Туризмді дамыту жолындағы проблемалар. Қазақ тілі, 8 сынып, қосымша ресурс. 3 сабақ.
Мұғалімге мәтін туралы қосымша ақпарат
Мәтіннің (формасы) нысаны төртке бөлінеді.
- Тұтас мәтін (көркем әдебиет мәтіндері, репортаж, өлең, пьеса, мақала, есеп, жұлдыз жорамал, техникалық мәтін, заң, ғылыми негіздемелер, нұсқау).
- Тұтас емес мәтін (графика, кесте, диаграмма, жарнама, сканворд, хабарландыру, карта, анкета, құттықтау, комментарий).
- Аралас мәтін (тұтас және тұтас емес мәтіндердің сипатын біріктіреді, авторлық веб-парақтар).
- Құрамдас мәтін (бір тақырып, бірақ әр автордың пікірі, ойы. Мысалы, аққу тақырыбына жазылған әрбір ақынның туындысы немесе әр газеттегі бірдей тақырыпқа жазылған материал және бірнеше тақырыпты қамтитын үзік-үзік мәтіндер).
Мәтіннің (типі) түрі 6 бөліктен тұрады.
- Сипаттау («не?» деген сұраққа жауап береді, ақпаратты көрсетеді, техникалық нұсқау)
- Баяндау (мазмұндау) (қандай? қашан? деген сұраққа жауап береді, роман, әңгіме, пьеса, өмірбаян, комикс, оқиға жайындағы газет есебі).
- Түсіндіру (мазмұндама) (жад үлгісін көрсететін диаграмма, онлайн- энциклопедия жазбасы).
- Дәлелдеу (аргументациялау) (редакторға хат, даулы тақырыпты шешу)
- Нұсқау (инстуркция) (қолданудың бағытын көрсетеді, мысалы, рецепт, басқа да нұсқаулар).
- Келісім (бір мақсатқа жетуге бағытталған мәтіндер, хаттар, электрондық хаттар, хабарламалар).
Үшінші компонент – аспект. Аспектінің өзі бес тармақтан тұрады.
- Ақпаратты іздеу (мәтіннен тірек сөздерді табу, кодты таңбалау)
- Кеңінен түсіну (мәтінге жоспар құру, тақырыпшаларға бөлу, ат қою, аннотация, тезис).
- Интерпретациялауды дамыту. Бұл оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін ерекше әдіс-тәсілдер арқылы логикалық ойлау дәрежесін дамыту, ықтимал жауап беруге құлшындыру.
- Мәтін мазмұнын көрсету және бағалау. Мұнда мәтін типтерінің қайсысына жататынын анықтау. Оқиғалы мәтін болса, композициялық құрылымына талдау жасалады.
- Мәтін формасын (нысанын) көрсету керек. Шығарманың жанрына тоқталу, автордың ойы мен идеясын, тақырыбын ашу, әдебиет теориясына талдау жұмысы жүргізіледі.
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?