремін.

Біздің пікірімізше....

Олай ойлауға ... себептер бар.

Құндылықтарды игерту

Өз еліне, жеріне сүйіспеншілік, отансүйгіштік қасиеттерін

дамыту

Пәнаралық байланыс

география

Бастапқы білім

Қазақстандағы туризм

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

0-1

1-2

2-5

1. Раппорт (сенім) орнату. Мұғалім оқушылармен амандасады, оқушыларды түгелдейді, оларға жылылық танытып, жұмсақ сөйлеседі, орынды мадақтау айтады.

2. Сабақтың тақырыбын хабарлайды.

3. Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылармен бірге талқылайды:

- Сіздер бүгінгі сабақта туризм туралы тағы не білгілеріңіз келеді?

- Ұсынылған тақырып бойынша үйренгендеріңізді қалай анықтай аламыз? Оның көрсеткіші не болмақ? (бағалау критерийі)

Сабақтың ортасы

5-10

10-25

25-28

28-35

Оқылым алды тапсырма

Мұғалім оқушыларға «Қазақстандағы туристік мекемелер картасын» ұсынады және «Шетелдік туристерді Қазақстанның қай өңірлеріне шақыруға болады?» деп сұрақ қояды. Қойылған сұраққа жауап беру үшін картаны пайдалануы, өз пікірін картадағы мәлімет арқылы негіздеп айтуы тиіс.

Оқушыларға ойлануға 2 минут уақыт береді. Берілген уақыт аяқталғаннан кейін бірнеше оқушының пікірін тыңдайды.

Сыныпқа сұрақ: Шетелдік туристерді Қазақстанның қай өңірлеріне шақыруға болады?

Оқылым тапсырмасы

«Венн диаграммасы»

Сынып оқушылары тапсырманы жұпқа бөлініп орындайды. Мұғалім барлық оқушыға бірдей мәтіндер ұсынады: бірі – тұтас мәтін, екіншісі – тұтас емес мәтін (кесте). Екі мәтін де Қазақстандағы туристік қызмет туралы ақпаратты қамтиды.

Жұмыс алгоритмі:

  • Оқушылар жұппен бірге берілген мәтіндерді түсініп оқиды.
  • Екі мәтінде берілген ақпараттарды іріктейді, бір-бірімен салыстырады.
  • Іріктелген ақпараттар бойынша қорытынды шығарады.
  • Жұптық жұмыстың қорытындысын «Венн диаграммасы»

арқылы көрсетеді.

  • Мұғалім сыныпты екі топқа бөледі. Топ өз ішінде барлық жұп жұмыстарын қорғайды. Мұғалім әр топты сыртынан бақылайды.

Оқылымнан кейінгі тапсырма

 «Шын», «жалған» тапсырмасы

 Мұғалім оқушыларға мәтін мазмұны бойынша сұрақ қояды. Олар жауап «шын» болса, жасыл түсті қағаз, «жалған» болса, сары түсті қағаз көтереді. Мұғалім кей оқушылардан өз жауабын мәтін мазмұнына негіздеп түсіндіріп беруін сұрайды.

  • Елде туристерді қызықтыра алатын археологиялық жәдігерлер жоқ. шын жалған
  • Қазақстан туристер үшін тартымды елдер тізіміне кіре қойған жоқ. шын жалған
  • Қызмет көрсету саласында істейтіндердің ешқайсысы ағылшынша сөйлемейді. шын жалған
  • Қазақстан туристер үшін тартымды елдер тізіміне кірмеуіне жолдың нашарлығы әсер етпейді.

шын жалған

  • Қазақстан қымбатшылық кесірінен ішкі туристерді жоғалтып алды. шын жалған

Дескриптор:

- картаны пайдаланып өз пікірін айтады;

- мәтіндердегі ақпараттарды салыстырады, «Венн диаграммасы» арқылы ұқсастығы мен ерекшелігін табады;

- сұрақтарға жауап береді.

Өзіндік бағалау

Оқушы өзін-өзі бағалайды. Оқушының бағалауы шынайы әрі толыққанды болу үшін мұғалім мынадай үлгі ұсына алады:

Үлгі (шаблон):

Мен үшін бүгінгі тақырып құнды болды, себебі ..., біріншіден, ..., екіншіден.

Мен ... жақсарту үшін біріншіден .... орындауым керек, екіншіден ... назар аударуым керек.

1-таратпа

2-таратпа

1-мәтін «Қазақстандағы туризм жағдайы»

2-мәтін кесте түрінде берілген Қазақстандағы туризм жағдайы туралы

3-таратпа

Сабақтың соңы

35-40

Рефлексия

Сынып оқушылары сабақтағы әрекеттеріне анализ жасап, қорытынды шығарады.

Бас бармақ – не үйрендім ? Маған не ұнады?

Балан үйрек - Бүгін мен не жасадым және неге қол жеткіздім?

Ортан терек – Менің көңіл-күйім?

Шылдыр шүмек – Бүгін кімге көмектесе алдым?

Кішкене бөбек – Қандай қиындық болды, оны жеңе алдым ба?

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау

.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу